
- •1. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?
- •5. Электронды жәшік ашу және онымен жұмыс істеу.
- •6. Қажет материалыңды табу, іздеу машиналарымен жұмыс істеу.
- •7. "Мен Веб-журналистпін" тақырыбына сценарий жазу және ол парақшаны әзірлеу.
- •8. Желілік жарияланымдарды әдеби өңдеу.
- •9. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
- •10. Қолданбалы графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу.
- •11. Веб парақшаның дизайнын жасау және стилін анықтау.
- •12.Сайтрейтингінанықтаудыжүзегеасыру.
- •13. ШетелдердегіәріптесжурналистертуралымағлұматтыИнтернеттентабужәнеоларменхабарласужолдары.
- •15. Желідегівидеоматериалдардыкөру.
- •16.Желілікжаңалықтарсайттарыментанысу
- •17.Интернет журналистика проблемаларына арналған сайттар туралы не білесіз?
- •18.Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпал.
- •20.Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдары.
- •21.Журналистер үшін электронды почта не үшін қажет?
- •22.Ең үздік мултимедиялық құралдарды атап өтіңіз
- •23. Виртуальдық конференциялар не үшін қажет деп ойлайсыз?
- •24. Шет елдік New York Times газет сайтына сипаттама беріңіз?
- •25. Шетелдік cnn арнасыныңсайтынатоқталыңыз?
- •26. РесейСтСарнасыныңсайтындағыерекшеліктер.
- •27.Bag.Kz порталының ерекшелігі туралы әңгімелеңіз?
- •30.Скриптарды көшіру тиімділігі қандай
- •31. Kz домендерінің трансферы туралы не білесіз?
- •32.Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады?
- •33. Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің?
- •34.Megaline және id net қолданушылары үшін трафик тиімділігі қандай?
- •35.Flash элементтер қалай жасалады?
- •36.Web қосымшамаларын әзірлеу жолдары.
- •37.Arpa net желiсi туралы не білесіз?
- •38.Tcp (Transmission Control Protocol) қызметі туралы не білесіз?
- •39.Ip (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз.
- •40.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.
- •41.Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйесі журналистерге не береді?
- •42.Қазақ радиосының сайтына тоқталыңыз?
- •43.«Қазақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
- •44.Www.31.Kz cайтының құрылымы
- •45.Www.24.Kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі
- •46.Ктк сайтының өңделуі, ақпараттарды тарату қызметі
- •47.Казну кз сайтының жалпы құрылымы, мүмкіндіктері
- •48.Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары
- •49.Астана фм радиосының сайт құрылымы
- •50.Азаттық сайтының әлемдегі орны
- •51.Білім тв сайтының өзгешелігі
- •52.Еларна сайтының қызметі
- •53.Ком, нет, орг , инфо, биз домендеріне мысал келітріңіз
- •54.Ұлтттық домендерді дамытуың жалпы үрдістері
- •55.Қазақстандағы кз доменін басқару, және реттеумен қандай ұйымдар айналасады?
- •56 “.Kz”, “.Com”, “.Ru” домендеріне мысал келтіріңіз.
- •57.Www.Aikyn.Kz сайтының ерекшелігі.
- •58. Қазақстандық газет сайттарының мүмкіндіктері. Нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •59.Қазақстандық қандай журналдардың сайттарын білесіз. Мысалдармен дәлелдеңіз.
46.Ктк сайтының өңделуі, ақпараттарды тарату қызметі
Ктк телеарнасының сайты жиі өңделіп отырады. Оған дәлел, бүгін ғана жаңалықтарда хабарланған материалдан сайт бетінде тұрады. Желтоқсан айының 16-шы жұлдызында сайтты қарағанымда, 14 желтоқсанда да, 16 желтоқсанда да сайтқа көптеген материалдар жүктелгенін байқадым. Бұдан шығатын қорытынды: сайт кем дегенде 2 күнде бір жаңартылып тұрады. Жаңалықтар лентасынан ағымдағы хабарлардан бөлек, ең көп оқылған жаңалықтар да көрсетіледі. Басқа сайттардан ерекше бір тұсы бар. Ол – соңғы жаңалықтың жүгіртпе жолда (бегущая дорожка) берілуі. Мәселен, теледидардан қарай алмасаң, немесе үлгере алмай қалсаң сайтқа кіріп тамашалауға мүмкіндік бар. Онлайн көрсетілім, мұрағат жұмыс жасайды. Негізінен, КТК телеарнасының жеке сайты болғандықтан, сайт та арнаның форматына толық сәйкес келеді. Мәселен, арнаның түсірілім тобы қандай оперативті болса, сайтта жұмыс жасаушылар да солай. Ақпарат таратуы да көңілден шығады. Жаңалықтарда хабарланғанның бәрін сайттан табуға болады. Сұхбат алынса, оның мәтіні де, видеоматериалы да қосып салынады. Өте көлемді мұрағатын қосыңыз. Осылайша, КТК телеарнасының сайты Қазақстандық ақпараттық сайттардың арасында 28 орында тұр. Бұл мәлімет zero.kz сайтынан алынды. Сағат түнгі 00:00дің шамасының өзінде сол сайтты қолданып отырған адам саны 42 болды. Ал, күндіз одан да асып түсері анық. 48881 қаралым болады ең кем дегенде. Бұл – бір тәулікте. Осыдан да телеарна сайтының қызметіне лайықты баға беруге болады.
47.Казну кз сайтының жалпы құрылымы, мүмкіндіктері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жеке сайты www.kaznu.kz . сайттың дизайны әдемі жасалған. Сайтта университет туралы, оқуға түсушілерге, оқу үдерісі, ғылыми инновациялар, халықаралық қатынастар және жаңалық атты арнайы беттер бар. Барлық мәліметтер университетпен байланысты. Мысалы, әл-Фараби ктапханасындағы кітаптар базасы, университет ішіндегі жаңалықтар, «ҚазҰУ ТВ» және т.б Сайттың мүмкіндігі өте жоғары. Олай дейтініміз, студентке керек деген ақпараттың барлығын дерлік осы сайттан таба аласыз. Оқуға түсушіден бастап, оқытушыға дейін керегін осы жерден алады. Ғылыми-инновациялық жобалар, моногорафиялар үнемі үзбей жарияланып тұрады. Тіпті сайттағы ауысып тұратын анимациялық бейнелердің өзі көз тартады. Шетелмен байланыс, «Универ» жүйесі, Достар клубы, студенттер порталы, ректордың блогы, оқытушылар құрамы бар.
48.Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары
Қазіргі таңда ең танымал ойын-сауықтық портал. Баршаға белігі «Award 2013»-те бас жүлдені қанжығасына байлады. Портал әдебиет, мәдениет, бірге аударайық, видео және техно атты тектерден тұрады. Әрбңр тектен сіз өзіңізге қажетте ақпарат ала аласыз. Танымал болуынң тағы бір себебі – онда жеке блог жүргізуге және форумда талқылауға болатындығында. Соның ішінде, блог жүргізу туралы айта кетейік. Алдымен, блог деген не? Соған анықтама бере кетейін:
1. Өз өмірізден қызықты бір оқиғаны жазыңыз. Оқырмандар да сондай оқиғаларын естеріне алып, қостап пікір жазады. Ол үшін оқырманға ой салыңыз, "сіз қалай ойлайсыз" дегендей...
2. Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Сіз бірдеңені қолданып көрдіңіз делік, қандай нәтиже берді немесе бермеді? Мысалы, жаттығу залына бардыңыз, ондағы нәтижелеріңіз, қандай жаттығу түрлерін қолдандыңыз, баптаушыңыз қандай кеңес берді және т.б.
3. Соңғы оқыған кітабыңыз. Мысалы, бір кітап сізге керемет әсер етті немесе түкке тұрмас кітап па? Оның авторы кім, ол жайлы не қызықты білдіңіз? Немесе кітаптың жазылу барысында бір қызықты оқиғалар болған шығар. Бірақ әр нәрсенің екі жағы болатынын ескеріңіз: кітаптың кемшілігімен қатар, артықшылығы болары хақ.
4. Бір сұрақтарға байланысты сіздің пікіріңіз. Мысалы, қоғамды дүрліктірген бір мәселеге қатысты пікіріңізді блогта жариялаңыз. Неге олай ойлайсыз, бәрін дұрыстап, дәлеліңіз болса нақтылап жазыңыз.
5. Шоу, концерт, фильм, телехикаяға байланысты ойыңыз. Несі ұнамады, керісінше несі ұнады. Әрдайым кемшілігі мен қатар, артықшылығын да жазуға тырысыңыз.
6. Сізге қатты әсер еткен оқиға. Көшеде, автобуста, таксиде бір оқиғаларға куә болдыңыз немесе әңгіме естіп қалдыңыз. Соған байланысты пікіріңіз: қарсысыз ба, немесе қолдайсыз ба...
7. Өлең, әңгіме. Әрине, шығармашылығыңызбен бөлісу дұрыс. Алайда, оны бірінен кейін бірін жариялап, оқырманды мезі етпеңіз. Әдемі сурет таңдаңыз, соған сәйкестендіріп өлеңді де әрлеп қойыңыз.
Қысқаша айтқанда, блог – сіз жайлы айтуы керек. Тек сіздің шынайы ойларыңыз, сезіміңіз, әсеріңіз. Біреуге ұнайтын, біреу үшін жазба жазбаңыз. Және блогыңызға аз пікір жазылып жатса, немесе тіптен пікір жазылмаса - қапаланбаңыз. Сіз дұрыс мәселені қозғауыңыз да мүмкін, оқырман сізбен келісіп отырған болуы керек, сол үшін де басын изеп кетіп қалған да шығар. Көбіне пікірлер қарама-қайшылық тудыратын блогтарда көп жазылады. Оқырманды ойландыратын, пікірін білдіріп кетуге мәжбүрлейтін тақырыптарды жазуға тырысыңыз. Сонымен қатар, сізге пікір жазылсын десеңіз, өзіңіз де басқа блогтарға пікір жазып, белсенділігіңізді көрсетіңіз. Жарқындылығыңызбен көзге түссеңіз, бұл адам блогына не жазды екен деп, сіздің блогыңызға да қызығушылық туатын болады. Осы шарттарға сүйене отырып, барлығымыз қалмай блог жүргіземіз. Блог жүргізу жағынан алдыңғы орында Массагет сайты. Бұл сайтқа күніне кем дегенде 7 262 адам кіреді. Қаралым саны одан да жоғары. Блогты ең оңай жүргізуге болатын бірден-бір сайт осы Массагет. Тіркелген адам саны мен онлайндағылар (қазір сайтта отырған адам) саны осыны дәлелдейді.