Қозғалтқыштық режим
Э
лектр
желісімен параллель жұмыс істеп тұрған
СГ-ды қозғалтқыштық режимге көшіру
үшін ЖҚ-тың моментін азайтады. θ
= 0 болғанда аралық режим орын алады.
Егер ЖҚ тоқтатып, валды жүктесек, онда
ротор айналмалы магнит өрісінен θ
бұрышқа кеш қалады (θ<0
).
Активті қуат таңбасын өзгертеді, ал
эл.маг. момент айналдырушы момент болады.
Бұл жағдайда статордың магнит өрісі
роторды жетектейді. Тежегіш момент
көбейгенде бұрыш θ
көбейеді,
бірақ ротордың айналу жиілігі тұрақты
болады, өзгермейді.
Синхронды
машинаны генераторлық режимнен
қозғалтқыштық режимге көшірудің мұндай
жолы практикада қолданбайды.
Реалды
жағдайда статордың орамалары үш фазалы
желіге, ал ротордың қоздырушы орамасын
тұрақты ток көзіне қосылса да ротор
айналмайды. Өйткені қозғалмай тұрған
ротордың инерциясы әсерінен оның магнит
полюстері статордың магнит өрісіне
ілесе алмайды. Сондықтан асинхронды
жүргізіп жіберу қолданылады. Бұл үшін
роторға орналасқан “ақтиіндік дөңгелек”
тәрізді арнаулы жүргізіп жіберу орамасы
қолданылады. Бірінші этапта қоздыру
орамасы кедергіге қосылған кезде
жүргізіп жіберу орамасы әсерінен
қозғалтқыш асинхронды қозғалтқыш
тәрізді үдей қозғалады да, синхронды
жиіліктің 95% жетеді. Сол кезде, екінші
этапта, қоздыру орамасы тұрақты ток
көзіне қосылады, одан әрі айналу жиілігі
синхронды жиілікке жетеді.
Синхронды генератордың сипаттамалары
Б
ос
жүріс сипаттамасы
Сыртқы
сипаттамасы
Р
еттеу
сипаттамасы