Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз

Дәстүрлі сабақ

Жаңа сабақ материалдарын мұғалім баяндайды, түсіндіреді. Оқушылар назарын аудару үшін сұрақтар қояды, тақырып түсіндіруде түрлі көрнекіліктерді (сурет, слайд, т.с.с.) пайдаланады.

жоспары:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғаламшар биомассасы туралы түсінігін ашу, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: жаңа білім беру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.

Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, география.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру дәрежелерін тексеру.

Жаңа сабақ (20 мин)

Тақырыбы: Құрлық және мұхит биомассасы

Түсіндіру әдісі: презентация арқылы түсіндіру, сұрақтар қою арқылы оқушылар белсенділігін арттыру

Сабақты бекіту (10 мин)

Сөзжұмбақ, презентацияға шолу

Сабақты қорытындылау (4 мин)

Білімді бағалау (2 мин)

Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, әңгімелеу.

Дәстүрлі емес сабақ

Жаңа тақырыпты оқушылар мұғалім тапсырмасы бойынша өздері оқып, меңгереді, талдау жасайды. Мұғалім тек сабақ түрімен таныстырып, оқушыларға дұрыс бағыт береді.

Жоспары:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ғаламшар биомассасын түсіндіріп, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: жаңа білімді өз бетінше меңгерту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, география

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)

Жаңа сабақ (20 мин)

Тақырыбы: Құрлық және мұхит биомассасы

Түсіндіру әдісі:Оқушылар өз бетінше оқып танысады.

Сабақты бекіту (10 мин)

2 топ бір біріне сөзжұмбақ жасау.

Кестені толтыру.

Сабақты қорытындылау (4 мин)

Білімді бағалау (2 мин)

Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру

69. Экожүйенің ауысуы және өздігінен дамуы” тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру (2мин)

Үй тапсырмасын сұрау (10мин)

Жаңа сабақ өту(10 мин)

Бекіту: тест сұрақтарына, тапсырмаларға жауап беру (7мин)

Бағалау:(2мин)

Қорытынды (11мин)

Үй тапсырмасын беру (3мин)

Үй тапсырмасын сұрап, бағалау

Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында материалдарды таратып, үлестіру.

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Сол тақырып бойынша карточкада сұрақтар дайындалады, әр түрлі баллдық деңгейлер бойынша. Алдын ала сарапшы сайланады, сол бағалап отырады. Одан кейін бекіту, яғни тапсырмалар беріледі.

Тапсырмалар: Экожүйеге байланысты оқущылар бір біріне сұрақ қояды және сөзжұмбақ құрайды.

Қорытынды.

Бағалау: сарапшы соңында бағалайды

Үйге тапсырма беріледі

70. «Биотикалық факторлардан» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз

71. Адам және биосфера. Ноосфера» тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.

«Адам және биосфера. Ноосфера» тақырыбын дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен өткізуге болады.

Дәстүрлі сабақ

Жаңа сабақ материалдарын мұғалім баяндайды, түсіндіреді. Оқушылар назарын аудару үшін сұрақтар қояды, тақырып түсіндіруде түрлі көрнекіліктерді (сурет, слайд, т.с.с.) пайдаланады.

жоспары:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: биосфера түсінігін ашу, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: жаңа білім беру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.

Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, география.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру дәрежелерін тексеру.

Жаңа сабақ (20 мин)

Тақырыбы: адам және биосфера. Ноосфера

Түсіндіру әдісі: презентация арқылы түсіндіру, сұрақтар қою арқылы оқушылар белсенділігін арттыру

Жаңа сөздер: биосфера, тірі зат, биофильді заттар, ноосфера

Сабақты бекіту (10 мин)

Сөзжұмбақ, презентацияға шолу

Сабақты қорытындылау (4 мин)

Білімді бағалау (2 мин)

Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, әңгімелеу.

Дәстүрлі емес сабақ

Жаңа тақырыпты оқушылар мұғалім тапсырмасы бойынша өздері оқып, меңгереді, талдау жасайды. Мұғалім тек сабақ түрімен таныстырып, оқушыларға дұрыс бағыт береді.

Жоспары:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: биосфера түсінігін ашу, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: жаңа білімді өз бетінше меңгерту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, география

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)

«Қатесін тап» тапсырмасын ортындату

Жаңа сабақ (20 мин)

Тақырыбы: адам және биосфера. Ноосфера

Түсіндіру әдісі: презентация арқылы биосфера ұғымымен және оның құрылысымен танысу. Оқушылар өз бетінше оқып танысады.

Сабақты бекіту (10 мин)

Презентация материалдары бойынша тақырып мазмұнын ашатын конспект- сөзжұмбақ жасау.

Сабақты қорытындылау (4 мин)

Сызбанұсқа «биосфера құрылымы, компоненттері»

Білімді бағалау (2 мин)

Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру.

72. Анализаторлар немесе сезім органдарынан” тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз

Пәні: Биология

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері - анализаторлар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сезім мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  3. Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: көздің, құлақтың, тілдің, мұрынның суреттері,

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, суретпен жұмыс, сұрақ - жауап, жазбаша жұмыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі(2мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру(5мин)

3. Жаңа сабақ(25мин)

4. Сабақты бекіту(5мин)

5. Сабақты қорытындылау(4мин)

6. Білімді бағалау(2мин)

7. Үй тапсырмасы(2мин)

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып тазалығы, оқушыларды түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ми бөлімдерін ата.

2. Адам миының өзіне тән қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

3. Ер адам мен әйел адамның миында айырмашылық бар ма? Болса қандай?

4. Мидың сұр заты мен ақ заты туралы не білесіңдер?

5. Ми қыртысы дегеніміз не?

Үй тапсырмасын сұрау бөлімін қорытындылау мақсатында мидың суреті бейнеленген тапсырма таратылады. Суретте ми бөлімдері көрсетілген, оқушылар аттарын тауып жазулары тиіс.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.

Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері және түрлі заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет. Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз және сезім мүшелері дегеніміз не екендігін қысқаша түсіндіріп өтемін.

Сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, тіл) суреттеріне жеке - жеке тоқталамын, әр қайсысының қызметі туралы айтып өтемін. Мысалы: көз - көру мүшесі, құлақ - есту мүшесі, мұрын - иіс сезу мүшесі.

Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар дейді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Биологиялық диктант.

И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген --------- негізгі үш:---------,---------- және ----------- буынынан тұрады.

------------ - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.

Жауаптары:

И. П. Павлов анықтауы бойынша, кез келген анализатор негізгі үш:

рецепторлар, жүйке жолдары және ми орталығы буынынан тұрады.

Сезімтал мүшелер - көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу рецепторлары.

Сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, тіл) суреттер

V. Қорытынды: Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, түсіндіріп қорытындылаймын.

VI. Бағалау: Жеке оқушыларды бағалаймын

VII. Үйге тапсырма: Анализаторлар туралы қосымша ақпараттар оқу

73. “Биосферадағы зат және энергия алмасу” тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз

Дәстүрлі формада өткізілген сабақ үлгісі.

Күні:

Пәні: Биология

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Биосферадағы зат және энергия алмасу

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға Биосферадағы зат және энергия алмасудың маңызы туралы білім беру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, биосфера ұғымымен таныстыру.

3.Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекіліктері: оқулықтағы суреттер, кестелер, презентация.

Әдісі: баяндау,жалпы сұхбат, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Құрал-жабдықтар: тақта, компьютер т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (6 мин).

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин).

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту (10 мин).

Ү.Сабақты қорытындылау (4 мин).

ҮІ.Білімді бағалау (2 мин).

ҮІІ.Үйге тапсырма (2 мин).

І.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): сәлемдесіп, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару .

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (6 мин).

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]