- •1.Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
- •2.Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •3.Механиканың негізгі ұғымдары: жылдамдық, орташа жəне лездік жылдамдық.
- •4. Үдеу. Үдеудің нормал жəне тангенциал құраушылары. Толық үдеу.
- •5. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •6. Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •7. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •11.Ньютонның заңдары.
- •17.Кейбір денелердің инерция моменттері: цилиндр және диск.
- •18.Механикалық жұмыс.Қуат
- •21.Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық
- •25.Сұйықтың тұтқырлығы.
- •26.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •29. Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •31.Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
- •34. Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі.
- •35,36,38. Iшкi энергия. Жылу мөлшері және термодинамикалық жұмыс.
- •56.Электр қозғаушы күші.
- •74.Диэлектриктер. Диэлектриктердi поляризациялау
- •72.73.Электр өрiсiнiң .Энергиясы. Конденсаторды тiзбектей және параллель жалғау
- •. 77 Импульстің сақталу заңы
- •78Энергияның сақталу заңы
- •81.Лоренц түрлендірулері
- •88Энтропия және ықтималдылық
- •Техникалық вакуум[өңдеу]
- •Физикалық вакуум
25.Сұйықтың тұтқырлығы.
Стокс заңы.
Сұйықтың тұтқырлығы – сұйықтың қозғалысы барысында оның өз өңірінде үйкеліс күшін тудыру қабілеті. Тұтқырлық - сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады. Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығын өте күшті болады. Себебі сұйықтың температурасы жоғарылап кризистік температураға жеткенде (мысалы, суды алсақ ол 1000с-та қайнап буға айналады) басқа фазаға өтеді. Әсіресе майлар тұтқырлығының тәуелділігі күшті , мысалы, температурасы 180 С-тан 400 С-қа дейін көтерілгенде кастор майының тұтқырлығы төрт еседей кемиді.Барлық нақты сұйықтардың бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, онда азды-көпті үйкеліс күші пайда болады. Шапшаңырақ қозғалатын қабат тарапынан жай қозғалатын қабатқа үдетуші күш әсер етеді. Керісінше, жай қозғалатын қабат тарапынан шапшаң қозғалатын қабатқа бөгеуші күш әсер етеді. Бұл күштер ішкі үйкеліс күштері деп аталады, олар қабаттардың бетіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады. Ішкі үйкеліс күшінің шамасы сұйық ағысының v жылдамдығы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде қаншалықты шапшаң өзгеретіндігіне тәуелді және қарастырылып отырған сұйық қабаты бетінің S ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым зор болады. Мысалы, бірінен-бірі Δh қашықтықтағы сұйықтың екі қабаты v1 және v2 жылдамдықпен ақсын (v1- v2=Δv) делік. Қабаттардың Δh арақашықтығын өлшегенде бағыт сол қабаттардың ағыс жылдамдығына перпендикуляр болсын. Сонда Δv/Δh шамасы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде жылдамдықтың қаншалықты шапшаң өзгеретіндігін көрсетеді, оны жылдамдық градиенті деп атайды. Ньютон алғаш рет сұйықтың екі қабатының арасындағы үйкеліс күші жылдамдықтар айырымы мен жанасып тұрған сұйық қабаттары бетінің ауданына тура пропорционал және сол қабаттардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігін дәлелдеді.
мұндағы η-пропорционал коэффициент, яғни сұйықтың тұтқырлық коэффициенті деп аталады.
Тұтқырлық
коэффициенті неғұрлым үлкен болған
сайын сұйықтың идеал сұйықтан айырмашылығы
мен үйкеліс күші соғұрлым үлкен болады.
Егер екі сұйық қабаты шексіз жақын
болса, онда
Сұйық тұтқырлығының әсерінен болатын қозғалыс кезіндегі жанама кернеулігі мынадай:
сұйықтың тұтқырлық коэффициенті:
Тұтқырлық коэффициенттің өлшемділігі: η=ML-1T-1
Тұтқырлық
динамикалық коэффициенті
-пен өлшенеді, яғни жылдамдық градиенті
- 1
.
Бетінің ауданы 1 м2 сұйық қабаттарының
әсерлесу кезіндегі тұтқырлық күші 1 Н
болады. Әдетте η
коэффициентін тұтқырлықтың абсолюттік
коэффициенті деп атайды. Ал осы
коэффициенттің берілген сұйықтың
тығыздығына (ρ)
қатынасы тұтқырлықтың кинетикалық
коэффициенті делінеді, ол
Бұл тұтқырлық коэффициентіне кері шама, яғни 1/η - аққыштық коэффициенті деп аталады.
Тұтқырлықтың
әсері ағынның қозғалмайтын денемен
өзара әсерлесуі кезінде де
байқалады.Тұтқырлығы
сұйық ішіндегі радиусы
,жылдамдығы
шар қозғалысына жасалатын кедергі күші
мынаған тең:
,
Бұл өрнек Стокс теңдеуі деп аталады. Стокс өрнегі лабораториялық практикум сабағында сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау үшін қолданылады. Стокс тағайындаған заң бойынша: кедергі күші бірінші дәрежеде алынған жылдамдыққа, тұтқырлық коэффициентіне және дененің сызықтық өлшемдеріне тура пропорционал болады.
