Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз

Латвия — Балтиядағы өнеркәсібі жағынан ең дамыған ел. Ол теңізге шығар жолын сауда мен балық аулау үшін пайдаланады.

Латвия — ойпаттағы ел. Оның аумағынынң 98%-ы теңіз деңгейінен 200 м-ден жоғары көтерілмейді. Шығысында Беларусь және Ресеймен, солтүстігінде Эстониямен, Оңтүстігінде Литвамен шектеседі. Солтүстік-батыстағы жағалау сызықтарының бір бөлігі бұралаңдай отырып, Рига шығанағын құрайды. Ол Балтық теңізінен ірі эстон аралы — Сааремаа және Моонзунд топаралының басқа аралдары арқылы бөлінген. Рига шығанағының қолайлы жылы аймағында ең ірі порт әрі Латвия астанасы — Рига қаласы орналасқан. Батыс жағалауында басқа маңызды порттар Вентспилс пен қатпайтын Лиепая орналасқан. Латвия арқылы тек 17-сінің ғана ұзындығы 90 км-ден ағатын мыңдаған бұлақтар мен шағын өзендер ағып өтеді. Литван тілі тілдердің үндіеуропалық семьясының балтық тобына жатады. 2 негізгі диалект ерекшеленеді: жямайттық және аукштайттық. Литван тілі тірі үндіеуропалық тілдердің басқаларына қарағанда фонетика мен морфологиядағы ежелгі белгілерін жақсы сақтап қалған. Жазу латын графикасының негізінде 16 ғасырда пайда болды. Алғашқы литван кітабы – М. Мажвидастың Катехизисі (1547 ж.). Біртұтас әдеби тіл батыс аукштайттық диалектінің негізінде 19 ғ. аяғы-20 ғ. басында қалыптасты. Діни нанымдары – негізінен католиктер. Үлкен европеоидтық нәсілдің беломор-балтық нәсіліне жатады. Литвалық фольклор бай және әр алуан: дайна-әндер; ертегілер, көптеген этиологиялық аңыздар, ежелгі мифтердің жұрнақтары (жай атқыш Перкунас туралы және т.б.).

35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз

Сібірдің тұрғылықты халықтары – буряттарякуттартувалархакастар және алтайлықтар. Аталмыш үлкен халықтармен қатар Сібірде шағын ұлыстар да тұрмыс кешіп жатыр:ненецтерэвендеркеттер. Олардың ана тілдері орал және алтай тілдік топтарына жатады.

Буряттар - Сібірдегі саны басым жергілікті халық, жан басы жарты миллионнан асады. Олар Бурятия Республикасында, Үркіт аумағында және Байкал өлкесінде өмір сүреді. Байкалдың батысы мен шығысын жайлаған буряттардың арасында ұзақ уақыт бойы елеулі айырмашылық болып келген. Үркіт буряттары жартылай православтар, ал жартысы шамандықты ұстанатын және жер өңдеумен несібелерін айырған. Байкал буряттары Моңғолиядан келген буддизмді қабылдап, көшпелі мал шаруашылығын күнкөріске айналдырды.

Хакастар - Оңтүстік Сібірдегі түркі халықтарының бірі. Үлкен бөлігі Хакасия Республикасында өмір сүреді. Қазіргі кезге дейін жалғасқан хакастардың негізгі кәсібі аң шаруашылығы, жылқы мен қой бағу, дәнді дақылдар өсіру болып табылды. Алтайдың таулы жазығында бұрынырақ малшылар мен тайга аңшылары тайпасы өмір кешкен. Олардың салттары, мәдениеті және тілдері ұқсас болып келеді. XIX ғасыр ортасында бұл тайпалар бір халыққа -алтайлықтарға бірікті. Қазіргі алтайлықтар Алтай өңірінде және оған көршілес Кемеров аймағында тіршілік етеді.

Долғандар – Таймырда, сонымен қатар Якутия мен Эвенкияда өмір сүреді. Долғандар дербес халық ретінде XVIII-XIX ғғ., жекелеген якут және эвенкілік тайпалардың, сонымен бірге Таймырдағы орыс тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Долғандар бұғы өсірумен шұғылданды, бағалы аң терісін өндіреді, балық аулаумен айналысады.

Якуттар (сахалар) - Эвенкияда, Үркіт аймағында, Краснояр және Хабаров өлкелерінде тұрмыс кешеді. Бірақ негізінен олардың мекені біздің ғаламшардың тұруға болатын суық белдеуі орналасқан Якутияда (Саха Республикасы). Якуттардың дәстүрлі шаруашылығы – жылқы өсіру, мүйізді ірі қара мал бағу, аңшылық пен балықшылық.

36. Герман тілдері — Үндіеуропалық тілдер шоғырының бір тармағын құрайтын өзара туыстас тілдер тобы. Осы тілдердің ортақ «ата-тілі» — б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың орта бөлігінде солтүстік Еуропада қолданыста болған протогерман тілі. Протогерман тілі мен одан өрбіп шыққан тілдердің барлығына бірегей тілдік ерекшеліктер тән, солардың ішіндегі ең танымалы — Гримм заңы деген атпен белгілі дауыссыздардың өзгерісі. Солтүстік Еуропаны мекендеген герман тайпалары ІІ-ші ғасырдан бастап римдіктермен шекаралас аймақтарда қоныстана бастаған кезден бері герман тілдерінің ең алғашқы түрлері де тарихқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]