
- •1. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?
- •5. Электронды жәшік ашу және онымен жұмыс істеу.
- •6. Қажет материалыңды табу, іздеу машиналарымен жұмыс істеу.
- •7. "Мен Веб-журналистпін" тақырыбына сценарий жазу және ол парақшаны әзірлеу.
- •8. Желілік жарияланымдарды әдеби өңдеу.
- •9. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
- •10. Қолданбалы графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу.
- •11. Веб парақшаның дизайнын жасау және стилін анықтау.
- •12.Сайтрейтингінанықтаудыжүзегеасыру.
- •13. ШетелдердегіәріптесжурналистертуралымағлұматтыИнтернеттентабужәнеоларменхабарласужолдары.
- •15. Желідегівидеоматериалдардыкөру.
- •16.Желілікжаңалықтарсайттарыментанысу
- •17.Интернет журналистика проблемаларына арналған сайттар туралы не білесіз?
- •18.Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпал.
- •20.Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдары.
- •21.Журналистер үшін электронды почта не үшін қажет?
- •22.Ең үздік мултимедиялық құралдарды атап өтіңіз
- •23. Виртуальдық конференциялар не үшін қажет деп ойлайсыз?
- •24. Шет елдік New York Times газет сайтына сипаттама беріңіз?
- •25. Шетелдік cnn арнасыныңсайтынатоқталыңыз?
- •26. РесейСтСарнасыныңсайтындағыерекшеліктер.
- •27.Bag.Kz порталының ерекшелігі туралы әңгімелеңіз?
- •30.Скриптарды көшіру тиімділігі қандай
- •31. Kz домендерінің трансферы туралы не білесіз?
- •32.Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады?
- •33. Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің?
- •34.Megaline және id net қолданушылары үшін трафик тиімділігі қандай?
- •35.Flash элементтер қалай жасалады?
- •36.Web қосымшамаларын әзірлеу жолдары.
- •37.Arpa net желiсi туралы не білесіз?
- •38.Tcp (Transmission Control Protocol) қызметі туралы не білесіз?
- •39.Ip (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз.
- •40.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.Ftp (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколының қызметі.
- •41.Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйесі журналистерге не береді?
- •42.Қазақ радиосының сайтына тоқталыңыз?
- •43.«Қазақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
- •44.Www.31.Kz cайтының құрылымы
- •45.Www.24.Kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі
- •46.Ктк сайтының өңделуі, ақпараттарды тарату қызметі
- •47.Казну кз сайтының жалпы құрылымы, мүмкіндіктері
- •48.Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары
- •49.Астана фм радиосының сайт құрылымы
- •50.Азаттық сайтының әлемдегі орны
- •51.Білім тв сайтының өзгешелігі
- •52.Еларна сайтының қызметі
- •53.Ком, нет, орг , инфо, биз домендеріне мысал келітріңіз
- •54.Ұлтттық домендерді дамытуың жалпы үрдістері
- •55.Қазақстандағы кз доменін басқару, және реттеумен қандай ұйымдар айналасады?
- •56 “.Kz”, “.Com”, “.Ru” домендеріне мысал келтіріңіз.
- •57.Www.Aikyn.Kz сайтының ерекшелігі.
- •58. Қазақстандық газет сайттарының мүмкіндіктері. Нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •59.Қазақстандық қандай журналдардың сайттарын білесіз. Мысалдармен дәлелдеңіз.
1. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?
Интернеттегі жарияланымның ерекшелігі сілтемелердің еркін қолданылуы мен оқырмандар үшін кез-келген құжаттарға сілтемелер дің еркіндігі қолжетімдігі.
Интернет көптеген авторлардың жазып аяқтамаған алып құжатынің өрмектеліп, өзара байланыстырылған желісі.
e-mail (электронды пошта) – хат-хабардың жылдамдығы, шапшаңдығы, ауқымдығы, сенімділігі, арзандығы т.б.
news (жаңалықтар) – белгілі тақырып не мәселе бойынша әрбір оқырман мен жазылушы автор ретінде қатыса алатын газет не вируталды қауымдастық.
мүдделес азаматтардың хабарлама алмасуға. Веб-форумдар мен сілтемелер алмасуға арналған қызметін дүниеге әкелді.
Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынандай болады:
• компьютердің жедел жады (RAM) көлемі - 8 Мб немесе одан жоғары;
• қатты магниттіе диск (HDD-винчестер) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;
• модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
• модем (модулятор-демодулятор);
• SVGA мониторы;
• тышқан тетігі;
• қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы
Модем дегеніміз - провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/сек, немесе кb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан жөн.
Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.
2. Он-лайн журналистика: дамуы, проблемалары.
Бұл ғасыр — технологиялар ғасыры. Елімізде ақпараттық технология жедел дамып келеді. Алдағы екі-үш жылдықта интернетті пайдаланушылар саны күрт артуы мүмкін. Алайда қазір сұранысты толық қамтамасыз етіп отырмыз дей алмаймыз, өйткені интернеттегі қазақтілді ресурстардың саны аз. Деректерге қарағанда, «kz» доменінде тіркелген сайттардың 10 пайызы ғана қазақ тілінде екен. Соның ішінде санаулы сайттар ғана тұрақты жұмыс жасап тұр. Дегенмен, 2008 жылдан бастап қазақ тіліндегі сайттардың дамуы өте қарқынды жүрді, саны көбейді, қазір қазақтілді басылымдардың жиырмадан астамының интернет нұсқасы бар.
Тек мәтіндік қана емес, мультимедианы (яғни, аудио, бейне материалдарды) қоса қолданып отырған сайттарды да ерекше айтар едім. Мысалы, мультимедианы жақсы пайдаланып отырған, АҚШ қаржыландырып отырған «Азаттық» сайтының қазақтілді нұсқасы мен Stan.tv сайтын атап өтуге болады.
Соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқан қазақтілді блогтардың көбейгендігін айтып өткен жөн. Осы жерде айтып кететін жайт, қазақтілді блогтардың көпшілігінің жүргізушілері журналистер болғандықтан, оның мазмұндық, тілдік сапасы жоғары.Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz, Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр.
3. Он-лайн журналистика жанрлары: даму эволюциясы
Дәстүрлі журналистика жанрлары: ЖАНРЛАР ЖІКТЕМЕСІ
Ақпараттық (хроника, ақпарат, кеңейтілген ақпарат, сұхбат, есеп, репортаж, арнайы репортаж, баспасөз сауалнамасы және т.б.)
Талдамалы (корреспонденция, комментарий, мақала, хат, түйіндеме, әңгіме-сұхбат, шолу, естеліктер және т.б.)
Көркем публицистикалық (көркем-публицистикалық суреттемелер, эссе, очерк, фельетон, памфлет, жолсапар очерктері және т.б.)
Интернет-ЖУРНАЛИСТИКА ЖАНРЛАРЫн айқындаушы белгілер.
Беркенкоттер және Хукин атты зерттеушілер әлеуметтік когнитивтік сипатына қарай жанрларды айқындаушы бес белгіні анықтайды:
1 динамизм, социокогнитивті тұтынуға қатысты жанрлар динамикалық икемді және жылдам өзгереді;
2 жағдайлық, адам қызметінің кәсібіне қатысты, қоғамдағы мәдени құндылықтар мен өмір сүру стиліне қатысты жанрлар когнитивті жағдайға қатысты өзгереді
3 форма мен мазмұн, белгілі мақсатқа, белгілі уақытқа, белгілі жағдайға қатысты мазмұн мәтінге үйлесімді болады
4 Қарама-қайшылық,кәсіби қызметте жанрлардың басты ережлері негізінде белгілі бір әлеуметтік құрылымды туындата отырып, оны жасаймыз;
5 Әлеуметке тәуелділік: жанрлар ауызекі сөйлеу, пікірталас, олардың эпистемологиясы, идеологиясы мен әлеуметтік онтологисынан туындайды. [Berkenkotter & Huckin 1995].
ЖАНРЛАР типологиясы
ұсыныс немесе сұраныс, оның құрылымына байлаысты брошюра немесе ақпараттық буклет
Жанрлар комбинациясы: мақсаты мен пішіні. Бюллетень қысқаша мақалалардан тұрады мерзімді түрде таралады.
Комбинация, яғни жинақталған жанрларға іскери хаттар мен қызметтік жазбалар, телесценарийлер
Жанрлардың жағдайлық тәсілі – жанрлар иерархиясы , жанрлардың үйлесуі, жанрлар жүйесі немесе жанрлар репертуары.
Интернет - журналистиканың жанрлары мынаны түсіндіреді:
Өзектілік
Реалдық
Әңгімеле- тізбектілігі
Интернет – журналистиканың жанрлық түрлері:
Жаңалық және жаңалықтар лентасы.
Веб-күнделіктер.
Фотодеректер.
Репортаж элементтері.
Сұхбат.
Көзқарас, пікір.
Аналитиккалық мақала (шолу, очерк).
Жаңалық порталдары.
Сілтемелер каталогы.
Дайджестер мен веб шолулар.
Мерзімді басылымдар.
Интернеттегі радио.
Интернеттегі телевидение.
4. Он-лайн журналистика ұлттық тәжірибесі
Еліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.org сайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz, www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды. Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz, Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр. Электрондық БАҚ жыл өткен сайын қоғамдық өмірде маңызды орын ала бастады. Бұған бірінші кезекте БАҚ-тың жаңа сапасы ғана емес, барлық қоғамның дамуының белгісі - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы, ТВ-ның сандық қалыпқа көшуі әсер етеді. Сөзсіз, бұған қоғамдық пікірді қалыптастыру мен жас ұрпақты тәрбиелеуде ықпалы зор контенттің де әсері мол. Менің ойымша, электрондық БАҚ-та оң ақпаратқа үлкен назар аудару керек.
ҚР Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевтің айтуынша, Марат Барманқұлов ғаламтор әлеміне есігін ашып, БАҚ болашағын жаһандық кеңістікте көре білген.