Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды

Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыу әдістемеесін өзгертеді.

Экология пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

Экология – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне енгізу қажет.

Себебі бүгінгі таңда - озық технологиялық құралдарсыз жаңа инновациялық технологияны меңгерудің төмендегідей жолдарына көңіл бөлу, оқытушы үшін сабақтың дұрыс нәтижесінде жетудің алғы шарты болмақ: жаңа инновациянық технологияны насихаттайтын нұсқаулар, әдістемелер, ақпараттарды жинақтап кеңінен танысу; жоспар құру; картотека жасау; оқу бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспар  жасағанда жаңа инновациялық технологияны қолдануға болатын тақырыптарды іріктеу; жаңа инновациялық технологияны пайдаланып жазып, семинарлар өткізу, баспа беттерінде мақалалар жариялау; жаңа инновациялық технологияның сабақта кейбір қажетті элементтерін кіргізуден бастау керек.

   Жаңа инновациялық технологиялар өз кәсіби міндеттерінің шешімін іздеу үстінде жүрген мұғалімдер үшін кең мүмкіндіктер туғызады. Жаңашыл технологиялар алдыңғы қатарлық үздік мұғалімдерді тартуға, оқушылар аудиториясын кеңейтуге жағдай туғызады.

49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі

Дидактиканың әдістемеден айырмашылығы неде? Білім берудегі ролі қандай? Басқа жағынан қарастыратын болсақ дидактикада, әдістемеде-педагогика ғылымына жатады, екінші жағынан қарайтын болсақ, олардың білім беруде атқаратын қызметі әртүрлі. Дидактика-педагогиканың құрылымының бір бөлігі, білім берудегі заңдар мен заңдылықтарды, қағидасын (принципін) мақсатын, мазмұнын, формасын әдіс тәсілдерін зерттеуші педагогиканың ғылым саласы. Дидактиканың объектісі-бұл білім беру, оқыту, үйрету. Ал білім беру дегеніміз белгілі бағытта, ұйымдастырылған түрде оқушымен оқытушының арасындағы, алдарына қойған мақсаттарына жетуге арналған, нәтижесінде оқушы білім мен қаруланып іскерлігін, шеберлігін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.

Методикаға қарағанда, дидактика білім берудің теориялық жағын зерттейді. Дидактика ең соңында мынандай сұрақтарға жауап береді. Оқыту, үйрету деген не? Не үшін, неге, қалай оқытамыз? Осы сұрақтарға жауап беру барысында, басқада көптеген мәселелерге жауап беруге тура келеді.

Дидактиканың басты мақсаты методикаға байланысты, оқушыларға білім берудегі біртұтастықты қамтамасыз ету, сонымен қатар мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдай білуге көмектесу.

Бірақ методиканы дидактиканың бір «қосымша» түрі деп қарастыруға болмайды. Әрбір методиканың өзіне тән мазмұны, мақсаты бар. Методикада оқу процессін басқаруда, оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамытуды басқаруда өзінің заңдылықтары бар.

Дидактиканың тағы да бір артықшылығы білім беру бағытын алдын ала болжау арқылы жаңа әдістерді, білім стандартын, жаңа оқу материалдарын, бақылау және бағалау жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «жеке дидактика» деген түрі бар, оның басты қызметі жеке пәндерді оқыту әдістерін үйрету, оқушыларды жеке-жеке категорияға бөліп оқыту (мысалы, бастауыш мектепке сабақ беру әдісі және жоғары мектеп оқушыларының дидактикасы деген сияқты), әртүрлі типтегі оқу мекемесі және оқыту формалары (күндізгі, кешкі, сыртқы). Басқаша айтқанда әрбір сабақ беру әдіс-тәсілдерінің өзіне тән объектісі-оқу пәні, белгілі категориялы оқушыларға бөліп оқыту (сурдоперевод, дарынды, жалпы білім беру .

50. Қазақстан Республикасы білім туралы заңы саласындағы мемлекеттік саясат принциптерін түсіндіріңіз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік

саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

51. Экологиялық білім берудің нормалық реттеуші құжаттарын талдаңыз

Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңда (1997), Қазақстан Республикасының экологиялық қауіп­сіздігін сақтау тұжырымдамасында (1997), Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында (1998), Экологиялық білім бағдарламасында (1999) қарасты­рылған. Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар мен бастауыш мектептерде ол қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі, ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қораға өскен шөп, бау-бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді. Содан біртіндеп табиғаттың сырт­қы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде, бала бойына саламатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл саладағы оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған танымдық дүниелер, ойындар, т.б. Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамы­тылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Эко­логиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конфе­ренциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т.б.). Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылыми­лығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, эко­логиялық білім беретін пәндердің (гео­графия, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады. Білім жүйесін оңтайландыру жағ­дайында экологиялық білім берудің ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі мектеп алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Экология пәнін барлық сыныпта өту мүмкін емес. Біз жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақ­тар өту, содан кейін барып жоғары сыныптардың бірінде (9 сынып) пән ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді экологияландыру жаңа буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады. Экологияға жақын пәндер оқулықтарында экологиялық материалдар берілмек. Бұл салада пәндерді эко­логияландыру арқылы экологиялық проблемаларды түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы эко­логиялық білім беретін курсты қалып­тастыру міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағыттың іске асуында елеулі қиындықтар кездесіп отыр. Оған пәндерді экологияландыруға белгілі бір пән мұғалімінің білімінің жетімсіздігі, ал пән ретінде экологияны оқытатын мамандардың жетіспеушілігі себеп. Сондықтан, бұл жүйеде жұмыс істейтін ұстаздарға экология ғылымының тео­риялық негіздерін оқып-үйрену, пәндер (география, химия, биология т.б.) негізінде экологиялық проблемаларды интеграциялау, биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастығын, оның антропогендік әсерлердің әрекетімен болатын өзгерісін өзара байланыстыра қарап оқыту міндеттері жүктеледі. Жаратылыстану пәндері балаларға экологиялық білім берудің негізгі саласы болуға тиіс. Экологияны факультативтік курстар арқылы оқыту, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, экологиялық са­бақ­тарды табиғат аясында өткізу жобалары Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында (2002) толық айтылған. Кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің де өз жүйесі бар. Бұл саладағы ең маңызды мәселе – экология пәнінің мұғалімдерін, табиғат қорғау мамандарын дайындау. Оларға қойылатын талап үлкен. Олар әлеуметтану мен адам экологиясының негіздерін, қоршаған ортаның пробле­маларын меңгеріп, негізгі экологиялық көрсеткіштерді өздігінен анықтай алатын маман болуға тиіс. Бұл жағдайлар Қазақстанның физи­калық географиясы, қоршаған ор­таны сақтау, экология проблемаларының өзара байланыстылығын, оларды жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды да қауымдаса іске асыру қажеттігін бай­қатады. Бұл пробле­малардың қайсысына болса да ғылыми көзқарас, негіз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]