Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы

Қандай да бір оқу пәні болмасын оның өзінің даму тарихы болады. Сондай-ақ биологияны оқыту әдістемесі пәніде педагогика ғылымының бір саласы сипатты өзінің жеке пән болып қалыптасуы сонау XVII ғасырдан басталады. Әрине қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес бірнеше өзгерістер де болуы мүмкін. Себебі сол кездегі мемлекеттердің дамуына ең қажеттілік сауатты білімді мамандар керек болған. Осыған орай 17 ғасырдың аяғында 18 ғасырдың басында ежелгі Ресейде зиялы мектептер ең алғаш рет пайда бола бастады. Сауаттылыққа үйретумен қатар жаратылыстану жайлы мәліметтер беріле бастады.

1724 жылы I Петр Петербург академиясының негізін салды. 18 ғасырдың аяғында академияның зерттеулерінің нәтижелері өзінің алғашқы жемісін бере бастады. Жаратылыстану саласынан көптеген ғылыми жаңалықтар ашыла бастады. Қалаларда 2 жылдық, бесжылдық халық училищелері ашылып жастарды оқыта бастады. Сабақ беруге ең бірінші Владимир Федорович Зуев шақырылып, 1786 жылы өзінің бірінші оқулығын жазып шығарды. «Начертание естественной истории». Ол оқулық екі бөлімнен, үш тараудан тұрды. Сондықтанда, академик В.Ф.Зуев биологияны оқыту әдістемесінің отандық негізін қалаушы деп аталып кетті. Одан әрі қарай биологиядан білім беру саласына басқада педагог – жаратылыстанушылар келе бастады. Солардың арасынан ерекше атап өтуге тұрарлығы Александр Яковлевич Герд (1841-1888). Бұл ғалым XIX ғасырдағы ең ірі жаратылыстанудан әдіскер деп тарихта атағы қалды. Оқушыларға материалистік дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру мен өз бетімен танымдылықты игеру деп түсіндірді. Идеясының ерекшелігі дамыта оқыту жайлы пікірі дәл қазіргі кездегі талапқа сай деуге болады. Енді осыларды атап өтейік:

  • Оқушыларға табиғат жайлы оқу материалын түсіндіруді эвалюциялық тұрғыдан мазмұндау арқылы дүниеге көзқарасын дұрыс қалыатастыру

  • Тірі ағзаларды оқуды төмен мен жоғары қарай яғни қарапайымнан күрделіге қарай оқытуды енгізу

  • Оқушының білім алуына қойылатын басты талап өз бетімен іздемпаздығын дамыту

  • Оқушыға білім беру үшін түсініктемелік – іздемпаздық әдістерін үйрету

  • Бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп оқыту

  • Биологияны оқыту барысында тірі табиғатпен байланысты күшейтуге бағыттау (экскурсия, практикалық жұмыстар, демонстрациялау)

  • Герд «триадасы » бастауыш сыныптарында « жер, ауа, су жайлы » мәліметтерді түсіндіру т.б

20 ғасырдың алғашқы жылдарында жаратылыстану саласынан мектеп оқушыларына білім беруде прогрессивтік өзгерістерге ауысқанын байқауға болады. Оның басты себебі қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, оның ішінде мемлекеттегі ғылыми техникалық прогресстің дамуы ірі өндіріс орындары мен завод фабрикаларының қалыптасу жаңа құрал-жабдықтарды керек етті. Сол кездегі алдыңғы қатардағы методист әдіскерге немістің педагогы Ф.Юнгені жатқызуға болады. Ол табиғатты арнаулы экскурсия өткізу арқылы зерттеп оқытуды ұсынды. Бұл идеяны орыс методисттері В.В.Паловцев, Д.Н.Кайгородов белсенді жүргізе бастады. 1907 жылы Валериан Викторович Половцев «Основы общей методики естествознания» атты биоценологиялық кітап жазды. Ол ең алғаш рет «биологиялық әдіс» идеясын яғни жаратылыстануды оқытуды биологиялық әдіс арқылы оқу материалдарын таңдап сұрыптай мазмұнмен құруды ұсынды. Бұл әдіс жаратылыстануды экологиялық тұрғыдан түсіндіруге бағытталған. Ол оқу материалдарын ауроэкологиялық және синэкологиялық мазмұндауды және мектеп оқулығына биогеоценология жайлы енгізуді ұсынады. 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың басында биологияны оқыту әдістемесі пәннің қалыптасуына тағы басқада әдіскер методисттер өзінің үлесін қосты

15. Экология жене биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен атқаратын қызметтерін айтып беріңіз (басын 14-ши сурактан аласын)

Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің – биологиядан айырмашылығы әдістеме органикалық дүниенің даму заңдылықтарына аса көңіл бөлмейді. Ол білім беру үрдісінің педагогикалық заңдылықтарын зерттейді. Сондықтанда пәннің басты зерттеу саласы мектеп оқушыларына биологиядан биологиядан білім беру. Бұл жерде оқыту үрдісінің барлық әдіс-тәсілдері жан-жақты қаралады (мазмұны оқыту әдіс-тәсілдері, білімін бағалау, оқушының жас ерекшелігі т.б).

Әдістемелердің басты қызметі мынандай

  • Білімдік-танымдық

  • Тәрбиелік

  • Дамытушылық

  • Бақылау

  • Ұйымдастыру - басқару

  • Сана сезімін ояту, себеп салдарын дәлелдеп түсіндіру.

Нақтылай талдау жасап, сипаттама берейік.

  • Білімділік-танымдық қызметі оқушыларға білімін терең тиянақты, ойланып, шығармашылық пен сын көзбен меңгеруге және алған білімін болашақта практика жүзінде іске асыруға қабілеттілігін арттырады. Бұл дегеніміз дидактиканың ең басты принципі яғни теория мен практиканың біртұтастығы деген ұғымға сәйкес.

  • Тәрбиелік қызметі дегеніміздің мәні жастарды диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастырумен бірге қайырымдылыққа, адалдыққа, өзбетінше ойлауға, тірі табиғаттағы тірі ағзаларға аяушылық көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелік қасиетін дамытады. Экологиялық сауаттылығын, белсенді тіршіліктегі поезиясын тәрбиелеуді мектеп қабырғасынан үйрету әрбір ұстаздың міндеті.

  • Дамытушылық қызметінің басты рөлі әрбір мектеп оқушысын жеке тұлға етіп білім-тәрбие бере отырып оның азаматтық қасиетін қалыптастыру. Сабақтан сабаққа қарай ұғымын, ептілігін, шеберлігін оның үйлесімділігін жан-жақты білімділігін, алған білімін практика жүзінде өмірде қолдана білу іскерлігін.

  • Бақылаушылық қызметі. Әрине мұғалім барлық уақытта өзінің шәкіртінің оқу үрдісі барысындағы білімін қадағалап, бақылап, бағалап отыруы басты борышы. Бақылаудың бірнеше методикалық әдіс-тәсілдері болатын күрделі кешенді жұмыс.

  • Ұйымдастырушы-басқару қызметі. Табысты оқу үрдісін ұйымдастыру мен басқару әрбір оқу жүйесіндегі басты фактор. Әсіресе мұғалім мен оқушылардың арасындағы бір-біріне деген сенімділік, оқушыны ұқыпты тыңдап, оның ой пікіріне сын көзбен қарай, өз бетімен үйренуге, оқуға мүмкіндік бере отырып білім-тәрбие бергенде ғана нәтижесі жоғары деңгейде болады.

Осы жоғарыда келтірілген әдістемелік қызметтер бір-бірімен өзара байланыстағы оқу үрдісіндегі біртұтас жүйе. Бірақта осылардың ішіндегі ең бастысы білімдік-танымдық қызметі.

Әрбір әдістемелердің тиімді іске асырылуы оның оптималды құрылымына байланысты іске асырылады. Олар мынадай компоненттерден немесе құрамдас бөліктен тұрады.

  • Оқу материалының көлемі мен мазмұны (не оқу керек)

  • Оқу мақсатын қоя білу және себеп-салдары неде (мотивация) (не үшін оқимыз)

  • Ақпарат көзі (қалай оқытамыз)

  • Мұғалім мен оқушының өзара қарым қатынасының ерекшелігі (қалай оқыту керек)

  • Тура және кері ақпарат каналдары (қалай оқыту)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]