Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Қылмыстың құрамы

Қылмыстың құрамы деп-қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді  айтамыз. Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай төрт түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны.

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерiнiң нақты бағыттары болады. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық-нормативтiк актілер жүйесін қалыптастырады.

Міне, осы бiрлестiкпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.

Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазiргi кезеңде, болашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдiс-тәсiлдерiн зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерiнiң даму процесінде болған жақсы тәжiрибелердi жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады. Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өмiрдегi құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мән-маңызы, құрылымы және мақсаты.

Бұл түсiндiрме үш тараудан тұрады:

– Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары;

– Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;

– Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты;

М

Mемлекеттің тарихи типтері

Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің

  • құлиеленушілік,

  • феодалдық және

  • буржуазиялық түрлері анықталған.

Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдарқандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардыңпомещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]