Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

44)1822Ж «Сібір қырғыздары туралы жарлық».

1822ж реформа Орта жүзге байланысты болды. Орта жүзде патша үкіметі 1815ж Бөкейді хан етіп тағайындайды. 1817ж Бөкей қайтыс болды. 1819ж Уали қайтыс болды. 1822ж Батыс-Сібір генерал-губернаторы Сперанскийдің ұсынысымен Сібір қырғыздары туралы жарлық шықты.

Нәтижесі:

1.Хандық билік жойылды;

2.Әкімшілік жағынан Орта жүз 7 округке бөлінді: Ақмола, қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Құсмұрын, Аягөз, Көкпекті. Әрбір аймақты 3 жылға сайланған аға-сұлтан басқарды. Қатарынан 3 рет аға-сұлтан болғандарға дворян атағы берілді. Әрбір округ әкімшілік ауылдарға бөлінді, оларды старшындар басқарды.

3.Сот жүйесі:Барлық қылмыстық және азаматтық істі орыс соты қарады.

4.Салық жүйесі:Әрбір 100 бас малдан 1 бас мал.

45)1824Ж «Орынбор қырғыздары туралы жарлық»

1824ж Орынбор генерал-губернаторы Эссеннің ұсынысымен Орынбор қырғыздары туралы жарлық шықты.

Нәтижесі:

1.Хандық билік жойылды.

2.Әкімшілік жағынан 3ке бөлінді: Батыс, Шығыс, Орталық. Әрбір аймақты патша үкіметі сайлаған сұлтан-правитель басқарды. Әрбір сұлтан-правитель жанында патша офицері басқарған қарулы жасақ болды. 1831ж бастап Кіші жүзде дистанциялық басқару жүйесі пайдаланылды. 19ғ ортасына дейін дистанциялардың саны 54ке дейін жетті.

3.Сот жүйесі: орта жүздегідей болды.

4.Салық жүйесі: Әрбір шаңырақ жылына 1 рет 1 сом 50 тиын салық төлеуге міндетті болды.

46)47).19Ғ Қазақ халқының мәдениеті.

Қазақ халқының ресей құрамына қосылуының мәдениет саласындағы жағымды жақтары: Ағарту саласы кеңейді, жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениеті жаңа сипат алды. Өлкедегі жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор,Орал,Семей қалаларынды орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. 1813ж Орынборда-Әскери училище; 1831ж Семейде-орысша уч-ще;1841ж Бөкей ордасында-татар, орыс тілі мектебі;

19ғ І жартысында қазақ әдебиетінде 2 идеялық бағыт қалыптасты:

1.Еңбекші бұқара мүддесін білдірушілер;

2.Ақсүйектер мүддесін білдірушілер.

М.Өтемісұлы, Ш.Қаржаубайұлы, С.Аронұлы, Д.Бабатайұлы, Ш.Уалиханов, А.құнанбаев, Ы.Алтынсарин.

Ағартудағы елеулі өзгеріс 19ғ 60ж реформадан кейін басталды. 19ғ Ақмола, семейде сектептер, гимназиялар, кітапханалар ашылды.исламның күшеюінің нәтижесінде ауылдарда мұсылман мектептері бола бастады.

19ғ көпшілігі киіз үйлерде тұрды.19ғ қазақтардың киімдерінен татар мәдениетінің ықпалы байқалды.Архаикалық киімінің көптеген үлгілері қолданыстан шыға бастады.

Өнер, музыка. Қ.Сағырбайұлы-күйші, сазгер.ТәттімбетҚазанғапұлы-шертпе күйдің негізін салушы.Біржан Қожағұлұлы,Жаяу Мұса Қорамсаұлы.

48).19Ғ әлеуметтік-экономикалық , саяси дамуы.

19ғ І жартысында Қаз. Жалпыресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне тартылып, біртіндеп бүкілресейлік рынокқа қосылды. Ауыл шаруашылығы өсіп, өңдіру дами бастады. Шет аймақтарда пошта жолдары салынды.Ресеймен сауда қатынасы тұрақты сипат алып, өсе берді.Ірі қара малды айырбасқа салып, керуендкрге түйе мен жылқы беріп, мал терілерін сатты. Бірақ жағдай біркелкі болмады, егіншілік баяу дамыды.Кен орындарында мыс, қорғасын, кұ\үміс, тас көмір өңдірілді.Тұздыы көлдерде тұз өңдіру кәсіпшілігі дамыды.19ғ ІІ жартысында жәрменкелер пайдалана бастады. Тұңғышы 1832ж Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Тауар айналымы өскен сайын, өсімқорлықпен қатар банктер мен т.б. несие беретін мекемелердің капиталистік формалары п.б. 19ғ аяғыда Қаз-да Ресей капиталистері өнеркәсңп өңдірісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар болды:

1.жер мен шикізат арзан;

2.жұмысшылардың жалақысы төмен;

3.басы артық жұмысшы күші мол.Өлкеде едәуір темір қоры бар екені белгілі болды. 1880ж Балқаш көлінде балық аулайтын тұрақты кәсіпшіліктер басталды.Кен жұмысшыларының жағдайы ауыр болды. Еңбек қүралдары сүймен, қайла, күрек, кетпен ғана болды.қауіпсіздік сақтау үшін ешқандай шаралар қолданылмады, опатты жағдайлар көп болып тұрды.Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды,олардың үйй-тұрмысы төзгісіз болды, терезесі сығырайған жертөлелерде тұрды.Тамақтың жетіспеуі, үйлердің лас болуы ауруға шалдығуға әкелді. Әйелдер мен балалардың еңбңгң пайдаланылды.Жұмысшылар жұмыстан кетіп қалып, шықпай стачкалар, ереуілдер жасап тұрды.Ереуілдер экономикалық талаптар ғана \қойды. Әдетте көтерілісшілерді тез жазалайтын, кейде оларды ауыздықтау үшін үкімет орындарын көмекке шақыратын.Тұтас алғанда Қаз-ғы 19ғ ІІ жартысындағы жұмысшы қозғалысы ұйымдаспаған, әлсіз түрде болды. Сонымен қатар, жұмысшы қозғалысының алғашқы қадамдарының таптық сана-сезімінің артуы үшін зор маңызы болды.