
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
2.Биосферадағы заттар айналымы
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.
Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Биосферадағы зат айналымы- үлкен (геологиялық) және кіші (биотикалық) айналыс деп екіге бөлінеді. Үлкен зат айналымы мың- миллиондағын жылдар бойы жүреді. Бұл аралықта, тау жыныстары үтіліліп, ондағы сумен араласады. Оның еритін бөлігі ерітінді түзіп, әр түрлі өзгерістер ұшырайды. Кіші айналым кезінде, зат айналысы биоценоз деңгейінде жүреді. Мысалы, топырақ құрамындағы қоректік заттар, су, көмертігі қосылыстары- өсімдіктер дүниесін құрайды. Ал, өсімдікттер, өзге тіршілік иелерінің денесін құрауға қажет. Жан- жануарлар тіршілігі таусылған соң, құрт- құмырсқа бактериялар нәтижесінде ыдырап, қайтадан минералды заттар айналады. Минералдық заттарды өсімдіктер дүниесі қайта пайдаланып, тіршілік сөйтіп жалғасы береді.
Күн сәулесімен энергиясын пайдалану нәтижесінде, бейорганикалық заттардың- өсімдіктер, жан- жануарлар дүниесіне айналып, қайтадан бейорганикалық заттарға өту барысындағы химиялық реакциялар тізбегімен жүретін өзгерістер- биогеохимиялық цикл деп аталады.
Көміртегі айналымы. Көміртегінің табиғаттағы айналымы үлкен және кіші циклдар бойынша жүзеге асады. Көміртегінің геологиялық үлкен цикл бойынша айналымы төменде келтірілген. Көміртегінің кіші цикл бойынша түрленуі, үлкен циклдің бір көрінісі болып табылады да, оны мынадай өзгеріс схемасы арқылы өрнектеуге болады: Кіші айналымнан шығатын көмір қышқыл газындағы көміртегі- көміртегінің минералдық қосылыстарына айналуына бағытталған. Адамзат баласы тіршілік ету барысында- табиғи газды, көмірді, жанар майларды, органикалық заттарды жандыру барысында, атмосферада көмір қышқыл газының артуына себепші болады. Былайша айтқанла, адамзат іс- қарекеті табиғи цикл арасында өзара қарама- қарсылық пайда болады.
Табиғи цикл Адамзат іс- қарекетінің нәтижесіндегі өзгеріс бағыты.
Күкірт айналымы. Табиғатты күкірт айналымы барысында, төмендегідей химиялық реакциялар орын алады:
CaS + CO2 + H2O = CaCO3 + H2S
2H2S + O2 = 2H2O + 2S
2S + 3O2 + 2H2O = 2H25SO4
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O
CaSO4 + CH4 = CaS + CO2 + 2H
Азот айналымы. Азот элементтерінің де, өзге элементтер сияқты, айналымы үлкен және кіші циклдерден тұрады.
Келтірілген схема Р.Риклефе ұсынысы бойынша беріліп отыр. Мұнда ескере кететін жай, бос күйіндегі азот топырақ өсімдіктер бойына сіңірле алады.
Фосфор айналымы. Фосфор қосылысқа түсуге өте бейім болғандықтан, оның айналымы көптеген факторлар байланысты. Мысалы, кір жуғанда кір жуғыш заттардың құрамындағы фосфордың үлкен бөлігі, сарқынды сулар барысында фосфор тыңайтқыштарының біршама бөлігі жуылып, сарқынды сулармен қоршаған ортаға келіп қосылады. Фосфордың биогеохимиялық циклының формасынан редуценттердің, формасына органикалық формасын бейорганикалық формасына тотықтырмай көшіретіндігінде. Нәтижесінде, элеенттің бір бөлігі терең шөгінде қабаттарына кетіл қалатындықтан, фосфордың циклы азоттың циклына қарағанда, кемірек жетілген болып есептеледі.
Химиялық заттарды тотықсыздануы, түптен келгенде, күн сәулесі энергиясының есебінен іске асырылады. Энергия тасымалының әр сатысында орын алатын оның шашырауы- редуценттер деңгейінде аяқталады, олар элементтерді продуценттер қамти алатын күйге дейін тотықтыралы. Бүкіл алмасу қоры деңгейіндегі биогеохимиялық айналымы, әр сатысында, тотығу процесінің тиесілі бір бөлігі жүзеге асырылатын жүйе ретінде қарастыруға болады.
Ү.Жаңа сабақты бекіту (10 мин). Сұрақтар қою, тапсырмалар орындау.
Ү.Сабақты қорытындылау (4 мин). Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, түсіндіріп қорытындылаймын.
ҮІ.Білімді бағалау (2 мин). Жалпы сыныпты және жеке оқушыларды бағалаймын.
ҮІІ.Үйге тапсырма (2 мин). Оқып, түсінік айту. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріп келу. Тақырыптың астындағы есептерді шығару.
74. Қазақстан республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында 12 жылдық білімге көшу 2015 жылға белгіленген білім беру үлгісінің артықщылықтарые дәлелдеңіз
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына жол ашады.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі артықшылықтары төмендегіше анықталады:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік –Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілінде, қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.
81. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын бағалаңыз
Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейді; білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылайды; білім алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.Осы Стандарт:
- білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына;
- педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген кезде орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;
- білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеген кезінде ғылыми және оқу орындарына, білім беру саласындағы мамандарға;
- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеген кезінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;
- білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау үшін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;
- жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;
- білім алушының оқу сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезінде білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолдану үшін арналған.
Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған, осы құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.
Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.
Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Бейіналды даярлық: білім алушының негізгі орта білім бейінін, жеке білім беру траекториясын тандауына мақсатқа бағытталған педагогикалық қолдау көрсету;
Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру
Бейіндік пән: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жүйелі түрде бақылау, диагностикалау, талдау, жағдайын, нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге асырылу шарттарын бағалау және болжау.
82. Экология және салауаттаеу пәндерінің тәлім-тәрбиелілігін салыстырып бағалаңыз
1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру бағытында «табиғат қорғауға оқыту» термині кең қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді «табиғат қорғауға тәрбиелеу» термині ауыстырып, соңғы жылдары уақыт талабына сай «экологиялық тәрбие», «экологиялық білім» терминдері пайдаланылуда.Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;- басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің, конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы - табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада - экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру. Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі- жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары , сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:-Біріншіден ,жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып,өз ғұмырын Отаны,елі,отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;-Екіншіден салауатты өмір салты-ол денсаулықтың үйлесімді дамып,сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушылардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызымет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Себебі мектептегі барлық жұмытың бағыты салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады,яғни баланың:-денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу;-жас кезден бастап дұрыс тамақтануы;-жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін,қозғалыстың қажеттігін тәрбиелеу;-зиянды әдеттердің алдын алу,осы заттардың зияныны түсіндіру.
83. Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетіңіз
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.