
- •1. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?
- •5. Электронды жәшік ашу және онымен жұмыс істеу.
- •6. Қажет материалыңды табу, іздеу машиналарымен жұмыс істеу.
- •7. "Мен Веб-журналистпін" тақырыбына сценарий жазу және ол парақшаны әзірлеу.
- •8. Желілік жарияланымдарды әдеби өңдеу.
- •9. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
- •10. Қолданбалы графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу.
- •11. Веб парақшаның дизайнын жасау және стилін анықтау.
- •12.Сайтрейтингінанықтаудыжүзегеасыру.
- •13. ШетелдердегіәріптесжурналистертуралымағлұматтыИнтернеттентабужәнеоларменхабарласужолдары.
- •15. Желідегівидеоматериалдардыкөру.
- •16.Желілікжаңалықтарсайттарыментанысу
- •17.Интернет журналистика проблемаларына арналған сайттар туралы не білесіз?
- •18.Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпал.
- •20.Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдары.
- •21.Журналистер үшін электронды почта не үшін қажет?
- •22.Ең үздік мултимедиялық құралдарды атап өтіңіз
- •23. Виртуальдық конференциялар не үшін қажет деп ойлайсыз?
- •24. Шет елдік New York Times газет сайтына сипаттама беріңіз?
- •25. Шетелдік cnn арнасыныңсайтынатоқталыңыз?
- •26. РесейСтСарнасыныңсайтындағыерекшеліктер.
- •27.Bag.Kz порталының ерекшелігі туралы әңгімелеңіз?
- •30.Скриптарды көшіру тиімділігі қандай
- •31. Kz домендерінің трансферы туралы не білесіз?
- •32.Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады?
- •33. Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің?
- •34.Megaline және id net қолданушылары үшін трафик тиімділігі қандай?
- •35.Flash элементтер қалай жасалады?
- •36.Web қосымшамаларын әзірлеу жолдары.
- •37.Arpa net желiсi туралы не білесіз?
- •38.Tcp (Transmission Control Protocol) қызметі туралы не білесіз?
- •39.Ip (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз.
- •40.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.
- •41.Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйесі журналистерге не береді?
- •42.Қазақ радиосының сайтына тоқталыңыз?
- •43.«Қазақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
- •44.Www.31.Kz cайтының құрылымы
- •45.Www.24.Kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі
- •46.Ктк сайтының өңделуі, ақпараттарды тарату қызметі
- •47.Казну кз сайтының жалпы құрылымы, мүмкіндіктері
- •48.Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары
- •49.Астана фм радиосының сайт құрылымы
- •50.Азаттық сайтының әлемдегі орны
- •51.Білім тв сайтының өзгешелігі
- •52.Еларна сайтының қызметі
- •53.Ком, нет, орг , инфо, биз домендеріне мысал келітріңіз
- •54.Ұлтттық домендерді дамытуың жалпы үрдістері
- •55.Қазақстандағы кз доменін басқару, және реттеумен қандай ұйымдар айналасады?
- •56 “.Kz”, “.Com”, “.Ru” домендеріне мысал келтіріңіз.
- •57.Www.Aikyn.Kz сайтының ерекшелігі.
- •58. Қазақстандық газет сайттарының мүмкіндіктері. Нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •59.Қазақстандық қандай журналдардың сайттарын білесіз. Мысалдармен дәлелдеңіз.
51.Білім тв сайтының өзгешелігі
«Білім» телеарнасы ¬ – қалың көпшілікке арналған оқыту ағартушылық телеарна болып табылады. Көрермені – мектеп оқушылары, талапкерлер, педагогтер, ата-аналар, сонымен қатар, жас ерекшелігі мен әлеуметтік жағдайы әр түрлі бола тұра, білім алғысы келген қауым.
Тұңғыш «Білім» атты қазақстандық танымдық арна сандық телетарату ұлттық бағдарламасы аясында арнайы ашылды. Телеарнаның басты межесі ағарту мәселелерінің оңтайлы шешім табуы, ғылымды насихаттау, сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен ғылымның басым салаларына мүмкіндігінше дарынды адамдарды тарту болып табылады.
«Білім» арнасы білім және ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы, еліміздің әлеуметтік жаңаруы мен Жалпы Еңбек қоғамын қалыптастырудағы маңызды құрал болмақ.
Бастапқыда «Білім» арнасы "Otau TV" спутниктік жүйе және сандық эфирлік теледидар арқылы хабар тарататын болады, кейінірек арнаны қазақстандық кабельдік операторлар арқылы тамашалауға болады.
«Білім» телеарнасы үш тілде, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратпақ.
Жаңа арна арқылы мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен бастап, жоғары оқу орындарының тәлімгерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ, ғылым мен техника жетістіктеріне қызығатын көпшілік білімге қаныға алады.
«Білім» телеарнасында қазақстандық және әлемдік деңгейдегі ғалымдардың бірегей дәрістері, ғылыми-танымдық бағдарламалар, тағылымдық деректі сериалдар, жоғары, орта және мектепке дейінгі білім беру туралы хабарлар көрсетіледі.
Әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінбек, осы орайда, отбасылық құндылықтарды сақтау, қоғамның өнегелі тұстары, тұлғаны қалыптастырудағы негізгі философиялық үрдіс сынды мәселелер басты назарда болмақ. Сонымен қатар, эфирге классикалық әдебиетті, еліміз бен жаһанның тарихын меңгеруге септігін тигізетін отандық және шетелдік «Алтын қордағы» көркем фильмдер ұсынылады.
Телеарнаның форматы материалдарды көрерменге түсінікті етіп жеткізу, бағдарламаларды жасау барысында жаңа білімді, ақпаратты және технологияларды қолдану болып табылады. Алдағы уақытта анимэ-эффектілерін, әсіресе, кішкентай көрермендер үшін инфографика мен басқа да графикалық бейнеэффектілері қолданылады.
Телеарнаның басты діттегені – көрерменнің ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, қоршаған ортаны зерттеуге баулу.
Келешекте «Білім» арнасы заман талабына жауап беретін веб-сайтын іске қоспақ. Телеарнаның өзіндік контентінен тыс, сайтта түрлі тілдерге аударылған субтитрлері бар интерактивті дәрістер болады.
Қазіргі таңда www.bilimtv.kz сайтының бета-нұсқасы ұсынылған. Сайтта компания туралы, телебағдарламалар, тележобалар және байланысу секілді тектер бар. Сонымен қатар, Туиттер мен ВКонтакте әлеуметтік желісіне қосылған көрермендерін білуге болады және сол топқа қосылуға болады. Негізінен, сайттан айтарлықтай артықшылық көрмедім. Дизайны орташа.
52.Еларна сайтының қызметі
«Ел арна» телеарнасы жалынды жастар және отбасына арналған ойын-сауықтық бағдарламаларды қамтиды. Арнаның 10 миллионнан астам телекөрермендер аудиториясы бар. «Ел арна» телеарнасының ақпараттық саясаты – Қазақстан халқын дамытудың негізгі идеологиялық бағыттарын қозғау; жастардың бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастыру және жастар аудиториясын өзектілендіру.
Арнадағы телекөрсетілімдердің негізгі мазмұны – ойын-сауықтық сипаттағы жобалар, әлем елдерінің мәдени мұрасы туралы бағдарламалар, спорттық көрсетілімдер, сондай-ақ отандық, корей және түрік елдерінің әйгілі телехикаялары. Негізгі қызметі – телеарнада көрсетілетін бағдарламаларды сайтқа салу. Үлгермеген көрерменге сайттан оқуға көмек беру. Сайт үш тілде жұмыс жасайды. Қазір эфирде болып жатырған бағдарламадан хабар береді. Онлайн көрсетілім бар. Бірақ жақында ғана авторлық құқықты сақтау мақсатында онлайн-көрсетілімді алып тастапты. Және қазіргі таңда БАҚ-тың арна туралы жазғандарын оқи аласыз. Арнаны Фейсбук пен ВКонтакте әлеуметтік желілерінен таба аласыз. Сайттың бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда дизайны өте әдемі. Арнаның өзі жастарға, ойын-сауыққа арналған болғандықтан болар, сайт та ерекше.қызылды-жасылды. Сонымен қатар, сайтта блог жүргізуге мүмкіндік бар. Сайтқа апта күндерінің ішінде бейсенбіде адам көп кіреді екен. Бәлкім, қызықты бағдарламалар сол күнге жинақталып қалған болар?! Зеро.кз сайтының мәліметі бойынша еларна.кз сайты қазақстандық сайттар ішінде 173 орында тұр.