
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
- •Азаматтық құқық объектісі,түрі
- •Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі, түрі
- •Aзаматтың құқықтың қайнар көздері
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.
- •Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •10) Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
- •Жәрдемақы түсінігі
- •Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару
- •Жер ресурстарын басқару
- •Қазақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
- •Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты.
- •Құқықтық мәртебенін түрлері
- •Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
- •Қазақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
- •Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері
- •Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты
- •Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық құқық міндеті, қағидасы
- •Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
- •Жазаның түрлері
- •Қылмыстың құрамы
- •Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны.
- •Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- •Мемлекеттің функциясы
- •Мемлекет ұғымы мен белгілері
- •Мемлекеттің п.Б.Тур теориялар
- •Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері
- •Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- •Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
- •Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары.
- •Экологиялық құқығының объектілері.
Жер ресурстарын басқару
Республикада мемлекеттік жер кадастры тік және көлденең құрылыммен бірегей, бүтін, көп деңгейлі жүйе ретінде кезең – кезеңмен жүзеге асырылады.
Республиканың жер ресурстарын кешенді автоматтандыру процесінің Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізілуі мен басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында, ГАЖ технологияның негізінде, 2002-2007 жылдар аралығына бюджеттік 600- бағдарлама «МЖК автоматтандыру ақпараттық жүйесін құру» жүзеге асырылуда ( МЖКААЖ).
МЖКААЖ үш деңгейлі аумақтық – орналастыру құрылымы түрінде жасалып, онда сегменттер мемлекеттік жер кадастрын республикалық, облыстық (республикалық мәнді қалаларда, Астанада ) және аудандық
(облыстық мәнді қалаларда) деңгейдегі мамандандырылған мемлекеттік республикалық кәсіпорындар құрамына сәйкес таратылады.
МЖКААЖ құрылымы келесі негізгі функционалдық жүйе тармақтарына бөлінеді:
Кадастрлық есепке алу нысандарын қалыптастырудың жүйе тармақтары;
Мемлекеттік кадастрлық есепке алу және Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін (БМЖТ) жүргізудің жүйе тармақтары;
Аумақтық аймақтарды қалыптастыру және есепке алудың жүйе тармақтары;
Салық салу мақсаттарына арналған мемлекеттік кадастрлық жер бағасының жүйе тармақтары;
Ақпараттық – талдаудың жүйе тармақтары;
Ведомствоаралық өзара іс – қимыл жасасуды басқарудың жүйе тармақтары,
Іс – жүргізудің жүйе тармақтары;
Қазіргі уақытта қағаз түріндегі жеткізушілермен МЖК жүргізудің материалдық - техникалық базасы іс жүзінде құрылды, 2007 жылға дейін республиканың барлық аумақтары бойынша оны ААЖ кезең – кезеңмен енгізу процесі жүргізілуде. Республикалық, облыстық деңгейдегі кадастрлық орталықтар қарастырылды, ал аудандық деңгейде құрылуда, олар бірегей технологиялық циклге біріктірілді.
Қазіргі уақытта МЖКААЖ мәліметтері «Жылжымайтын мүлікті тіркеу», «Мекен – жай тізілімі», сонымен қатар, «электрондық үкімет» аясындағы мемлекеттік базаларында құрылған Салық комитетінің СТТЖСО ақпараттық жүйесінде қолданылуда.
Болашағы бар технологиялар ( жерді ғарыш серігі арқылы межелеу, жерді қашықтықтан аймаққа бөлу, ГАЖ пайдалану, интернет технологиялары) енгізілуде.
Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлықнысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі.
Пәні: жерді пайдалану, қорғау, қорларын басқару, меншіктік құқықтарды бекіту барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жүйесі: жалпы және ерекше бөлім. Жалпы: жер құқығының негізгі ережелерін, қағидаттарын: жерге меншік құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік және басқа мүліктік құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады.
Ерекше бөлім: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдык елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері;
7) босалқы жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді.
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала;
4) шөлейтті; 5) шөлді; 6) тау етегі-шөлді-далалық; 7) субтропикалык шөлді; 8) субтропикалық-тау етегі-шөлді; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстік-сібір таулы аймақтар.
Жер құқығының негізгі қағидаттары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; 2) жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халкының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау; 3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 5) жерді нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы; 7) жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жерді ақылы пайдалану.
З
Заңды тұлға ұғымы
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. 2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері Құқық теориясында заңи жауаптылықтың түсiнiгiмен байланысты мәселе пiкiр таласты болып табылады. Ол туралы көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар. Жалпы алғанда, заңи жауаптылық түсiнiгiнiң ең көп таралған екi нұсқасы туралы айтуға болады. Заңи жауаптылық – бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi. Заңи жауаптылық – бұл жасалған құқықбұзушылық үшiн кiнәлi тұлғаның жеке және мүлiктiк сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттiк күштеу шараса. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату). Заңды жауапкершіліктің белгілері: - оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады; -мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді; -арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады; -жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты; - жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады; -іс жүргізушілік нысанда жүктеледі; - тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды. Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
К
Конституцияның ұғымы мен мәні
Конституция-жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң. «Конст-я» сөзі лат.тілінен аударғанда “мекеме” дегенді білдіреді. Конст-ы түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгертулер мен түзетулер енгізу жағдайына байл.қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конст-лар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқ. н/е арнаулы конст-қ іс-шаралар жолымен қабылданады. Өзгермелі конст-р қатардағы заңдарды қабылдау тәрібімен жүзеге асырылады ж/е өзгертіледі.Формасы б-ша конст-лар жазылған ж/е жазылмаған б.бөл-і.Жазылғандар бірыңғай нормативтік құқықтық акт түрінде б-ы.Жазылмағандар конст-қ сипаттағы бірқатар жүйеленбеген актілер, соттық прециденттей,құқ-қ ғұрыптар.Конст-ң болуы заңдылықтың,құқық тәртібінің ж/е билік инст-ң тұрақтылығының міндетті шарты.Конст-я озіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғ.заң күшіне,түзетушілер қабылдау мен енгізуінің ерекше тәртібіне ие. Конс-я қоғамда пайда болған күрделі қатынастарды реттейді.Ол барлық салаларды қамтиды: экон-қ,саяси,әлеум-к және рухани.
Конституция дегеніміз не? Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, ор- наластыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы. Ғылыми, са- яси, құқықтық тұрғыда Конституция материал-дық, нысандық мағынада өзіндік мән-маңызға ие. Материалдық мағы- нада. Конституция ма-териалдық мағынада – ең бірінші, елдегі адам- ның, азаматтың жеке құ- қықтары мен бостанды-ғын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылым-ның нысандарын, жергі- лікті, орталық билік ор-гандарының негіздерін, құзіреті мен өзара қа-рым-қатынастарын, мем- лекеттің рәміздерін, ас-танасын айқындайды, осылардың бәрі жөнін- дегі өкімдік акт, актілер- дің немесе конституция-лық рәсімдердің жиын-тығы болып саналады. Нысандық мағына-да. Конституция нысан-дық мағынада – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жү- зінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – консти-туциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік билік-тің қатынастарын мем-лекеттік – құқықтық рет- теу негіздері ресми түр- де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекет-тіліктің маңызды белгісі.
ТүрлеріФормасына қарай конституция – жазылған және жазылмаған деп, сондай-ақ өзгерістер енгізу тәсіліне қарай икемді және қатаң болып бөлінеді. Конституцияны айқындауға тиісті мәселелер жекелеген бірнеше заңнамалық актімен реттелетін болса, ол сараланбаған конституция болып табылады. Ал сараланған конституция – конституциялық сипаттағы барлық негізгі мәселені реттейтін бірыңғай құқықтық акт. Сараланбаған конституциялары қабылданған елдер қатарына Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Израиль мемлекеттерін жатқызуға болады. Конституциялар қабылдану тәсілі жағынан сыйланған, халықтық болып жіктеледі. Сыйға тартылған конституцияның мысалы ретінде Ресей императорының 1906 жылы қабылдаған актісін айтуға болады. Ал халықтық конституция референдум, парламент, жоғары орган, құрылтай жиналысы, конституциялық жиналыс арқылы қабылдануы мүмкін. Қазіргі уақатта Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархиялық елдерде (Сауд Арабиясында, Оманда) конституция жоқ, оның орнына қасиетті «Құран» кітабы қолданылады. Болжамды қолданылу мерзіміне қарай конституция тұрақты және уақытша конституцияларға бөлінеді. Тұрақты конституцияда алдын ала оның қолданылу мерзімі көрсетілмейді. Ал уақытша конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын кезеңде қабылданады. Уақытша конституция құрылтай жиналысын шақырмай-ақ немесе референдум өткізбей-ақ қабылдана береді. Ондай жағдай 1991 жылы – Таиландта және 1985 жылы Суданда болған. Сол сияқты Оңтүстік Африка Республикасында 1994 жылы уақытша конституция кабылданып, кейіннен бұл 1996 жылы тұрақты конституцияға алмастырылған.
Қ
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады.
Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді.