
- •2. И 19. Шашыраған жұлдыздық шоғырлануларды қарастырыңыз.
- •3. И 19. Шартәріздес жұлдыздық шоғырлануларды қарастырыңыз.
- •4.И 5. Спектр – жарықтылық (Герцшпрунг-Рэссел) диаграммасы.
- •6. И 18. Галактикалар, олардың түрлерi мен шиыршықты галактикалардың қасиеттерi
- •7. Эллипстік галактикаларды қарастырыңыз.
- •8. Линзатəріздес пен бұрыс галактикаларды қарастырыңыз.
- •11. Радиогалактикалар. Квазарлар
- •12. Сейферттік галактикалар. Лацертидтерді қарастырыңыз.
- •14. Галактикалар топтары мен шоғырланулары
- •16.Галактиканың белсенді ядрларының белгілері
- •17.Абсолют қара дене, оның сәулеленуінің қасиеттерін талқылаңыз.
- •20. И 37. Галактикалардың белсенді ядролары.
- •21. Планк формуласы.Стефан-Больцман заңы. Виннің ығысу заңы.
- •24. Абсолют жұлдыздық шама.
- •25. Жұлдыздардың спектрлік классификациясы
- •33. И 39. Орта қозғалысын қарастырудың Эйлер жəне Лагранж тəсілдері
- •35. И 40. Фазалық кеңістік
- •36. И 38. Больцманның соқтығусыз теңдеуі
- •41. Соқтығулар бар болғандағы Больцман теңдеуі
- •44. Фоккер-Планк теңдеуі.
- •45. Ланжевен теңдеуі
- •46. Лиувилль теңдеуі
- •48. Жұлдыздық жүйелердің релаксациясы
- •50.Қосарланған жұлдыздардың пайда болуы мен шоғырлану ядро коллапсының тоқтауын талқылаңыз.
- •52. Жұлдыздар булануы
- •53. Галактикалардың шиыршықты құрылымының табиғаты
14. Галактикалар топтары мен шоғырланулары
Галактикалар да Əлемдегі ең ірі құрылымдар болып табылмайды екен. Жұлдыздар сияқты, галактикалар да бірнеше мүшеден (галактика топтары) жүздеген жəне мындаған мүшені (галактика шоғырланулары) кіргізетін құрылымдарды түзеді. Мысалы, біздің Галактика Андромеда тұмандығымен жəне 30 жуық кіші галактикалармен бірге галактикалардың Жергілікті тобын құрайды, оның өлшемі ~0,8 Мпк. Ең жақын көршілес галактикалар топтары Жергілікті топтан 2-5 мпк қашықтықта орналасқан. Біздің Галактикадан 10-20 Мпк көп емес қашықтықта ондаған мұндай топ табылған.
Бізге ең жақын галактикалардың ірі шоғырлануы Бикеш шоқжұлдызында, бізден 20 Мпк жуық қашықтықта орналасқан. Оған 7 алып эллипстік жəне 10 зеңгір шиыршықты галактика кіреді. Оған кіретін жарқырауы жоғары жəне орташа галактикалардың жалпы саны 200 жуық, олардың шамамаен үштен бір бөлігі – эллипстік жіне линзатəрізді, қалғандары – шиыршықтылар (бұл осы шоғырланудың ерекшелігі, басқа шоғырлануларда əдетте эллипстік пен линзатəрізді галактикалар басым болады, ал шиыршықты галактикалар өте аз болады). Бикештегі шоғырлану одан да ірі галактикалар жүйесінің орталық қоюлануы болып табылады екен. Ол галактикалардың Жергілікті тобы мен оның көршілерін де кіргізеді жəне Жергілікті асашоғырлану деп аталады. Одағы галактикалардың жалпы саны 20000 жуық (ергежейлілерді еске алмағанда), диаметрі 60 Мпк жуық. Галактикалардың ондаған ірі шоғырланулардан құрылған басқа да ондаған асашоғырланулар табылды, бірақ олармен қатар жеке де, деңгейі жоғары ұжымдарға кірмейтін галактикалар шоғырланулары болады.
15.
Асашоғырлануларда галактикалар біртексіз орналасқан екен: олар іштерінде галактикалар өте аз болатын ұяшықтар шекаралары бойымен жиналғандықтай болады (яғни созылыңқы асашоғырланулар бір бірімен қиылысып, ұяшықтар қабырғаларын тізетіндей болады). Сөйтіп, қазіргі заманғы түсініктер бойынша, Əлемге ұялы, кеуекті құрылым тəн (сурет). Ал ұяшықтардан ірі құрылымдар Əлемде жоқ екен, яғни оларда Əлем құрылымдарының иерархиясы үзіледі. Ұяшықтар өлшемінен көп масштабтарда қарастырылатын Əлем құрылымсыз болып табылады. Сонымен, үлкен емес масштабтарда, мысалы Күн жүйе, немесе галактикалар масштабтарында, өте бірқалыпсыз үлестірілген, бірақ асашоғырланулар өлшемдерінен көп масштабтарда зат бірқалыпты улестірілген деп айтуға болады. Сөйтіп, Əлемнің ірімасштабты құрылымында ерекше, бір нəрсемен айырылатын орындар мен бағыттар жоқ болады, яғни ірі масштабтарда Əлем біртекті жəне изотропты болып табылады. Əлем құрылымының моделі ретінде кеуешек кесегін алуға болады: аз көлемінде ол өте біртексіз, ал тұтастай алғанда, ол біртекті жіне изотропты болып табылады.
16.Галактиканың белсенді ядрларының белгілері
1.Қалыпты галактикаларға қарағанда әлдеқайда кең аралықтағы электромагниттік сәулеленуі. Радиоаралықтан бастап қатаң гаммаға дейін болады.
2.Жалтырау мен жарқыраудың айнымалылығы, бұл өзгеріс рентгендік аралықта. 10 мин бастап периодпен, ал оптикалық пен радиоаралықта 10 жылға дейін периодпен болады.
3.Ядро ішіндегі ыстық газдың өте жоғары жылдамдықтармен қозғалысын көрсететін спектрдің ерекшеліктері байқалады. (Доплер эффекті.)
4.Марфологиялық ерекшеліктер ‘ыстық дақтар мен лақтырылып шығарылуларбақыланады’.
5.оның ішінде күшті магнит өрісі барын көрсететін сәулелену поляризациясының жоғары дәрежесін көрсететін спектрдің болуы.Ерекшеліктері спектрде бақыланады.