Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз

Білім берудің негізгі формасы сабақ ең басты болып 1931 жылдан бастап әрі қарай дами бастады. Ең алғаш сабақ деген не, оған қандай анықтама беру керек деген сұраққа жауап берген Н.М. Верзилин. Сабақ оқу процессіндегі ең басты формасы ол сыныпта біртекті, біртектес біркелкі жастардағы балалармен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тұрақты күньізбегі кестесі бойынша өтіледі.

Оқыту тәсілдерін (Биология мен экологияны оқыту әдістерін) жіктеудің әртүрлі критерийлері. Н.М. Верзилин ажыратқан оқыту тәсілдерінің түрлері: логикалық (проблеманы қою, белгілерді анықтау, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу, қорытынды шығару және жинақтау), ұйымдастырушылық (жұмыс жоспарын ұсыну, оқушылар назарын демонстрация, т.б. арқылы аудару, жоспар бойынша жұмыс жасау, бақылау, нұсқауға сәйкес тапсырманы орындау), техникалық (орын дайындау, объект дайындау, құрал-жабдықпен жұмыс жасау). В.Ф. Шалаев бастаған әдіскерлер ұсынған оқыту тәсілдерінің жіктелісі: табиғи объектілерді демонстрациялау, кестелерді пайдалану, сызбанұсқа-диаграммаларды сызу, нақпішіндер, модельдерді пайдалану. Білім берудегі соңғы үрдістерді ескере отырып ажы­ратылатын оқыту тәсілдерінің түрлері: оқушының танымдық қызығушылығын арттыру, еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу, т.с.с.

«Ұғым» сөзінің түсінігі. Н.М. Верзилин мен В.М. Корсунскаяның Биология мен экология пәніндегі ұғымдарды топтастыруы: морфологиялық-анатомиялық-физиологиялық; қарапайым-күрделі-жалпы Биология мен Биология мен экологияның арнайы ұғымдары. Биология мен экология пәнінің құрылымын құратын басты Биология мен экологиялық ұғымдар. Биология мен экологиялық ұғым түрлері. Ұғымдардың біртіндеп күрделенуі. Қарапайым ұғымдардың күрделі ұғымдарға айналуы, арнайы Биология мен экологиялық ұғымдар, олардың ерекшеліктері. Жалпы Биология мен экологиялық ұғымдар, олардың қалыптауы. И.Д. Зверев, Б.Д. Комиссаров және т.б. әдіскерлердің ұғымдарды маңыздылығына қарай жіктеуі. І деңгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: «клетка», «организм», «популяция», «биогеоценоз», «биосфера». ІІ деңгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: қоректену, тыныс алу, өсу, даму, зат алмасу т.б. ІІІ дейгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: эволюцияның қозғаушы күштері, бейімделушіліктер, жеке даму сатылары т.б. Әр деңгейдегі ұғымдар арасындағы байланыстың маңызы, оның тірі табиғат біртұтастығын көрсетуі.

47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз

Нысандар құрамына қарай оқытудың материалдық және мұраттық (идеалдық) оқыту құралдарын жатқызамыз. Материалдық құралдарға: оқулықтар мен құралдар, кестелер, модельдер, макеттер, ақпараттық құралдар, компьютер, оқу-техникалық құралдар (ОТҚ), зертханалық жабдықтар, оқу орны, жиһаз, сабақ кестесі және т.б жатады.  Материалдық құралдар құрамында көрнекі құралдар ерекше орын алады. Олар үш топқа жіктеледі:  -көлемдік құралдар: модельдер, коллекциялар, құрылғылар, аппараттар және т.б.;  -баспа құралдары: суреттер, кестелер, портреттер, диаграммалар және т.б.; 

-проекциялық материалдар: дискілер, кинофильмдер, бейнефильмдер және т.б. Педагогика бойынша жаңа тақырыпты өту барысында әр түрлі үлгілер мен коллекцияларды қолдану мақсатқа сай келеді, оларды үш топқа бөлеміз: -табиғи-заттық (нақтылы заттар, әр түрлі нысан макеттері, фотосуреттер, суреттер және т.б.);  -шартты графикалық бейнелер (сызбалар, проекция түріндегі көрнекілік бейнелер, эскиздер және т.б.);  -белгілік (таңбалық) (графика, диаграмма, символдар және басқа да белгілік жүйелер). Мұраттық (идеалдық) оқыту құралдары – оқытушы мен студенттердің жаңа білімдерді меңгеру үшін қолданылатын бұрын меңгерілген білім мен біліктері болып табылады. Ойлау мұраттық (идеалдық) оқыту құралына жатады. Поляк дидакты В. Оконь оқыту құралдарын оқытушының іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жай және күрделі. Жай құралдар: 1) сөздік: оқулықтар және басқа да мәтіндер;  2) қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер және т.б. Күрделі құралдар: 1) механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б.; 2) аудио құралдар: магнитофон, радио, музыка ойнатқыш; 3) аудиовизуалды: дыбысты фильм, ТВ, бейнежазба; 4) оқыту үдерісін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе. Оқыту құралдары (педагогикалық құралдар) – оқытушының оқу үдерісіне ықпал етуде қолданатын барлық материалдар жиынтығы. Оқыту құралдарына педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылатын рухани және материалдық мәдениет заттары жатады. Модель ұғымы жүйелердің жалпы теориясының негізгі ұғымы, ал  модельдеу қуатты әдіс, тіпті көбінесе зерттеудің жалғыз әдісі болып та табылады. Зерттеудің бұл әдісі шынайы нысанды басқамен ауыстыруды, яғни материалды немесе идеалды түрімен ауыстыруды түсіндіреді. Кез келген нысанға қойылатын талаптың ең негізгісі оның нақты есептер шеңберінде оқып-үйренетін нысанға адекваттылығы, яғни сәйкестілігі және бар құралдармен жүзеге асырылуы. Нақты нысандар жасанды сызбалардың, суреттердің, карталардың модельдік ерекшеліктері арқылы сипатталуы мүмкін. Сипаты бойынша модельдер материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық модельдеу нысанның геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге нысанның ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады. Оқыту құралы дегеніміз жаңа білімді меңгеру үшін оқытушы мен студенттің пайдаланатын материалдық немесе идеалдық нысаны. Материалдық оқыту құралдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, модельдер, көрнекілік құралдары, оқу-тәжірибелік құралдар, электрондық оқыту құралдары т.б. жатады. Идеалдық оқыту құралдарына бұрын игерілген, жаңа білімді игеруге қолданылатын білім мен біліктіліктер жатады. Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]