
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялых әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзінде асыру мұғалімнің біліміне, шеберлігіне, ізденісіне байланысты.
Экологиялық білім беру мәселесі жеке пәндер негізінде қарастырылғанымен бүгінгі күнге дейін инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру тұрғысынан толық зерттелмеген.
Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Осы орайда бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалы белгілері және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық оқыту технологиясы, П.И. Третьяковтың, К. Вазинаның моделді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П. Беспалько және т.б. ғалымдардың әдістемелік зерттеулері кеңінен таралған.
Қазақстанда білім алушыларға инновациялық тұрғыдан білім беру, оқыту мен білімді дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері көптеген тәжірибелі ғалымдардың еңбектері негізінде айқындалады (Ж.А. Қараев, Ә. Жүнісбек, Ш.Т. Таубаева, Қ.Қ Қабдықариев, С.Н. Лактионова, М.М Жанпеисова, Қ.М. Нағымжанова). Республикамыздың орта білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда.
Н.Нұрахметов Қазақстанда инновациялық ұғымды алғаш рет талдап берген ғалым-әдіскер. Оның айтуынша: «Инновация - білім беру мекемелерінің жаңалықты еңгізу, игеру және қолдануға байланысты ерекше бір қызметі», - деп көрсеткен.
Қ. Құдайбергенов инновациялық ұғымдардың қазақша баламасын жасаған алғашқы ғалым. «Инновация» ұғымын ол нақты, белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынған жаңа жетістік деп түсіндірді.
Экологиялық білім және тәрбие берудің жаңа бағдарламаларында негізгі экологиялық принциптер кездеседі (жан-жақты зерттеулер жүргізу, басшы маман кадрлар, білікті, экологиялық тұрғыда сауатты азаматтар даярлау, экологиялық мәселелерді туғызбау жолдарын қарастыру, адамдарды қоршаған ортаны қорғауға баулу). Сонымен қатар жаңа инновациялық ұғымдарды түсіндіріп, экологиялық білімді инновациялындыруды көздейді.
Оқушыларға инновациялық әдіспен экологиялық білім беру мақсатына қарай төмендегідей жүйеленеді:
оқушыларды экологиялық білім, біліктілік, инабаттылық, әдептілік, мәдениеттілік, тәрбиелілікпен жаңа бағытта білімдар ету;
экологиялық білімді басқа пәндермен байланыстыра отырып беру;
болашаққа табиғат үлесін қалдыруды үйрету;
жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай отырып, экологиялық мәселелерді талдап, өзіндік пікір, шешім қабылдауға жетелеу;
экологияның экономика және саясатпен байланыстылығын көрсете отырып, қоғамның даму деңгейін жоғарлату қажеттігіне қолдау жасау.
Қазіргі мектептерде оқу-тәрбие үрдістерінде инновациялық оқыту технологиялары туралы материалдар пайдаланылғанымен, экологиялық білім берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмұндары әлі де болса толық айқындалмаған, проблема теория жүзінде жеткілікті зерттелмеген.
Педагогикада табиғат арқылы экологиялық білім қалыптастыруды философиялық ой-тұжырымдармен байланысты түсіндіреді. Педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымдар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы арқылы ой-санасын қалыптастыру және білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді. Оқушының санасын дамытушы «табиғат сезіміне» үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының сомдалуындағы маңызын ашты. Адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарап, олардың арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді.
Педагогикалық әдебиетттерде инновациялық оқыту технологиялары арқылы экологиялық білім берудің мазмұнын анықтауға арналған ғылыми нұсқаулар мен озық тәжірибелер әлі де болса түгел жинақталып, дәлелдене қойған жоқ.
«Инновация» ұғымы XIX ғасырда алғашқыда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды (бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне еңгізу дегенді білдіреді).
«Инновация» ұғымы өте көлемді. Білім беру жүйесінде инновациялық ұғымдар өткен ғасырдың 80 – жылдары кеңінен тарала бастады. Инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Энциклопедияда бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп үш нәрсені айтады:
бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар;
бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар;
бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар.
«Инновация» ұғымы педагогика ғылымымен бірге жасасып келеді, бұл ұғым ежелгі педагогикалық еңбектерде кездесіп отырады. «Инновация» ұғымын жан-жақты зерттеген ғалымдар: М.М Поташник, А.С. Доринсов, В.И. Днепрова, В.С. Лазерева, П.И. Третьякова, Н. Нурахметов, Ш.Таубаева, Қ. Құдайбергенова, Н.Р. Юсуфбекова «инновация» ұғымына «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс-тәсілдер» деп түсінік берген.
Инновациялық үрдіс дегеніміз – жаңалықтарды жасау, оларды оқу-тәрбие әрекетінде қолдану.
Инновация дегеніміз – білім беру жүйесінің жаңаруына серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Қазіргі өмір талабына сай «педагогикалық технология» деген ұғым да қолданылып жүр. Педагогикалық технология дегеніміз – мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі өңдеу, дамыту және педагогикалық жүйелердің тиімділігі.
7. Инновациялық технологияның қажеттілігі, рөлі мен мәні жайлы ойыңызды жазыңыз
«Педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі тұрғыдан анықталады. Оның түрлері, тұжырымдылық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.
Технология сөзі грек тілінен аударылғанда techne - өнер, шығармашылық, logos – ілім деген мағынаны білдіреді.
40-50 жылдары оқу процесіне техникалық оқу құралдарын ендіру басталғанда «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып, кейіннен бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген.
50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шет елдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді.
60-шы жылдары оқытуда технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның негізін американдық психолог Б.Скиннер қалаған. Жаңа материалды меңгеруде ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыру. Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы білімді жоғары деңгейге көтеріп, тиімді ету.
70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы «оқытудың ақпаратты технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында болашақ мамандарды дайындау жүйесінің бірі – өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды.
80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен және мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін технологияландыру бағдарламасына сәйкес педагогикалық технологиялардың түрлері, мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу мәселелері қарастырылған (Б.С. Гершунский, В.М. Монахов, Н.Ф. Талызина, В.В. Давыдов, Т.И Ильина, Г.И. Щукина, Ж.А. Қараев, Е.И. Машбиц).
Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдірек деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген
(Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, С. Сполдинг, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В. Гузеев, Н.Д. Хмель,
Г.Т. Хайруллин).
И.П. Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.
В.М. Монаховтың айтуынша педагогикалық технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырып, бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: «Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы – оқушының жеке белсенділігі» - деген. Мұнда ең бастысы – білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан, қызығушылығы мен ынтасы бар, білім алу іскерлігі.
П.И. Пидкасистый: оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі – оқыту циклының ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс», білімді обьективті бақылау болып табылады. Оқыту технологиясы дидактиканың алдын-ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі.
Г.Т. Хайруллин: педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі).
Оқушылардың инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білімін дамыту үшін модульдік оқыту, деңгейлеп–саралап оқыту технологияларын, сонымен бірге компьютерлік және ақпараттық оқытуды пайдаланады.
Мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда инновациялық оқыту технологиясы оқушыларды өзі туып өскен тұрғылықты жердің табиғатын танып білуге, аялауға, қорғауға және экологиялық мәселелерді шешуге үйретеді.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық өзегі – сабақ болып табылады. Мектепте жүйелі түрде жүргізілетін сабақтың бірі – факультатив сабағы. Факультативтік сабақтар арқылы экологиялық білім беру және инновациялық әдіс–тәсілдерді қолдану – болашақтың азаматын даярлаудағы оқыту процесін барынша ізгілендіру. Оқу құралдары оқушының өз бетімен танымдық іс–әрекет жүргізе алатындай және қазіргі өзгермелі жағдайға бейімделіп қолданылатындай болуы керек.
Экологиялық білім көздері арқылы практикалық жұмыстар жүргізу, статистикалық материалдарды, жүйелі бақылауларды пайдалану, экологиялық ойындарды өткізу факультативтік сабақтардың оқу–тәрбиелік мүмкіндігін арттырады. Өлке тану материалын кеңінен пайдалану, туған жер табиғатының ерекшеліктері мен шаруашылық іс–әрекетін оқып–үйрену негізінде көптеген экологиялық, географиялық, экономикалық түсініктер нақтыланады.
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім беру кең сатылы үрдістен тұрады. Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру қажет. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа ісер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекше факторды қалыптастыр
Оқушыларға экологиялық білімді факультатив сабақтар арқылы беру, оны жүзеге асыру үшін инновациялық оқыту технологиясының тиімділігін анықтау мына міндеттердің шешіміне бағытталады:
модульдік оқыту технологиясы арқылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілетін арттыру;
компьютерлік және ақпараттық оқыту арқылы оқушыларға үздіксіз, жан–жақты экологиялық білім беру;
деңгейлеп–саралап оқыту технологиясы арқылы оқушылардың алған экологиялық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік жасау.
Аталған міндеттерді шешуге іс жүзінде педагогикалық процесті зерттеу әдістеріқолданылады (бақылау, сұрақ–жауап, бағдарламалар, оқулықтар мен құралдарды талдау).
Модулдік оқыту технологиясының өскелең ұрпаққа білім беруде, пән бойынша оқу бағдарламасындағы материалдарды меңгертудегі тиімділігі – оқушылардың өз беттерінше ізденіспен жұмыс істей білуі мен шығармашылық қабілеттерінің ұшталуында. Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Ол ақпараттардың аяқталған блогынан, оқушы іс–әрекеті бағдарламасынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі, оның талабы – осы мақсатқа жету, оқушының өзі іс–әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады.
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі – мектепте экологиялық білім беруде компьютерлік және ақпараттық оқытуды қолдану. Қазіргі таңда білімді ақпараттандыру жүйесін дамыту процесіне үлкен үлес қосатын, бақылайтын және тест жүргізетін бағдарламалар, компьютерлік ойындар, оқыту орталары, электрондық және мультимедиялық оқулықтар оқыту процесінде кеңінен пайдаланылуда.
Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жекеше меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Электрондық оқулықтар оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, керек мәліметтерді қарап шығуға және оқушылардың сыныптан тыс, өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді. Компьютерлік экологиялық ойындар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады. Компьютерлік және ақпараттық оқыту арқылы оқушыларға жан–жақты, терең әрі үздіксіз экологиялық білім беріліп отырады.
Оқушылардың экологиялық білім деңгейін тексеру үшін, деңгейлеп–саралап оқыту технологиясы қолданылады. Деңгейлеп оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Технологияның мақсаты бойынша әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалының меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп–саралап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімін нақты тексеруге болады. Тапсырмаларды қайталауға арналған бірінші деңгей өнімді іс–әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізінде жүзеге асады. Деңгейлеп–саралап оқыту технологиясында төрт деңгей айқындалады.
бірінші деңгей – міндетті оқушылық;
екінші деңгей – алгоритмдік;
үшінші деңгей – эвристикалық;
төртінші деңгей – шығармашылық.
I деңгей оқулықта берілген өтілген тақырып немесе тарау бойынша үй тапсырмасы сұрақтарынан құрылады. Яғни, мемлекеттік старндарт жүйесіндегі білуге тиісті білімді қамтиды.
II деңгей тақырып немесе тарау бойынша тапсырмалар, мәліметтер көлемін, негізгі етілген тақырыпты оқушылардың игергендігін анықтауға арналған. Мұнда қойылатын сұрақтар бірінші деңгеймен салыстырғанда күрделірек болады. Сұрақты викториналық, сөзжұмбақ түрінде қоюға болады.
III деңгей пән бойынша эксперименттік есептеулер, шығармашылық, ізденіс сұрақтарынан тұрады. Сұрақтар күрделі болып келеді. Танымдық-эвристикалық түрдегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың алған білімдерінің қаншалықты жеткілікті екендігі және тереңдетіліп оқылғандығы анықталады. Бұл мақсатта есептер шығарылып, экологиялық проблемаларды шешу арқылы оқушылардың білім деңгейлері тексеріледі.
IV деңгейде оқушылардың тәжірибелерді дәлелдеу, заңдылықтарды ашып, оқулыққа сүйенбей, өз бетінше, мұғалімнің көмегінсіз тапсырмаларды орындай алу қабілеттілігі анықталады.
8. Формальді экологиялық білім беру дегеніміз не, формалді білім беру негіздерін көрсетіңіз
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі XVIII ғ. соңы XIX – басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған. Білім беру мазмұны формальдық теория бойынша немесе дидактикалық формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму қабілеті ретінде қарастырды. Дидактикалық формализмді жақтаушылар ерте заманнан белгілі, мысалы Гераклиттің ойьшша «білімі көптік ақылды емес»Жаңа кезеңде дидактикалық формализм пайда болды, оның негізі И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. Оның пікірі бойынша оқытудың негізгі мақсаты «оқушылардың дұрыс ойлауы немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Қазіргі заманда білім берудің мақсаты -қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның іскерлік, білім. дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.