
- •Айнымалы ток машиналарының электромеханикалық қасиеттері
- •Асинхронды машинаның құрылымы
- •Статорда айналмалы магнит өрісінің пайда болуы
- •Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі
- •Статордың көп полюсті айналмалы магнит өрісі
- •Синхронды машиналардың жұмыс істеу принципі
- •Қозғалтқыштық режим
- •Синхронды генератордың сипаттамалары
vty7-8 дәріс
Айнымалы ток машиналарының электромеханикалық қасиеттері
Айнымалы ток машиналары арасынан өндірісте кең тарағаны - асинхронды және синхронды машиналар.
Б
ұл
машиналар қозғалмайтын бөлік - статордан
және айналатын бөлік - ротордан тұрады,
ал жұмыс істеу принципі айналмалы магнит
өрісін қолдануға негізделген. Асинхронды
машиналарда ротордың айналу жиілігі
статордың магнит өрісінің айналу
жиілігінен өзгеше болады, яғни
Асинхронды машинаны 1888 жылы орыс ғалымы М. И. Доливо-Добровольский ойлап тапқан. Бұл машинаның артықшылығы - құрылымы қарапайым,арзан, жұмыс істеу сенімділігі жоғары.
Асинхронды машинаның құрылымы
Статордың құрамына барлық айналмайтын бөліктер кіреді. Олардың негізгілері – корпус 1, өзекше 2 және орама.
Корпус кұймалы алюминийден немесе шойыннан, ал қуатты машиналар үшін болаттан жасайды. Өзекшені екі жағы лакталған электротехникалық болат қаңылтырлардың (0,35-0,5 мм) жиынынан құрайды.
Өзекшенің ішкі өнбойлық ойықтарына (паздарына) ораманың мыс сымнан жасалған өткізгіштері орналасады. Ораманың негізгі элементі – бір (а) немесе бірнеше орамадан (б) тұратын секция. Өзекшенің ойығына
Бір секцияның активті қабырғылары салынса, онда орама бір қабатты деп, ал екі секцияның қабырғылары салынса, онда орама екі қабатты (в) деп аталады
Параметрлер:
1
.
Полюстік бөліну τ
- бір полюске қатысты статордың
шеңберінің ұзындығы, ол ойық санымен
есептеледі:
z – өзекшедегі ойықтар саны; р – жұп полюстер саны.
2
.
Ораманың қадамы у
– секцияның активті қабырғалары
арасындағы статордың шеңбері
бойынша қашықтық, ол ойық санымен
есептеледі.
3. Бір полюс және фазаға қатысты ойық саны q
m – фаза саны
4. Көрші ойықтар арасындағы бұрыш α:
5. Фазалардың орамаларының арасындағы ығысу λ, (ойық санымен):
Секциялар өзара жалғанып, фазалардың орамаларын құрайды. Бір ораманың орамдарының қабырғалары өзекшенің қарама-қарсы ойықтарына (паздарына) орналасады.
Б
ір
фазаға қатысты орама біреу болса, онда
ол статордың 1/3
орналасады.
Магнит ағынының осіне перпендикуляр және статор мен роторды екі бөлікке бөлетін жазықтық нейтраль деп аталады. Бір бөлікте солтүстік магниттік полюс, ал екінші бөлікте оңтүстік полюс орналасады.
Фазалардың орамалары өзара “ жұлдызша” және “үшбұрыш ” сұлбасы бойынша жалғанады.
Үш фазалы жүйенің орамаларын статордың кеңістігінде өзара белгілі бір бұрыш (120 немесе 60 градус) бойынша ығыстырып, орналастырады. Сол арқылы магнит өрісінің айналу жиілігін өзгертуге болады.
Ротор екі түрлі болады: қысқаша тұйықталған ротор және фазалы ротор.
Ротордың өзекшесі білікке (валға) бекітілген цилиндр пішінді электротехникалық болат қаңылтырлардан жинақталып, құралады. Қысқаша тұйықталған ротордың өзекшесінің ойықтарына қысқаша тұйықталған ораманың өткізгіштері орналасқан, ал олардың ұштары мыс сақиналар арқылы өзара жалғасқан. Бұндай орама цилиндрлік тор тәріздес, “ақтиін дөңгелегі ” деп аталады.
Фазалы ротордың орамалары статордың орамаларындай “ жұлдызша” сұлбасы бойынша жалғанған. Олардың басқы және аяққы ұштары білікке орнатылған, өзара электрлік оқшауланған контактылық сақиналарға жалғанған. Бұл сақиналармен түйіскен сырғымалы щеткалар арқылы ротордың орамалары реостатпен жалғасады. Реостат арқылы айналу жиілігін реттейді және қозғалтқышты жүргізіп жіберу жағдайын жақсартады