
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде қоршаған табиғи ортада антропогендік және техногендік әсердің күшеюіне байланысты экологиялық мәселелер күрделеніп кетті.
Қазіргі таңдағы экологиялық мәселелердің қауіпті көріністері аймақтық шөлейттену, топырақтың құнарсыздануы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының едәуір дәрежеде жұқаруы, қышқыл жауынның кенеттен пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белен алып және ұлы қалдықтардың жер бетінде сақталынуы қоршаған ортаға зиянын тигізіп отырғаны баршаға мәлім.
Жер шарында халық санының жедел өсуі, көптеген мемлекеттерде өндіріс пен автотранспорт саласының күшеюі, табиғи ресурстардың шектен тыс көп пайдалануы, коршаған ортаға немқұрайлы қарау, өздігінен реттелетін табиғи құбылыстар мен айналымдарға мүмкіндік бермеу, тілсіз тіршілік иелеріне кері әсер ету – осындай мәселелер адамның табиғатқа тигізетін зардабын арттыра түсті.
Табиғаттың осындай күйге ұшырауының, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының негізгі себептерінің бірі – экологиялық білім мен тәрбиенің, адамдардың экологиялық сауаттылығының, мәдениетінің төменгі дәрежеде болуынан.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты: білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау, ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және қызмет ету болып табылады.
Қазіргі заман талабы – барлық білім саласын жаңарту мен сапалық оқыту жоспарын көтеру болып отыр. Осы тұрғыда экология ғылымын жоғарлатып, түбегейлі жаңарту көзделіп, қолға алынуда.
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі мектеп қабырғасындағы оқушылардың қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Орта мектебінің алдындағы негізгі мақсат – жаңашыл оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, болашақ ұрпаққа жүйелі, сапалы, ғылыми дәлелденген білім беру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы қоршаған орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге күрделеніп отырған экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға аян. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізі – жеке экологиялық тәрбие істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі экологиялық оқу ағартуда қажетті білім, тұжырым, түсінік, сенімді қалыптастыруға бағытталады.
Экологиялық мәселелердің кешенді ғылымаралық сипаты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландырумен қатар экология пәнін мектепке енгізуді талап етеді. Жаратылыстану пәндері өтілетін сабақ мазмұнына сай экологиялық мәліметтерді өз тұрғысынан түсіндіруі тиіс.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс оқыту принципі және оның әдістемелік шарты ретінде дидактиканың орталық проблемасы болып табылады. Пәнаралық байланыс оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылымына байланысты, оқытудың әдісі, форма мен құралдары оларға тәрбие беру тәсілдеріне көрініс береді.