Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
158.24 Кб
Скачать

1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз

Этнология(этнография,халықтар туралы ғылым)-ғылым және пән ретінде бір жарым ғасырдан бері көртеген Азия жеріндегі университеттерде арнайы пән ретінде оқытылып келе жатыр.Этнология пәні тарих,жағырапия,әлеуметтік және көптеген факультеттерде оқытылады.Этнология гректің «этнос»-халық «графия»-жазу,үйрену деген екі сөзінен құралған.Өзінің мағынасы бойынша ,этнология-халықтардың қоғамдық құрылыстарын,олардың арғы тектерін,өзара қарым-қатынастарын,заттай және рухани мәдениеттерін зерттейтін ғылым.Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып,дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді және үйретеді.Этнографияның зерттейтін проблемаларының біреуі-мәдениет.Мәдениет-«егу,өңдеу,баптау» деген латын сөзінен шыққан атама.Жалпы мәдениетті екіге бөлуге болады:заттай және рухани.Адамдардың физикалық еңбек етуінің нәтижесінде жасалған бұйымдарды заттай мәдениетке жатқызамыз.Ал адамдардың ақыл-ой еңбегінің жемістерін рухани мәдениет дейміз.Этнография халықтарды зерттеп,олардың өздеріне ғана тән:тіліндегі,шаруашылығындағы,мәдениетіндегі және қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөледі.Халықтарды топтаудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі-тіл.Ол басты этникалық белгілердің бірі.Осы белгілерге қарай отырып,халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын,туысқандығын,әрі шығу тегінің жақыналыстығын,шаруашылық,мәдени ұқсастығын байқауға болады.

2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз

Американың түпкілікті халықтары көптеген тілдерде сөйлеген. Бірақ олардың тілдерін зерттеу кейінгі кездерден басталады. Тілдерді зерттеушілердің кейбіруелері үндістер екі мыңдай тіл семьяларында сөйлеген деген пікірлерді айтады. Солай болса да, мамандар үндістердің тілдерін зерттеп, оларды он бес тіл семьясына топтайды, олар: эскимос – алеут, атапас, алгонкин – вакаш, хока- сид, оңтүстік - ацтек, майя – соке, чипча, аршбак, кариб, туни – гуарани, кечу, аймара, араукаи, пуэльче.

Осы аттары аталған тіл семьясы түпкілікті халықтардың аттарымен аталған. Әрбір семья генеологиялық және морфологиялық жақтан ұқсастықтарына қарай отырып, тіл топтарына бөлінгендіктен, бір тіл семьясына бірнеше туысқан тайпалардың кіруі мүмкін. Осынша тілдердеп сөйлеген сан жағынан үлкенді – кішілі халықтар, хасырлар бойы өздерінің заттай және рухани мәдениетін қалыптастырған.

Америка жеріне қоныстанған көптеген тайпалардың шаруашылықтарын 10 үлкен топқа бөлуге болады: Арктиканың аңшылары мен балықшылары, орман аңшылары, Колифорнияның терімшілері мен аңшылары, Американың далалық аймақтарындағы аңшылары, солтүстік батыс жағалаудың үндістері, отты аралдардың тұрғындары, Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс егіншілері, Орталық және Оңтүстік Америкада құрылған мемлекеттер. Оңтүстік Американың басқа егінші халықтары.

Солтүстік Американың алгонкин және атапаскі тайпаларының тіршіліктері біраз зерттелген.олар аңшылар мен балықшылар тайпасы.Алгонкиндік және атапаскілік тайпалардың заттай мәдениетінің бірқатар ұқсастықтары бар.Олардың бәрі бұғы терісінен жасалған киім киген.Әйелдер киімі ерлер киімінен әлдеқайда ұзын болады.Бұл киімдерді көбіне таспамен тіккен.Бұғыдан басқа қоян терісі де пайдаланылған.Үндістер мереке кездерінде беттерін қызыл,қара бояулармен боянып алады. Алгонкиндер мен атапаскілер жаз кезінде күмбезденіп салынған үйде тұрады.Ал қыста ұзынша ғып,төбесін шатырлап жапқан төртбұрышты лашықтарда тұрады. Алгонкиндерде тотемдік сенім өрістеген.Олар өз тотемдеріне өздерінің тіршіліне қажетті аңдарын алып,барлық әдет-ғұрыптарын соған қарай ыңғайлайды.Қазірдің өзінде Лабрадор үндістері католик дінінде болса да,аю мерекесі сияқты әдет-ғұрыптарын әлі сақтап келеді.Атапаскілерде табиғатқа табыну дәстүрі дамыған.Бұған өздерін рух пен адамдар арасындағы дәнекер ретінде көрсететін шамандардың ықпалы болғаны сөзсіз.Атапаскілердің үлкен екі әдет-ғұрпын айтуға болады.Оның бірі-өлген адамның жылдығына арнап ас беру,екіншісі-бір айдан соң еске алу жиыны.Олар адам жанының о дүниедегі тіршілігіне сенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]