
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
Иранның негізгі халқы парсылар,олар өз мемлекетінің тұрғындарының 50пайызын құрайды.Б.з.д.мыңыншы жылдарда әр түрлі үндіеуропалық тілде сөйлеуші халықтар жаугершіліктің нәтижесінде бірлесіп,Мидия,Персия кейінірек,Бактрия,Парфия секілді бірнеше күшті мемлекеттер пайда болған.Орта ғасырдың кейінгі кезеңдерінде,осы мемлекеттің халықтарының өзара қарым-қатынастарының нәтижесінде отырықшы Иран тілдес парсылар,гилянцтер,мазандаранд,пуштундардың бір бөлігі,тәжік және көшпелі пуштундар ,курдтар,лурлар,бахгиарлар және қазіргі Иранның,Ауғанстанның тұрғындары келіп шыққан.
Ассирияның үстемдік еткен жерінде,б.з.д.ІІмыңыншы жалдары ең қуатты мемлекет пайда болды.Иранның батыс жағындағы Загрос таулы өлкесінде Мидия мемлекеті құрылды,оның астанасы қазіргі Хамадананың орнындағы Экбатон қаласы еді.Иран қыратындағы бұрынғы Ассирия патшалығының жері және Кіші Азияның жерлері Мидияға бағынады.Б.з.д.VI ғасырдың ортасында Иран қыратының оңтүстік-батысында Кир бастаған Персия мемлекеті құрылды.Тарихи қысқа мерзім ішінде,Кир бастаған Персия мемлекеті Мидияны,Кіші Азияны,Вавилонияны жаулап алып,Иранның солтүстігіндегі көршілестеріне жорық жасады. . 18 — 19 ғасырларда еур. өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы туындылар өмірге келді. 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. 20 ғасырдың басынан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі түрлері сақталған. Б.з.б. 550 ж. өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ. Ахемен әулеті). Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзеннен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасады (қ. Кир ІІ, Дарий І)
25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
Қойсан нәсілі Африканың оңтүстік шетін мекендеген.Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады.Бұларды жалпы халықтардың оңтүстік африкалық топтары деп атайды.Бушмендер жер шарындағы халықтардың ішіндегі антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар болып келеді.Мәселен,олар бұйра шашты,желбезекті мұрынды болу сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас.Ал кейбір белгілері бойынша монғолоидтарға да ұқсайды.Түстерінің сарылығы,көздерінің қиығы,еріндерінің негрлерге қарағанда жұқа болуы да соны меңзейді.Бушмендердің бойлары орташа 150см.болып келеді.Ал готтентоттар бушмендерден гөрі бойшаңдау.Бұлардың арасындағы айырмашылықтарға қарамай,оларды бір топқа жатқызады.Дегенмен олардың бірінен-бірінің өзгешелігі көбіне бушмендерді негізгі таза нәсілдік типке,ал готтентоттарды кейінгі түрге,яғни негрлермен араласудан болған түрге жатқызады.Қойсандық халықтар-бушмендер мен готтентоттар Африканың оңтүстігінде тұрады.Готтентоттардың экономикалық және қоғамдық құрылысы еуропалықтар келгенге дейін өте жоғары болған.Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты.Олардың малды күтетіні сондай,ауырған мал болмаса оны соймаған,қорек есебінде пайдаланбаған.Олардың құралдары темірмен ұшталған найза,садақ болып келді.Бұлар темірді өздері өңдеп,әрі өздері шығарып отырды.Готтентоттарға қарағанда бушмендердің тіршілік деңгейлері өте төмен.Бушмендерде де тайпалар этникалық жағынан бірігіп,әке жағынан жақындар топ-топ болып,бірлесіп өмір сүрді.Әлі де болса бушмендердің жартысындайы бұрынғы дәстүрлерді ұстанады.Бушмендердің діни сенімі табиғатпен тікелей байланысты.Аңшылар күнге,айға,жұлдызға және т.б. өздері сәтті аңшылыққа себепші затқа бас иеді.Ғылымда олардың жартастарға салған сурет өнері үлкен орын алады.