Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих 2012 гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
338.94 Кб
Скачать

41).1773-75Ж е.Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы.

Көтерілістің негізгі себептері-жер мәселесі. Көтерілістің негізін 3 кезеңге бөлеміз.:

1773ж күзі-74ж көктемі-бұл кезде көтеріліс басталып, үндеулер таратылды.

1774ж көктемі-1774ж аяғы-көтерілістің шырқау шегі.

1774ж аяғы-1775ж көктемі. 1771ж Еділ-Жайық аралығында қалмақтар 30 мың шаңырақпен өз отандарына қайтіп оралды. Көтерілісті сұлтандардың арасында Ералы, Досалы, Сейдалы, Айшуақ сұлтандар қолдады. 1773ж қырқүйек айында Нұралы ханның өнімі Зәкір молда Усика өзені бойында Пугачев адамдары кездеседі. Бірақ, Пугачев жерлерінің Жайық бекінісіне шабуылы сәтсіз аяқталғаннан кейін нұралы көмек беруді тоқтатады. 1774ж Пугачев әскерлерінің Орынбор қаласын қоршауына қазақтарға араласты. 1775ж Пугачев әскерлері Царыцин қамалын қоршайды. Ресейде бұл көтеріліс 1775ж ортасында аяқталғанымен Қазақстанад 1776ж дейін созылды.

42).Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.Себептері мен қозғаушы күштері.

Көтерілістің уақыты (1783-97), Кіші жүзде болды.Сырым Байбақты руының старшыны әрі биі, батыры болды.Басты мақсаты:

1.Еділ Жайық аралығындағы терр-ны қайтару.

2.Орал-Қазан әскерлерінің шапқыншылықтарын тоқтату.

3.Кіші жүзді басқарып отырған Нұралы ханды тақтан түсіру. Оның негізгі саясаты-хандық билікті жоып, билер кеңесін құру. Ол Кіші жүздің ішіндегі байбақты руының старшыны . 1778ж Сырым балалары Орал қазақтарымен қақтығыста қайтыс болады. 1785ж Кіші жүз старшындарының съезі болды. Нұралы ханды хандық биліктен түсірді. 1786ж Патша үкіметі Игелстром реформасын жүргізді. Ол бойынша

1.шекаралық сот органы құрылды.

2.Бүкіл әкімшілік аймақ осы органға байланысты болды. Шекаралық сот органын гене рал-губернатор өзі басқарды. 1785ж патша үкіметіне көтеріліс барысында Айшуақтың ұлы Атақ қайтыс болды. Айшуақтың өзі патша әскерінің қолына түсіп қалады. 1790ж басында Нұралы қайтыс болғаннан кейін Патша үкіметі Ералыны хан қылдырады. Осыған байланысты Сырым әскерлері Красногор бекінісін қоршай бастайды.1792ж Сырым әскері 7000 жете бастады. 1795ж Ералының орына Есім сұлтан отырады. 1797ж қыстың қатаң болуы және жазалау шараларының ұлғаюы Сырым әскерлерінің хан ордасын қоршауына алып келді.Сырым әскері Есімді өлтіреді. 1797ж патша үкіметі Кіші жүзде «хан кеңесін» құруға келісім береді. Патша үкіметінің бұйрығы бойынша Айшуақ хандық кеңестің төрағасы болып сайланды. 1802ж Сырым Хиуа территориясында қайтыс болды.

Нәтижесі:

1.Орал казактарының шапқыншылығы тоқтатылды.

2.Еділ Жайық аралығындағы жер қайтарылды.

43)Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың көтерілісі.

1806-1816ж Қаратай көтерілісі Кіші жүзде болды. 1807ж патша үкіметі Айшуақ қайтыс болғаннан кейін орнына баласы Жантөрені тағайындайды. Қаратайды халық арасындағы беделі үшін хан тағынан алыстатты. 1807ж Қобда өзені бойында (Ақтөбе) Кіші жүз старшындары Қаратайды хан етіп тағайындау туралы шешім қабылдадаы. 1809ж Қаратай әскерлері Жантөрені өлтіреді. 1812ж дейін Кіші жүзде хан болмады. Қаратайға қарсы жазалау отряды құрылды. Ол Қарақұмда тығылды. 1812ж патша үкіметі хан тағына Жантөренің інісі Шерғазыны тағайындайды. Осыған байланысты 1812ж Қаратай бүкіл қазақ даласына ұран тастайды: «7 мен70 арлығындағы ерлер атқа қонсын».

Арынғазы көтерілісі 1816-1824жж Кіші жүзде болды. Әкесінің аты-Әбілғазы. 1816ж Бұқар әмірінің бұйрығымен Арынғазы Сыр бойы қазақтарының әкімі болым тағайындалды. Ол екі жақты майданда соғысты: Ресей, Хиуа. 1818ж шайқастардың бірінде оның отбасысы Хиуа әскерінің қолыеа түміп қалады. 1822ж патша үкіметі басқарған 10 шақты сұлтанды Петербургке шақырады. 1833ж Калуга түрмесінде Арынғазы қайтыс болады.