Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-8_lektsia_EMiTO.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
16.06 Mб
Скачать

Статорда айналмалы магнит өрісінің пайда болуы

Үш фазалы асинхронды қозғалтқышта фазалық орамалар статор кеңістігінде өзара 120 градусқа ығысып, орналасады. Олар үш фазалы симметриялы кернеулер жүйесіне қосылған кезде олардың бойымен фаза бойынша 120 градусқа ығысқан синусоидалы токтар жүреді:

Белгілі бір сәтте ток оң болса (суретте +), онда ток ораманың басқы ұшынан аяққы ұшына бағыталған деп есептейміз (мысалы, а-дан x – ке қарай). Ал ток осы сәтте теріс болса, онда ол ораманың аяққы ұшынан басқы ұшына бағыталған деп есептейміз (мысалы, у-тен b – ге қарай).

Ә р орама өзінің магнит өрісін тудырады, ал үш магнит өрісі қосылуы н әтижесінде статордың қорытынды магнит өрісі пайда болады. Бұл қорытынды магнит өрісі сипатын үш уақыт сәтіне ( ) қатысты анықтайық. Өткізгіште бізге қарай бағытталған токтың бағыты (·) белгілейміз, керісінше жағдайда (+). Болаттан ауалық саңылауға кірген жақта N полюс , ал ауалық саңылаудан болатқа кірген жақта S полюс пайда болады.

Үш уақыттық сәттерге сәйкес келетін қорытынды магнит өрісінің салыстыра отырып, мынадай тұжырымдама жасауға болады:

1.Қорытынды магнит өрісінің күштік сызықтары машинаның осіне қатысты бірқалыпты бір бағытта айналады, яғни үш фазалы статордың манит өрісі айналмалы болады;

2. Егер фазаның орамасы біреу болса, онда үш фазалы токтар жүйесі бір жұп полюсті магнит өрісін тудырады;

3.Қозғалмайтын орамалардағы ток өзгерген кезде магнит өрісінің сызықтарының конфигурация өзгермейді;

4. Қорытынды магнит өрісінің айналу бағытын өзгерту үшін орамалардағы токтардың реттік жүрісін (фазалардың берілу ретін ) өзгерту керек.

Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі

Статордың орамаларына үш фазалы кернеу берген кезде N-S полюстері бар айналмалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өрістің күштік сызықтары ротордың орамасын қиып өткен кезде орамада Э.Қ.К. пайда болады. Э.Қ.К.-нің бағыты “оң қол” ережесімен анықталады. Пайда болған Э.Қ.К.- тің әсерінен тұйық контурдың бойымен ток жүреді.

Ал айнымалы магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке электромагниттік күш әсер ететіні белгілі. Бұл күштің бағыты “сол қол” ережесі бойынша анықталады.

Суреттегі жоғарғы өткізгішке оңға қарай, төменгі өткізгішке солға қарай итермелейтін күштер әсер етеді, яғни қозғалмай тұрған роторды магнит өрісінің айналу бағыты бойынша айналдыруға тырысатын электромагниттік момент пайда болады. Бұл момент мәне валды тежеуші момент үлкен болған кезде, ротордың айналу жылдамдығы артады.

Өндірістік механизмдердің тежегіш моментін теңгеретін электромагниттік момент тудыруға жеткілікті орамамен ток жүрген кезде ротор тұрақты жиілікпен айналады.

Қорытынды: Кеңістікте статор мен ротордың магнит өрістері бір бағытта әр түрлі жиілікпен айналады: ротордың айналу жиілігі әр кезде статордың магнит өрісінің айналу жиілігінен кем болады.

Е гер болса, онда статордың магнит өрісінің күштік сызықтары ротордың орамасын қиып өтпейді, демек, онда Э.Қ.К. (ток) пайда болмайды. Бұл жағдайда роторды айналдыратын электромагниттік пайда болмайды. Сырғанау деп аталатын параметр қолданылады:

бұдан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]