Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз

Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар

Биологияны оқытудың, білім және тәрбие берудің, оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамытудың міндеттері ең алдымен сабақ беру кезінде шешіліп, қалған формалары да жетілдіріледі. 45 минуттық құдіреті оның қаншалықты дәрежеде ұйымдастырылуымен байланысты.

Сабақты жіктеу әртүрлі және оның мақсатына, міндетіне, тақырыптың орнына, сабақты түсіндіру мен білімді қабылдау, игеру, тақырыптың мазмұнына байланысты жіктеледі:

  • Дидактикалық мақсаты мен тақырыптың орнына қарай кіріспе, оқыту, түсіндіру (жаңа білім, таным қалыптастырушы) және қорытынды жалпы тұжырымдау, сынақ-бақылау.

  • Сабақтың дидактикалық міндеті мен мақсатына қарай кіріспе сабақ пәннің тақырыбын, тарауларымен таныстырудан басталады.

Түсіндірілетін жаңа тақырып материалдары мазмұндаудан, қорытынды сабақ тақырыпты өтіпаяқтағаннан кейін жалы тұжырымдалынады. Бұл жерде ірі мәселелерді шешіп, фактілерді талдап, аралық түсініктердің байланыстырып қорытынды жасалады.

  • Оқыту әдісі мен түріне қарай (И. Н. Казанцев бойынша) мынандай түрлерге бөлінеді: лекция, әңгіме, экскурссия, семинар, рөлдік ойындар, конференция, диспут, дискуссия

  • Білімді беру мен қабылдау сипатына қарай сабақ:

  • пассивті ( репродуктивті, дәстүрлі, түсіндірме-безендіру)

  • активті (продуктивті, мәселелі, жартылай ізденіс, зерттеушілік, дәстүрлі емес).

Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі жоспарлау. Тақырыптық жоспарды құру барысында ең алдымен сабақтың типін немесе әдіс-тәсілдерін анықтап алған жөн. Биология пәнінде бірнеше сабақ типтерін пайдалануға болады. Оның ішіндегі ең басты бес типіне тоқталайық. Олар:

1)жаңа сабақ (жаңа материалдарды оқып, үйрету)

2)жүйелеу (іскерлік дағдыларын қалыптастыру)

3)аралық сабақ

4)қорытынды сабақ

5)сынақ сабақ

Екінші кезекте әр типке сәйкес қолданылатын сабақтың құрылымы анықталады. Соған байланысты оны 9 құрамға бөлуге болады.

1)Ұйымдастыру бөлімі сабақтың міндеттері

2)үй тапсырмасын тексеру

3)оқушы білімін жан-жақты тексеру

4)оқушыларды жаңа материалдарды қабылдауға дайындау (сабақ мақсаттарын ұйымдастыру)

5)жаңа сабақты түсіндіру

6)оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағанын алғашқы тексеру.

7)берілген хабарламаларды оқушылардың өз бетімен жұмысы арқылы бекіту.

8)бұрынғы өткендерді жаңа сабақпен байланыстырып түсіндіру

9)үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақтың құрылымының орнын өзгертіп пайдалануға болады. Әрбір сабақтың типін мынандай ұйымдастыру түрлерін қолдану арқылы түрлендіруге болады. Мысалы: жаңа сабақты дәріс, аралас, кіріктірілген әңгімелесу-пікірлесу сабақтары арқылы жүзеге асыруға болады.

Жүйелеу сабағында-семинар, конференция, аралас сабақтарды қолдану арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.

Аралас сабақ-сабақтың типіне, түріне де жатқызуға болады.

Қорытынды сабақ- жарыс КВН, аукцион сабақтарын пайдаланып жақсы нәтижеге жетуге болады.

Сынақ сабақтары- сынақ алу және бақылау сабақтары арқылы жүзеге асырылады.

Сабақты жоспарлаудың үлгісі.

1)Сабақтың тақырыбы: нақты, түсінікті болу шарт тақтаға жаз.

2)Сабақтың үш мақсаты (оқыту, тәрбиелеу, даму).

11. Дидактикалық приниптердің қандай негізгі түрлері бар, дидактикалық принциптердің мән мағынасы

Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принцип-терін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.

Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі: ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы.

Ғылымилық принципі. Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.

Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. \

Саналылық пен белсенділік принцип. Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.

Көрнекілік принципі. Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.

Сәйкестік принципі. Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді. Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен нәтижелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.

Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидак-тикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]