
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
- •Азаматтық құқық объектісі,түрі
- •Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі, түрі
- •Aзаматтың құқықтың қайнар көздері
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.
- •Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •10) Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
- •Жәрдемақы түсінігі
- •Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару
- •Жер ресурстарын басқару
- •Қазақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
- •Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты.
- •Құқықтық мәртебенін түрлері
- •Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
- •Қазақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
- •Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері
- •Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты
- •Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық құқық міндеті, қағидасы
- •Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
- •Жазаның түрлері
- •Қылмыстың құрамы
- •Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны.
- •Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- •Мемлекеттің функциясы
- •Мемлекет ұғымы мен белгілері
- •Мемлекеттің п.Б.Тур теориялар
- •Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері
- •Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- •Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
- •Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары.
- •Экологиялық құқығының объектілері.
Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;
Жеке еңбек шартының мазмұны 1. Жеке еңбек шартында: 1)тараптардың реквизиттерi: жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты; жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке қодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН); 2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 3) жеке еңбек шартының мерзiмi; 4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн; 5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар; 6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi; 7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары; 8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi 1. Жеке еңбек шарты: 1) мерзiмiнің бiтуi бойынша; 2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн. 2. Жеке еңбек шарты: 1) тараптардың келiсiмi бойынша; 2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша; 3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн.
Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері. Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.
Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.
Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.
Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.
Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты.
Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі