
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа үлгісі қалыптасуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі. Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, оқудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық - педагогикалық жиынтығы. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой - өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейге жұмыс жасай алатынында.
Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бірдей стандартты білім негізінде беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді.
Үшінші деңгейде: оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстарын жүргізеді. Эвристикалық (танымдық - іздену) сатының ерекшелігі - оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып белгілі бір мәселеге дұрыс жауап бере білуге дағдыланады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
Төртінші деңгей: қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты, яғни оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен түрлі тапсырмалар орындайды.
60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі - оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді
И. Н. Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
61. Адам және биосфера. Ноосфера» тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
«Адам және биосфера. Ноосфера» тақырыбын дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен өткізуге болады.
Дәстүрлі сабақ
Жаңа сабақ материалдарын мұғалім баяндайды, түсіндіреді. Оқушылар назарын аудару үшін сұрақтар қояды, тақырып түсіндіруде түрлі көрнекіліктерді (сурет, слайд, т.с.с.) пайдаланады.
жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: биосфера түсінігін ашу, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: жаңа білім беру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.
Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: биология, экология, география.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)
Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)
Сұрақтар қою арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру дәрежелерін тексеру.
Жаңа сабақ (20 мин)
Тақырыбы: адам және биосфера. Ноосфера
Түсіндіру әдісі: презентация арқылы түсіндіру, сұрақтар қою арқылы оқушылар белсенділігін арттыру
Жаңа сөздер: биосфера, тірі зат, биофильді заттар, ноосфера
Сабақты бекіту (10 мин)
Сөзжұмбақ, презентацияға шолу
Сабақты қорытындылау (4 мин)
Білімді бағалау (2 мин)
Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, әңгімелеу.
Дәстүрлі емес сабақ
Жаңа тақырыпты оқушылар мұғалім тапсырмасы бойынша өздері оқып, меңгереді, талдау жасайды. Мұғалім тек сабақ түрімен таныстырып, оқушыларға дұрыс бағыт береді.
Жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: биосфера түсінігін ашу, оның құрылымы мен қазіргі жағдайы жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: жаңа білімді өз бетінше меңгерту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақтың көрнектілігі: слайд, плакат, тест.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: биология, экология, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі (1 мин)
Оқушылармен сәлемдесу, өзін таныстыру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)
«Қатесін тап» тапсырмасын ортындату
Жаңа сабақ (20 мин)
Тақырыбы: адам және биосфера. Ноосфера
Түсіндіру әдісі: презентация арқылы биосфера ұғымымен және оның құрылысымен танысу. Оқушылар өз бетінше оқып танысады.
Сабақты бекіту (10 мин)
Презентация материалдары бойынша тақырып мазмұнын ашатын конспект- сөзжұмбақ жасау.
Сабақты қорытындылау (4 мин)
Сызбанұсқа «биосфера құрылымы, компоненттері»
Білімді бағалау (2 мин)
Үй тапсырмасы (2 мин): тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру.
62. «Түр және популяция» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
63. Экология және физика пәнінің арасындағы байланыстарға мысал келтіріңіз.
Экологияға әсері Жылу, жылыту процесі ғаламдық жылынуға әсері. Қоқысты жандырудың экологияға, озон қабатына әсері.
1,Жылу, жылыту процесі ғаламдық жылынуға әсері - үй-жайдың температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап тұру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. Негізінен, сумен Жылыту кең таралған. Мұнда жылу ыстық сумен жылыту құралдары арқылы беріледі. Сумен Жылыту жүйесінің құрамына су қыздырғыштар, жылыту құралдары (радиаторлар, конвекторлар, панельдер, т.б.); су құбырлары, су қызған кезде оның артық көлемін қабылдайтын ыдыс, бекітіп реттеу арматурасы кіреді. Сумен Жылыту жүйесі табиғи айналымға түсетін және мех. тәсілмен айналымға түсірілетін түрлерге бөлінеді. Біріншісінде су қыздырғышта ысытылған су және жылыту құралдары мен құбырларда салқындаған судың темп-раларының, тығыздықтарының айырымдары есебінен айналымға түседі. Екіншісінде су, негізінен, салқындаған суды қыздырғышқа беретін түтік құбырға орнатылатын циркуляциялық сорғының әрекеті есебінен жүреді. Бумен Ж-да жылу тасымалдағыш су буы бөлмелерде орнатылған жылыту құралдарына бу құбырлары арқылы беріледі. Бумен жылыту жүйелерінде будың жылыту құралдарында конденсациялануы кезінде бу түзіп жылу бөліп шығару қасиеті пайдаланылады. Бұл кезде пайда болған конденсат құбыр арқылы бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету торабына немесе жылытылатын үй-жайдағы қазандыққа қайтып оралады. Ж. мақсатында бу машиналарынан, турбиналарынан, т.б. шығатын бу да қолданылуы мүмкін. Ауамен Ж. кезінде үй-жай, олардың темп-расынан жоғары ауамен жылытылады
2,Қоқысты жандырудың экологияға, озон қабатына әсері -
1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.);
2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі);
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы.
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
66. «Адам қолымен жасалған биогеоценоз» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
. Мен бұл сабақты дәстүрлі емес әдісін қолдану арқылы өткіземін.
Күні: 20.11.2013ж
Пәні: Биология
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Адам қолымен жасалған биогеоценоз
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Биогеоценоз туралы жалпы түсінік
2.Дамытушылық: биогеоценоз жайлы білімдерін арттыру
3.Тәрбиелік: биогеоценоздың не екенін түсіндіру
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекіліктері: оқулықтағы суреттер, кестелер, презентация.
Әдісі: жалпы сұхбат, топтық жұмыс, оқушылар өз ара бір біріне түсіндіру,баға беру.
Құрал-жабдықтар: тақта, компьютер т.б.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (8 мин).
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин).
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту (8 мин).
Ү.Сабақты қорытындылау (5 мин).
YI. Білімді бағалау (1 мин)
ҮІІ.Үйге тапсырма (1 мин)
Сабақ барысы: I-топ тапсырмасы. Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу жәнеэнергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді. II-топ тапсырмасы Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер,консументтер, редуценттер құрайды. Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады. Қорытынды.