Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз

Зертханалық сабақтар – оқу пәні бойынша шағын зерттеулер жүргізілетін оқытуды ұйымдастырудың формасы; теориялық қағидаларды дәлелдейтін эксперименттер мен өлшемдерді орындайтын студенттердің немесе оқушылардың өзіндік жұмысы; аналитикалық, гностикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға байланысты жұмысы.

Зертханалық сабақ - биологияны оқыту формаларының бірі

Зертханалық сабақтың ерекшеліктері:

- оқушылардың білім алудағы дербестігіне зор мүмкіндік береді;

- жаңа ақпарат негізінен тірі немесе кептірілген (ерітіндігесалынған) биологиялық объектілерді зерттеу жолымен алынады;

- жаңа білімді меңгерудің немесе бар білімді нақтылаудың негізгі әдістеріне бақылау, қысқа мерзімді эксперимент, оқулықпен, кітаппен, анықтағыштармен немесе өзге дидактикалық материалмен жұмыс істеу жатады;

- оқушылар жұмысты орындауда жазбаша нұсқау - тапсырмаларды немесе мұғалімнің ауызекі нұсқауын басшылыққа алады;

- оқушылар жұмыс қорытындысы жөніндегі есебін жеке не ұжым (топ) болып береді.

Зертханалық жұмысты орындау барысында:

  • оқушылар зерттелетін объект туралы нақты әрі едәуір толық мағұлмат алады;

  • оқушылардың білімді игерудегі дербестігін дамытуға барынша көп жағдай туғызылады;

  • оқушылар бірқатар практикалық біліктерді игереді, олар: ұлғайтқыш әйнек, микроскоп, препарат жасауға арналған құралдарды қолдану, микропрепаратты әзірлеу т.б.;

  • уақыттың біршама бөлігі табиғат объектілерін зерттеуге арналғандықтан оқушылардың тіршілік иелерін зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, биологияның бірқатар мәселелерін қарастыруына қолайлы әсер етеді.

  • Зертханалық жұмысқа қойылатын талаптар

Зертханалық жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге қоятын талаптар:

- зертханалық жұмыстарды оқушылар жеке немесе топ-топқа (2-4 оқушыдан) бөлініп орындауларына болады;

- мұғалім жұмыстын орындалу барысын үнемі бақылайды;

- оқушылардың жұмысты ордауына кететін уақытты алдын ала белгілеп, оның сақталуын қадағалайды (уақытылы қорытындының шығарылуы, құрал-жабдықтардың жиналуы, т.с.с).

Зертханалық жұмыстың сипаты

Иллюстрациялық сипаттағы зертханалық жұмыста:

  • оқушылар зерттеу объектісімен оқулық арқылы танысады;

  • бұл деректердің дұрыстығына олар жұмысты өз бетімен орындай отырып көз жеткізеді. Мысалы, «Түрөзгерген өркен» атты зертханалық сабақта оқушылар тамырсабақ, түйнек, жуашықтың ішкі құрылысы жөніндегі оқулықтан алған мәліметті, олардың көлденең кесіндісін қарап-ақ растай алады.

Зертханалық жұмыс нәтижесін ресімдеу

  • Жұмыстың әр тармағы және жалпы жұмыс бойынша қысқаша қорытынды жазабаша жасалады.

  • Керекті сурет салынып, оның тұсына тиісті жазулар жазылады.

  • Қорытындының дұрыстығын мұғалім тексеріп, бағалайды.

13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз

Дәрістің негізгі қызметі — ғылыми білім беру.

Дәрістің әңгімеден ерекшелігі, онда қорытылған ғылыми фактілер мен негізгі биологиялық заңдылықтар туралы теориялық материал көбірек баяндалады.

Мектеп дәрісі әңгімеден ұзақ, ол үздіксіз сабақ бойы немесе, кем дегенде, 20—30 мин. оқылады.

Дәріске қойылатын негізгі талап — фактіге негізделген материал мен қорытудың бірлігін сақтау. Фактіге (шындыққа) негізделген материалсыз дәріс абстрактілі (дерексіз) болып кетеді, ал белгілі фактілері қорытылмай өткізілген дәрістің теориялық деңгейі төмендейді.

Дәрісті жоспар бойынша құрып, оқиды. Оны оқыған кезде негізгі, маңызды деген жайттарға ерекше көңіл бөлінеді.

Дәрістің нәтижелі өтуі негізінен оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыруға байланысты. Оқушылардың дәрістің жоспары мен оның түйінін тезистер немесе конспектілер түрінде жазып алуы тиімді, бұл олардың басты ойға назар аударып, ұсынылған материал мазмұнын саналы меңгерулеріне көмектеседі.

Дәріс барысында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың маңызды зор.

Дәріс мұғалімнен үлкен дайындық жұмыс жасауын қажет етеді: мақсатын анықтау, мазмұынды іріктеп, оны құрастыру, жоспар-конспектіні жазу, көрнекі материалды іріктеу.

Биологияны оқыту практикасында мектеп дәрісінің кіріспе, ағымдағы және қорытынды деген түрлерін қолданады.

Кез келген дәріс:

кіріспе бөлімінен;

негізгі бөлімнен;

қорытындыдан тұрады.

Биология пәнін оқытуда жиі дәріс пайдаланылатын тақырыптарға мыналар жатады:

«Түрлердің шығу тегі туралы Ч. Дарвин ілімінің негізгі қағидалары»;

«Органикалық дүниенің Жер бетінде пайда болуы мен дамуының негізгі бағыттары», т.б.

Биология курсының ірі бөлімдері мен тақырыптары бойынша дәріс материалы семинар сабақтарында талданады.

Лекция-басқа әдістерден айырмашылығы құрылымы өте күрделі түсіндіруіне де ақпаратқа да өте бай. Түсіндіру белгілі бір жүйелік сипатпен жүреді. Мектеп лекциясы белгілі бір күрделі құбылыстардың, процестердің араларындағы байланыстардың себептерін түсіндіру кезінде қолданады. Көлемі жағынан сабақ уақыты толық пайдалануға лекция жоспарын нақты бөліп жасап көрсету.

-тақырыпты атап, оның жоспарын мақсаты мен міндетін оқушыларға хабарлап айту керек;

-жоспар бойынша барлық пунктерін белгілі бір деңгейде, белгілі бір ретпен мазмұндау;

-әрбір пункті мазмұндап тіркегеннен кейін қысқаша жалпы қорытындылау;

-лекцияның бір бөлімінің екінші бөліміне көшерде арасындағы логикалық байланысына көңіл бөлу;

-мазмұндау барысында лекцияның проблемалық жағы және оқытушының сезім әсері (эмоция);

-тілі, мысалдар, фактілер салыстырмалығы;

-аудиториямен байланысы, оқушылардың тыңдау, ойлау қабілетінің қызметін дұрыс басқара білу;

-лекцияның маңызды жерлерін жан жақты ажыратып, айқындай түсіндіру;

-мазмұндау темпі, лекцияның негізгі басты-басты жерлерін конспектілеуі;

-кейбір кезекті жерлерін бөліп, оны жазуға мүмкіндік беру;

-көрнекті құралдарды пайдалану арқылы оқу материалын оңай қабылдап, оны түсінуге жеңілдік жасау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]