
- •2. И 19. Шашыраған жұлдыздық шоғырлануларды қарастырыңыз.
- •3. И 19. Шартәріздес жұлдыздық шоғырлануларды қарастырыңыз.
- •4.И 5. Спектр – жарықтылық (Герцшпрунг-Рэссел) диаграммасы.
- •6. И 18. Галактикалар, олардың түрлерi мен шиыршықты галактикалардың қасиеттерi
- •7. Эллипстік галактикаларды қарастырыңыз.
- •8. Линзатəріздес пен бұрыс галактикаларды қарастырыңыз.
- •11. Радиогалактикалар. Квазарлар
- •12. Сейферттік галактикалар. Лацертидтерді қарастырыңыз.
- •14. Галактикалар топтары мен шоғырланулары
- •16.Галактиканың белсенді ядрларының белгілері
- •17.Абсолют қара дене, оның сәулеленуінің қасиеттерін талқылаңыз.
- •20. И 37. Галактикалардың белсенді ядролары.
- •21. Планк формуласы.Стефан-Больцман заңы. Виннің ығысу заңы.
- •24. Абсолют жұлдыздық шама.
- •25. Жұлдыздардың спектрлік классификациясы
- •33. И 39. Орта қозғалысын қарастырудың Эйлер жəне Лагранж тəсілдері
- •35. И 40. Фазалық кеңістік
- •36. И 38. Больцманның соқтығусыз теңдеуі
- •41. Соқтығулар бар болғандағы Больцман теңдеуі
- •44. Фоккер-Планк теңдеуі.
- •45. Ланжевен теңдеуі
- •46. Лиувилль теңдеуі
- •48. Жұлдыздық жүйелердің релаксациясы
- •50.Қосарланған жұлдыздардың пайда болуы мен шоғырлану ядро коллапсының тоқтауын талқылаңыз.
- •52. Жұлдыздар булануы
- •53. Галактикалардың шиыршықты құрылымының табиғаты
7. Эллипстік галактикаларды қарастырыңыз.
Əлемде жұлдыз шоғырлануларынан да əлде-қайда ірі, шоғырлануларды өзіне кіргізетін құрылымдар бар екені сіздерге жақсы белгілі - жұлдыздар галактикалар деп аталатын жүздеген миллиардқа дейін жұлдызды кіргізетін алып жүйелерді құрайды.
Айсыз күзгі түнде барлық аспан арқылы өтетін Құс жолының жарық жолағы жақсы көрінеді. Оған телескоп арқылы қарағанда, ол көптеген жұлдыздардан тұратынын көруге болады. Барлық бұл жұлдыздар Галактика деп аталатын алып жұлдыздық жүйені құрайды. Аспанда құралсыз көзбен көрінетін жұлдыздардың бəрі де біздің Галактика құрамына кіреді. Жалпы, біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан кем емес. Жеке жұлдыздар мен олардың серіктерінен (планеталардан) басқа, Галактика құрамында қос жəне еселі жұлдыздар, сондай-ақ тартылыс күштерімен байланыстырылған, кеңістікте біртұтас қозғалатын, бірнеше ондықтан бірнеше миллионға дейін жұлдызды кіргізетін жұлдыздық шоғырланулар бар (олар туралы жоғарыда айтылды). Сонымен қатар, Галактика құрамына газ-тозаңды тұмандықтар, жұлдызаралық газ бен тозаң, магнит өрістері, ғарыштық сəулелену кіреді.
20-ші ғасырдың басында телескоптар көмегімен көрінетін тұманды дақтардың кейбіреулері біздің Галактика сияқты миллиардтаған жұлдыздан тұратын басқа галактикалар болып табылатыны дəлелденді. Оларға дейінгі қашықтық орасан жоғары болғандықтан, құралсыз көзбен олар ішіндегі тек үшеуі жалтырауы шамалы дақтар ретінде көрінеді. Ал қазіргі заманғы телескоптар көмегімен миллиардтаған галактикаларды бақылауға болады екен.
Галактикалардың пішіндері өте əртүрлі болады, бірақ олардың негізгі сыртқы белгілеріне сүйеніп, оларды бірнеше түрге бөледі. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша, галактикаладрың 4 түрін айырады.
Зерттелген галактикалардың шамамен 25% жұмыр немесе эллипс тəрізді болады, оларды эллипстік деп атайды. Бұл галактикалар құрылымы, жұлдыздық құрамы жəне ішкі қозғалыстардың сипаты бойынша ең қарапайым болып табылады. Олардың беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай біртіндеп, кенет өзгеріссіз азаяды. Олар құрамындағы ең жарық жұлдыздар – қызыл алыптар, жарқырауы жоғары жұлдыздар (асаалыптар) олар ішінде жоқ болады. Жұлдыздар бұл галактикалар ішіде кез-келген бағыттарда жоғары (≈200 км/с) жылдамдықтармен қозғалады екен. Эллипстік галактилардың жарқырауы мен массасы кең аралықта өзгереді: ~1038-1045 эрг/с жəне 105-1013 МКүн сəйкесінше.
8. Линзатəріздес пен бұрыс галактикаларды қарастырыңыз.
Зерттелген галактикалардың шамамен 20% линзатəрізді болып табылады. Олар эллипстік пен шиыршықты галактикалар ортасында аралық орынды алады: олардың пішіні эллипсоид тəрізді болады, ал беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай сатылы түрде өзгереді. Мұндай галактикаларда ядроны, «линзаны» жəне «жиекті» айырады. Линзаның сыртқы бөліктерінде кейде шиыршықты тармақтардың «ұрықтары», маңдайшалар жəне сыртқы жарық сақина көрінеді.
Галактикалардың қалған 5% дұрыс емес галактикалар болып табылады. Мұндай галактикалардың дұрыс (симметриялы) пішіні əдетте жоқ болады. Жалпы айтқанда, бұл топқа жоғарыда айтылған топтың үшеуіне де жатпайтын барлық галактикаларды шартты түрде кіргізеді. Мысалы, пекулярлы (яғни ерекше, əр қайсысының пішіні өзгеше, қайталанбас болатын) галактикаларды да, оның ішінде əсерлесетін галактикаларды, əдетте дұрыс емес галактикаларға жатқызады (кейде оларды жеке топқа бөледі). Дұрыс емес галактикалардың жарқырауы ≤~1043 эрг/с, ал массалары ≤1010 МКүн болады.