
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
Жүйелі түрде оқушылардың білімін бақылау, бағалау оқу-тәрбие үрдісін белсендіре отырып, биологиядан оқыту әдістемесінің сапасын көтереді. Сондықтан оқушы мен оқытушының өзара қарым қатынас біржағына, тіпті төмен баға алғанымен де ешқандай көнерлікті, өкпелеу деген тудырмайды. Оқушы мен оқытушының бір біріне қайырымдылықпен сыйластығы ең басты фактор болып есептеледі.
Білімі, біліктілігі жоғары, мәдениетті, қайырымды мұғалімдер үшін жаман пән, оқушыға екілік баға қою арқылы жазалау деген болмайды, болмауыда керек.
Соңғы кезеңде, әртүрлі пікірлер айтылып бағалауды, бақылауды, тексеруді қысқарту керек, ЖОО-дағы бағалау түрін енгізу керек деген негізсіз ойлар айтылуда. Осындай пікірлердің басты дәлелі, оқушының білімін бағалауда туындайтын дайдамайлар.
Оқушының білімін бағалау – оның қызмет, іс-әрекетінің, еңбегінің және оқытушының да білім беру сапасының көрсеткіштері.
Білімін бақылай, бағалау, өткенді қайталап, бекіту. Одан әрі жетілдіру, талдау, тұжырымдау, ең ақырында білімін жүйелепбір нәтижеге жеткізу.
Дер кезінде және жүйелі түрде бақылау оқушыларды тәртіпке келтіріп, оның оқуға, білім алуға деген жауапкершілігін күшейтеді.
Оқушының білімін, біліктілігін, шеберлігін, іскерлік дағдылығын қалыпастыруға мүмкіндік береді.
Оқу кезеңінің басынан бастап, аяғына дейін бітіргенше мынадай іс әрекетті орындау керек: бақылау, бағалау, үйрету, тәрбиелеу, дамыту, ұйымдастыру мен қызығушылығын дамыту.
Осы атқарылған қызметтер оқу материалының көлеміне, күрделілігіне, жас ерекшелігіне, қабілеттілігіне, оқушының алпы дайындығына, дидактикалық мақсат міндетіне, құрылымына, логикалық танымдылық, шығармашылық белсенділігіне, әдіс тәсілдеріне, қарқынына байланысты.
Оқушының білімін бағалау деңгейі жіберілген қателіктеріне қарай қойылады: дөрекі қате, мәнісіндегі қате (существенный), майда қате (несущественный).
Мысалы, дөрекі қате – оқушы өсімдіктердің бөлімдерін мүшелерімен шатастырады.
Мәні-мәнісіндегі қате – ұғымдар мен терминдерге дұрыс анықтама бере алмайды, немесе биологиялық құбылыстарға талдау жасай алмайды.
Бірілжарым, майда қателер: түсіндіруге бірізділік жоқ, терминдерді жазғанда қате жіберу.
Оқушының білімін бақылау және бағалаудың талабы зор, обьективті принцип арқылы болуы тиіс: нашар оқитынға жоғары баға қоюға, ал өте жақсыларына төменгі бағалау деген ойдан алыс болған жөн.
Оқушының білімін бағалауда, оның жаман мінезіне, тіртібіне қарай жазаламау керек.
Теріс баға қойғанда оған әртүрлі өсиет айту, ақыл-кеңес айтуға болмайды.
39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- ақпараттық технология - ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмыстарын атқаратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және программалық-техникалық құралдардың жиынтығы; - ақпараттық технологиялар - ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары; - ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеудің, жеткізудің, таратудың, информатиканың есептеу мен бағдарламалық құралдарын жасаудың машиналы (ЭЕМ-нің көмегімен) технологиясы ; - ақпараттық технологиялар - адамдар білімін кеңейтетін және олардың техникалық, әлеуметтік процестерді басқару бойынша мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің және жеткізудің әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығы ; - кез келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып табылады, себебі оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат пен оның қозғалысы құрайды, ал компьютер қолданылатын оқыту технологиясын компьютерлік технология деп атаған неғұрлым қолайлы ; - қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және қазіргі техникалық құралдар жиыны ;
Оқыту технологияларын iрiктеу көрсеткiштерi :
өзiндiк-танымдық әрекетке бағыттылығы (оқушылардың өзiндiк-танымдық әрекетiн iске асыруы тиiс);
бiлiм мазмұнын интеграциялауға қолайлылығы (оқу материалының мазмұнының интегративтiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс).
Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетуге болады:
- ақпараттық технологиямен оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компъютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттарды кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді;
- ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың белгілі бір ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жүмысын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді;
- ақпараттық технологияларды пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар - мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және түсінікті түрде жазу, қажетті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау мәселелерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады.
Оқушылардың сауаттылығын жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі төмендегідей оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
1. Оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2. Нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
3. Материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Жоғарыда талған мәліметтер ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. .
40. Экология жене биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы дүние туралы біртүтас ғылыми көзқарас қалыптастастыру
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады. Табиғи – жаратылыстық бағыттағы пәндер табиғат құбылыстарының шын себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ антипол, айна, микро, макро және мегамер дүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми дүниетанымды қалыптастырады. Оқушылар өмірдің дамуындағы сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, ғылым мен техниканық адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар.
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер пәндері – әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық сезімін тәрбиелейді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады. Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін дәлелдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап, шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен байланыста қарайды. Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Бала өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды. Дүниетанымның прогностикалық қызметі арқылы бала қоғамның даму заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, бүгіні мен болашақты жасау туралы ұсыныстар айтады.
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу тәрбие процесінің мүмкіндіктері пайдаланылады