Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері

Эскимостар мен алеуттардың байырғы қоныстанған жері –Аляска. Эскимостар - (өзд. атауы – инпуит) – этникалық қауымдастық, АҚШ, Канада, Дания, Ресей мемлекеттерінің солт. аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 112 мың адам (2005). Антропол. жағынан үлкен моңғол нәсілінің арктик. (эскимостық) тобына жатады. Бірнеше тілдік этномәдени қауымдастықтан тұрады. Оны ғалымдар инупик және юпик топтарына бөлген. 18 ғ-да бірқатар топтары христиандықты қабылдағанымен, ұзақ уақытқа дейін дәстүрлі наным-сенімдерін сақтап келді. Этнос ретінде бұдан 5 мың жыл бұрын Беринг т. маңында қалыптаса бастады да кейіннен солт. жағалаулар бойынша батыс пен шығысқа қарай таралды. Сан ғасырлар бойы Арктикадағы өмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады. Эскимостардың морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді. Күмбез тәрізді баспаналары (иглу) қардан тұрғызылған. Тағамға ет, балық, теңіз омыртқасыздарын пайдаланады. 20 ғ-дағы күрделі үрдістерге сай Эскимостарөздері тұратын елдердің мәдениетін, тілін және тұрмысын қабылдап, ассимиляцияға ұшырай бастаған.Алеуттер (өз атауы унанган) — АҚШ-тың байырғы халықтарының бірі. Алеут аралдарында, Аляска түбегінде, соған жапсарлас аралдарда, Ресейге қарасты Командор аралдарында (550 адам) тұрады. Жалпы саны 6 мың (1996). Үлкен монғол нәсілінің арктикалық (эскимос) бұтағына жатады. Тілі алеут-эскимос шоғырын құрайды. Ағылшын, орыс тілдерінде сөйлейді. Ертеде Азиядан келіп қоныстанған. Орыс географтары 1747 ж. Алеут аралдарын ашқанда жергілікті тұрғындарға алеуттер атауын берген. 1867 ж. Алеут аралдары мен Аляска АҚШ-қа сатылды. Дәстүрлі шаруашылығы – теңіз хайуанаттарын (теңіз мысығы, сивуч, капан) аулау, балықшылық. Тастан, сүйектен еңбек құралдарын жасайды, көп ескекті байдаркалармен жүзеді. Ирокездермен туыстас. Ұлттық киімдері: парка – теңіз мысығы терісінен тігілген тұйық тон, кампейка – теңіз хайуандары ішегінен жасаған күрте, аяқ киімі – теңіз хайуанаттары терісінен тігілген – торбастар. Негізгі тамақтары: теңіз хайуанаттары, құс, балық еттері. Діні — аруаққа сену, шамандық. Қазіргі уақытта теңіз мысықтарын (күзен) асыраумен, мал өсірумен, бақша егумен айналысады.

38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз

Араб тайпаларының тарихи отаны- Аравия жартыаралы оның солтүстік шығыс бөлігі. Б.э.д ІІ мыңжылдықта арабтардың көшпелі бірлестігі батыстық семиттілдес тайпаларын және оңтүстіктің семит халықтарына дейінгі тайпаларын ассимилияцияға түсіре отырып, барлық жарты аралға тарады. V11-1Х ғғ. қауымдық ру қатынастарының интенсивті ыдырау кезеңінде араб тайпаларының біршама бөлігі Аравия жарты аралынан тыс тарап, бірқатар елдерді оның ішінде Аравиямен шектес Сирия, Палестина, Иракты басып алды. Күшпен құрылған Арабтардың үлкен державасы –халифат ұзақ өмір сүре алған жоқ. Х ғ. басып алған жердің халықтарының азаттық күресі және халифаттың кейбір бөлігінің феодалдық ыдыраушылығы тәуелсіз сипат ала бастады. Бірақ Алдыңғы Азиядағы араб жерлерінің біршама бөлігі Фатимед халифатында ал кейін селжук және мамлюк мемлекеті құрамында қалды. ХV1ғ-да араб елдерінің бір бөлігін түрк-османдар басып алып, Осман империясына құрамына кіріп, бірінші дүние жүзілік соғысқа д/н түрік игасында болды.АА араб халықтары тарихи және этникалық сондай –ақ экономикалық және саяси мүдде жағынан да байланысты. Арабтар барлық араб халықтары үшін бір тілде сөйлейді. Тіл және мәдениеті ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]