
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
Солтүстік Кавказ-Ресейдің шеткі оңтүстігіндегі аудан.Бұл таңғажайып өлкеде ежелден-ақ көптеген халықтар қоныстанған.Олар әртүрлі тілдерде сөйлейді, мәдениеті мен тұрмысы жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.Ғасырларға ұласқан қарым-қатынас нәтижесінде әр тілді, бірақ бірегей Кавказ әлемі қалыптасты. «Дағыстан» атауы «таулар елі» деп тәржімаланады.Бірақ Дағыстан және «тілдердің тауы»:мұнда бағзыдан ғұмыр кешіп жатқан халықтар отызға жуық.Құмықтар мен ноғайлар түркі тобындағы тілдерде сөйлейді.Аварлар, лактар, дарғындар, қайтақтар және құбашындар,агулдер, рутулдар, цахурлар, лезгиндер сөйлейтін тілдер нах-дағыстандық тілдік тобына жатады.Таттар тілі-иран тобында, ол парсы тіліне жақын.Дағыстан халықтары ислам дініне мойынсұнған. Адыгейліктер, шеркестер, кабардиндер өздерін ортақ адыгэ немесе адыгтар деген есіммен атайды.Бұлар Солтүстік Кавказдың батыс бөлігінің жергілікті тұрғындары.Адыгтар тілі (кабардин-шеркес және адыгей ) абхаз-адыгей тобына жатады.Бұл халықтар-мұсылмандар.Шешендер мен ингуштар-Кавказдың байырғы тұрғындары, олар туралы ежелгі жылнамаларда мәліметтер бар.Бұл халықтардың тілдері, жоралғылары мен дәстүрлері өте жақын, олардың ортақ атауы-вайнахтар болғаны да кездейсоқ емес.Тілдері нах-дағыстандық тілдер тобына жатады.Шешендер мен ингуштар мұсылман дінінің шарттарын ұстанады.Осетиндер Кавказдың орталық бөлігін қоныстанған және Солтүстік пен Оңтүстік Осетияның негізгі тұрғындары санатында.Олар сақ-сармат тайпаларынан тарайтын аландардың ұрпағы.Осетін тілі үндіеуропалық тілдер тобының шығыс иран бөлігіне жатады.Осетиндердің көпшілігі-православ христиандары, қалғандары ислам дінін тұтынады.Қарашайлар мен балқарлар негізінен Қарашай-Шеркес және Кабардин-Балқар Республикасында тұрады.Олар бір халықтың құрамында және түркі тобының қарашай-балқар тілінде сөйлейді. Ноғайлар... Ноғайлар-Ресейдің байырғы тұрғындарының бірі.Олар түркі тобына жататын ноғай тілінде тілдеседі, ислам дінін ұстанады.Ноғайлар негізінен Солтүстік Кавказда – Ноғай даласында,сонымен қатар Кавказ Минерал Сулары ауданында, Қарашай-Шеркес пен Астрахан ауданында өмір сүреді.
42. Қытай халқының тарихи-мәдени ерекшелігін талдаңыз Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады. Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді.батысы мен солтүстікнде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген. Қытайлардың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып, олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдадыСолардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221 жылы өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрдыОлардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо (916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся (1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 жылы Қытайда Шыңғысханның немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 жылы Мин әулеті мемлекет билікті қолға алды. 1644 – 1911 жылы маньчжурлік Цин әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет қытайлар 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін бірікті. Қытайларды әлем халықтары әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna, мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды.