Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз

Кез келген семинарға алдын ала дайындалу қажет. Семинар өткізілместен бұрын оқушыларға:

  • семинар тақырыбы алдын ала жарияланады;

  • әдебиеттер тізімі беріледі;

  • қажетті кеңестер беріледі.

 Семинар сабағының маңызы:

  • оқушыларда сыныптастарының жауаптарын өздігінен талдау, өзінің көзқарасын дәлелдеу және сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды;

  • өз бетімен білім алуға, жұмыс істеуге дағдыланады

Топсеруен сабағының ерекшелігі:

  • сыныптан тыс жерде өткізіледі;

  • негізгі оқыту әдісі — бақылау;

  • қысқа эксперимент жүргізіледі;

оқушылар зерттеушілер рөліне енеді.

Мұғалімнің топсеруен сабағындағы негізгі қызметі балалардың жұмыс барысында білім алуына бағытталған сабақты ұйымдастыру болып табылады. Топсеруен сабағының маңызы:

  • оқушылар тірі организмдермен олардың табиғи жағдайында танысады, бұл осы организмдердің мекен ету ортасына бейімділігін, тірі табиғаттағы өзара байланыстарды анық көруге мүмкіндік береді;

  • тірі организмдерді табиғат аясында зерттеу олар туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға ғана емес, олардың оқушылар есінде берік сақталуына да көмектеседі;

  • топсеруен барысында оқушыларда байқағыштық, талаптылық, тірі табиғатты зерттеуге деген қызығушылық дамиды;

  • табиғат аясындағы жұмыс мұғалімді оқушылармен жақындастырады, оған оқушыларды жақсырақ танып, сынып жағдайында білінбейтін ерекшеліктерін көруіне мүмкіндік береді;

  • топсеруенде оқушылар табиғатқа, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, олардың эстетикалық талғамы дамиды.

  • Тақырыбы, мақсаты мен жоспары ойластырылады.

  • Бірнеше күн бұрын мұғалім топсеруен өтетін жерге барып көреді, зерттелетін объектілерді табады, маршрутты, әңгім өткізуге, жеке бақылаулар жасауға, материалдарды жинауға, қорытынды шығаруға қолайлы жерлерді белгілейді.

  • Барлық қажетті құрал-жабдықтар жөнінде алдын ала қамданады.

  • Топсеруенге оқушылардың өздерін дайындайды: оларға сабақ мақсаты, істелінетін жұмыс түрлері, өздерімен алып шығатын керек-жарақтар жөнінде айтылады.

  • Топсеруен ережелері

Топсеруен — саяхат емес, бұл сабақ.

2. Топсеруенге баратын жерді зерттеп алыңыз, топсеруен тақырыбын анықтап, жоспарын жасап алыңыз.

3. Кездейсоқ қойылған сұрақтарға алаңдамай, топсеруеннің тақырыбынан ауытқымаңыз.

4. Топсеруенге шыққанда көрсете алатын объектілер туралы ғана әңгімелеңіз.

5. Түсіндіремін деп көп созбаңыз.

6. Топсеруеншілерді тыңдаушылар ғана етіп қоймаңыз, оларды белсенді жұмыс істетіңіз.

7. Топсеруеншілерге өте көп атауларды атай бермеңіз, оқушылар оларды ұмытып қалады.

8. Объектілерді дұрыс көрсете біліңіз, оқушыларды оларды дұрыс қарастыра алуға үйретіңіз: барлығына объект жақсы көрініп тұруы керек.

9. Топсеруеншілерді жалықтырмаңыз, олар Сізді тыңдамай кетеді.

10. Топсеруенді оқушылардың есінде қалдыру үшін материалды кейін қайталап өтіңіз.

Оқу процесінде пайдалану уақытына қарай топсеруен сабағының түрлері:

  • кіріспе топсеруен (оқушыларды қызықтыру үшін);

  • ағымдағы топсеруен (тақырыптарды өткен кезде);

  • қорытынды топсеруен (үлкен тарауды өтіп болған кезде).

Мазмұныны қарай топсеруен сабағының түрлері:

  • ботаникалық;

  • зоологиялық (кешенді);

  • жалпы биологиялық, т.б.

Биологиядан өткізілетін топсеруен сабақтарының саны:

  • «Өсімдіктер» бөлімі бойынша — 4—6 топсеруен;

  • «Жануарлар» бөлімі бойынша — 3 топсеруен;

  • «Адам және оның денсаулығы» бөлімі бойынша топсеруен жоспарланбайды;

  • «Жалпы биология» бөлімі бойынша топсеруендер тақырыптарға бөлінген сағаттар есебінен жоспарланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]