Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

13) Қарахан мемлекетінің қалыптасуы. Территориялық-әкімшілік құрылымы.Діні.

Қарахандар мемлекеті.(942-1212 ж.ж.)

қарахан мемлекетінің негізін салушы-сатұқ Боғрахан. (915-956) ол 942 ж баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялады. ХІ. 30ж мемлекет екіге бөлінді:батыс хандық астанасы-Бұқар қаласы, Шығыс хандық астанасы-Баласағұн. Ихта термині Қарахан мемлекетінде пайда болды (Салық жинау құқығы). Оны иемденушілер ихтадар д.а. Мемлекеттік ресми діні-ислам діні. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиеті осы кезде пайда болды. Оның өкілдерінің бірі-Жүсіп баласағұн.ХІІ ғ күшейген қарақытайлар Жетісуды басып алды. 1141ж екі хандықтың билігі де қарақытайлардың қолына көшті. Территориясы-Балқаштан алакөлге дейін жетті. Шаруашылығы-көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Төрт түлік малдан көбінесе-жылқы өсірілді. Себебі жылқы олар үшін тамақ, сусын, әрі көлік.

14) ХІ-ХІІІғ.Қыпшақ хандығы. 11ғ басы-1219ж

ХІғ басында қимақ қағанаты құлағаннан кейін бүкіл билік Қыпшақ тайпаларының қолына көшті. Территориясы-сырдарияның төменгі ағысы, Арал және Каспий маны,бұрыңғы оғыз даласы. Енді-дешті-Қыпшақ д.а. Дешті-қыпшақ екіге бөленеді: Батыс және шығыс. Соның ішінде күштісі Шығыс қыпшақтары болды. Қыпшақтар мен Қарахандықтардың шекарасы-қанжек-Сеңгір бекінісі арқылы бөлініп тұрды. 14 ғ Араб географы Әл-омари: Қыпшақтар қысты сарайда, ал жазды-орал тауларының аумағында деп жазды. 11ғ аяғы мен 12ғ басында Жент, Янгикент және сыр бойы қалалары Қыпшақ көсемдерінің қолында болды. Оңт. Аймақта Хорезм шахы мұхаммадтың ықпалында болып Ислам дінін тарату мақсатымен Жентті басып алды. Қыпшақ хандарының бірлігі болмағандықтан олар Хорезм шахқа тәуелді болып қалды.1216ж Мұхаммад шах Қадыр (Қайыр) ханға қарсы әскер шығарды. Бірақ олар Торғай даласында беркіттерді қуып келе жатқан Шынғыс хан әскерлерімен абайсыздан соғысып қалды. Бір күндік шайқастан соң монғолдар түнде шегініп кетті. Қыпшақтар мемлекетінде хан болып елбөрілі тайпасынын шыққандар ғана сайланды. Хан астанасы –Орда д.а. Байлықтың өлшемі-жылқы. Байларда 10 мыңнан астам жылқысы болған. Жеке меншік заңмен қорғалды. Мысалы, бір ат ұрланса 9 ат айып төленді. Қыпшақтар 11 ғ Русь Византия, венгрия халықтарымен қатынас жасады.

15) Батыс Маңғол тарихындығы наймандар мен Керейлер мемлекеттері. Саяси тарихы.

ХІІ ғ наймандардың Керейлермен одағы Орт. Азияда ірі саяси бірлестік болды. Керейлердің әйгілі ханы-тұғыру хан еді. Керейлер туралы ең алғаш деректер Х ғ кездеседі. «наймен» сөзі-монғолша 8 деген ұғым береді. Себебі олардың құрамында 8 тайпа болған. 1125 ж Қидандар мемлекеті құлағаннан кейін Орт.Азияда жетекші рөл керейлер қолына көшті. Керейлердің ұлттық одағы түркі және монғол тілдес тайпалардан құралды. ХІІ ғ Керейлер селенга өзенінен Хуанхэ өзеніне дейінгі жерлерді иеленді. 1007 ж Керейлер мен Наймандар несториандық бағыттағы Христиан дінін қабылдады. Оларда 2 астана болған: орхон өзеніндегі-Қатын Балық қаласы, Хуанхэ өзенінің жерінде орналасқан. Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы. Манихейлік құдайдың символы-қола медальон тараздан табылды.

16) V-ХІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының рухани мәдениеті. Тіл және жазу. Б.э.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның барлық территориясында түркі тілі басым болды. Ү ғ. олар екі үлкен топқа бөлінді: батыс және шығыс. ХІІ ғ. басында Жетісудан басқа территорияларда қыпшақ тілі үстем болды. Ал Жетісу өлкесінде қарлұқ және монғол-қидан тілі басым болды. Ал оғыз тілі Кіші Азия мен Кавказ өлкесінде тарай бастады.

Түркі тілімен қатар Оңтүстік Қазақстанда және Жетісу бойында отырықшы-егін және қала мәдениеті бар жерлерде соғды тілі де сақталды.

Бірінші мыңжылдықтың ортасында түркі тілді халықтардың өз жазу-сызуы қалыптасты. Оны руникалық жазулар деп атайды. ХҮІІІғ. аяғында осы жазулар туралы деректер Ресейде пайда болды. 1893 жылдың 15 желтоқсанында дат ғалымы Вильгельм Томсен осы жазудың құпиясын ашты.

Эпикалық өнер. Қазақстан территориясында ең көне эпостық шығарма түркі тілінде жазылған. Олар: «Оғыз нама» және «Қорқыт ата».

«Қорқыт ата» кітабы ҮІІІ-Х ғ.ғ. Сырдария бойындағы оғыз-қыпшақ тайпаларының арасында пайда болған. ХІҮ-ХҮІғ. ол шығарма ретінде жазылды. Шығарма 12 бөлімнен тұрады. Оқиғалар Қазақстанда, Орта Азияда, Кавказда өтеді. Қорқыттың өзі тарихи тұлға болған. Сыр бойындағы қият-оғыз тайпасының бегі болған.

«Оғыз нама» кітабы алғаш рет ХІІІғ. Рашид-дин жазды. Сосын ХҮІІІғ. Әбілғазы-хан жазған. Кейбір ғалымдар бұл шығарма Жетісу бойындағы қарлұқтардың арасында пайда болған деп есептейді. Басты кейіпкер Оғыз қаған ерекше күшке ие болады.

ҮІ-ҮІІІғ.ғ. түркі тайпаларының арасында ауызша поэтикалық дәстүр болған. Бұл дәстүрдің элементтері Қытайдың тарихи әдебиетінде кездеседі. Қытай жылнамаларында аңыздар мен халықтың тарихи әңгімелер сақталған. Оларда тайпалардың орны, географиялық қоршаған ортасы көрсетілген. Мысалы: «Өтеген» деген аңыздық тарихи орын,жер туралы поэма кең тараған. Бұл жер туралы сюжеттер Бируни, Марвази, М.Қашғари еңбектерінде кездеседі. Ергенекөк деген таулы аймақ туралы поэма сақталған. Бұл аңызда тайпалардың бейбіт өмір сүретін аймағы ретінде суреттелген. Бұл жазық жердің айналасы таумен қоршалған,сондықтан ол қауіпсіз. Көне тарихи аңыздар негізінде ҮІ-ҮІІІ ғасырларда ауызша халық шығармашылығы дамыды. Фольклор поэзия, проза үлгісінде дамыды. Халық шығармашылығының ерте формасы тұрмыстық өлеңдер, халықтық календарь, тарихи аңыздар, ертегілер, мақал-мәтелдер түрінде болған.

17) V-ХІІ ғ.Түркі тайпаларының материалдық мәдениеті.

Әдебиет, тіл, дін және жазу.Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректі Менандр Протектор қалдырған. Түріктерде жазудың болғандығы жайлы 6ғ Қытай деректері ашық айтады. Түрік жазуы Ху, Соғды жазуына ұқсас дейді. 2ғ жартысында Түріктердің өз жазуы болған. Ежелгі Түрік жазуларын монғолиядағы Орхон-Енисей бойындағы тастағы жазуларды айтамыз. Тастағы жазулар Руна (Құпия) жазумен жазылған. Бұл жазу Білге қаған, Күлтегін, Тоңы-Көк секілді атақты адамдардың құрметіне жазылған. Түрік жазулары (руна) ең алғаш Талас маңында табылған. РУНА жазуын алғаш 1883 ж дат ғалымы Томсон оқыған. 6-10ғ Қазақстанда РУНА жазумен қатар Соғды жазуы да кейіннен қолданылды. Шығыстың атақты ғалымы Әбу-Насыр -Әль-Фараби (780-950 ж) өз еңбектерін арабша жазды. Ол Фараб (Отырар) қаласында туған. Бұхар мен Бағдатта білім алған Әль –Фараби алғашқы еңбектерін –философияға арнады. Оның еңбегі Ғылымдардың шығуы. Ол барлық пәнге (этика, саясат, логика, математика, жаратылыстану, т.б.) қалам тартты. Бір ауыз сөзбен айтқанда - Әлемнің екінші ұстазы, энциклопедист, ғалым болған. 11ғ Аса маңызды әдеби шығармалардың бірі-Құтадғу білік (бақыт әкелетін білім) дастаны жазылды, авторы Жүсіп Баласағұн. Жер шарының 600-ден астам қалаларының кординатын Әбу-Райхан-Беруни дәлелдеп, өз еңбегінде көрсеткен (Глобус). Ыстық көл жағасында Барыс хан қаласынан шыққан Махмут Қашқари ұзақ саяхаттан кейін 1074ж-Диуани-Лұғат-Ат түрік (Түркі тіліндегі сөздігі) шығармасын жазған..Бұл шығармада түркі халықтарының әдет-ғұрыпы тұрмыс –тіршілігі баяндалған. 12ғ Ясса (Түркістан) қаласында туылған-Қожа Ахмет Яссауй Атақты ойшыл, әрі ақын болған. Ол түрік тілінде-Диуани-Хикмет даналық кітабын жазды. Оның моласының басында 14ғ (1396ж)Ақсақ темір – кесене тұрғызды.Қ.А.Яссауидін ұстазы –Арыстан баба болған, ал шәкірті –Сүлеймен Бақырғани. Түркі тайпалары ерте орта ғ пұтқа табынған.Ол пұт деген –көкке және жер суға табынған.Екінші орында –Ұмай құдай ана тұрды. Ол ошақ пен балалардың қамқоршысы болған.