Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

52)К.Қасымұлының көтерілісі.

1837-47ж 3 жүзді де қамтыды.Ол 4 майданда шайқасқан:

1.Ресей империясы;

2.Орта Азия хандықьары (Хиуа, Қоқан)

3.Алатаудың арғы бетіндегі қырғыздар;

4.Қазақтың өзі (ішкі жау)

Бейбіт түрде Ресейге хат жолдайды. 1839ж дейін Кенесары әскері Ақмола, Қарқаралы, баянауыл, Көкшетау округтерін орыстардан азат етеді. 1840ж көтеріліс Торғай, Ырғыз өзендері аралығында өтеді. Осы жылы патша онымен келісімге келуге тырысады. Оның жанында Ағыбай, Дулат, Бұхарбай, ботай сияқты халық батырлары болды. 1841ж Қыркүйекте ол хан тағына отырады.

Кенесарының реформалары:

1.атты әскер саны 20000 –ға жетті;

2.жаяу әскер құрамалары құрылды;

3.арнайы артиллерия бөлімі құрылды (зеңбіректкр)

4.әскериісте мақтау жүйесі еңгізілді.

1841-42ж әскері Сыр бойындағы қазақтарды құтқару үшін Қоқандарға қарсы шығады. 1842ж Ресей Кенесарымен соғысты қайтадан бастайды, бұл жолы Ресей 5000ға жуық қарулы әскер жібереді. 1842-43ж ресейдің 3 жақты қоршау саясаты іске асқан жоқ.1843ж Ресей онысен қайтадан келісімге келуге тырысты. 1843жтамызда ол арыстан Жанторин бастаған қазақ әскерін талқандайды.Кейін басқаша талап қояды:

Қазақ пен орыс шекарасы Нұра мен Есіл арқылы өтсін дейді. Патша бұған келіспеді, гер қол астына кірсе оған қарсы жаза қолдамаймыз, соттамаймыз деді. Кенесары келіспеді.

1845-46ж Ресей 10000ға жуық әскер жіберді. Ресей оның талабын қабылдамады. 1846ж бастап Кенесары әскерлері Қырғыз тнрр-на өте бастайды. Қырғыздар онымен одақтасуға келіспеді. Қырғыздар «барымта» жасады(Түнде аттарын айдап әкету) Оған ашуланған К. Қырғыз ауылдарын жаулай бастайды. Біртіндеп қырып тастап отырады.

1743ж қысында Бішкек қаласы маңындағы Кекілі шатқалындағы жерде «Майтөюе» Қырғыздар қолынан К. Қайтыс болады. 2 әйелі болды. Ахмет, Сыздық деген ұлдары болды.

53. Қазақстанға орыс шаруаларының ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы

Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныстана бастауы. 1861 жылдың 19 ақпанында патша үкіметі крепостнойлық құқықтың жойылғандығы туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл арқылы патша үкіметі 2 мәселені шешуге тырысты: жер мәселесін шешу және әлеуметтік тірек табу.

ХІХ ғ. 70-жылдарында барлық облыстарды орыс шаруаларына қоныстануы жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Колпоковский 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстардыру туралы» ереже шығарды. Бұл бойынша:

1.Әрбір ер адамға тегін 30 десятина жер берілді.

2.15 жылға дейін салықтан босатылды.

3.Тұрғын үйге тегін материалдық көмек берілді.

Бұл заң 1883 жылы өзгертілді. Себеп: қоныстанушылардың көптеп келуі. Жаңа ереже бойынша:

1.Әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді.

2.Салықтан 3 жылға дейін босатылды.

3.Материалдық көмек ақылы болды.

Қоныс аударушылардың басты легі қаптаған аймақ Жетісу өлкесі болды. 1868-1880 жылдары 3324 отбасының 2099 жаңадан келушілер болды. Сырдария облысында 37 орыс қоныстары пайда болды. Ақмола облысында орыстардың үлесі 33 пайыз болды. 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанда қазақ халқының үлесі 100 пайыздан 85-83 пайызға төмендеді.

1862-1877 жылы Қытайда ұйғыр және дүнген халықтарының көтерілісі болды. Қытай әскерлерінің жазалауынан қорыққан бұл халықтардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 45 мың ұйғыр, 5 мың дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыстанға қоныс аударды. 1897 жылы ұйғырлардың саны 56 мың, дүнгендердің саны 14200-ге жетті. Бай ұйғырлар мал шаруашылығымен, ал кедейлер егін шаруашылығымен шұғылданды. 1881 жылы Петербург келісімінен кейін олар Жетісуға келе бастады. Верный уезі, Жаркент болысының бай ұйғыры Вали Ахун Юлдашев болған. Әрбір дүнген халқына берген жер үлесі 3 десятина болды.