Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_alfavit.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

  • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

  • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;

г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;

ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері

Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

  1. Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

  2. Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

  3. Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

  4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

  5. Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]