
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
Сабақтың тақырыбы: Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Раушан гүлділер тұқымдасы және бұршақ тұқымдастардың құрылыс ерекшеліктері, тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандылығына сипаттама беру.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың сана-сезімін ояту.
Тәрбиелік: Экологиялық білім беру. Оқушыларды табиғатты ұқыпты, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, кеспе қағаздар, гүлді өсімдіктің суреті, макеті.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты пысықтау.
Оқушылардың білімділік деңгейін анықтау.
Сұрақ-жауап алу.
Баобаб қандай өсімдік?
Медицинада дәрі ретінде қолданылатын қандай өсімдік?
Баобаб өсімдігі туралы қандай аңызды білесіңдер?
Құлқайыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді атаңдар?
Шитті мақта дегенді қалай түсінесіңдер?
Көсек дегеніміз не?
Мақта талшықтары қайдан алынады, оны қалай пайдаланады?
Мақта гүлінің құрылысын талдап, диаграммасын сызып, формуласын жазыңдар?
І. Кестемен жұмыс.
Мына берілген өсімдіктерді қай класс, қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыздар.
№ |
Өсімдіктер |
Класы |
Тұқымдасы |
1 |
Бамбук |
|
|
2 |
Қызан |
|
|
3 |
Соя |
|
|
4 |
Қойбүлдірген |
|
|
5 |
Шайшөп |
|
|
6 |
Көкпек |
|
|
7 |
Мақта |
|
|
8 |
Жауқазын |
|
|
9 |
Інжүгул |
|
|
ІІ. Кезең. Тест сұрақтары.
III. Жаңа сабақ.
Раушангүлді және бұршақ тұқымдастар қосжарнақты өсімдіктер класына жатады. Раушангүлді өсімдіктердің ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлшоғыры алуан түрлі болып келеді. Алайда бұлардың гүл құрылысы ұқсас. Жемісі – шырынды, құрғақ. Бұнақденелілер тозаңдандырады. Жемісі құстар, жарғанаттар және су арқылы таралады. Раушангүлділер тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Мысалы, бадамнан бағалы дәрі-дәрмек дайындалады, шие шайыры халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады.
Сабақты бекіту:
Раушангүлді өсімдіктер құрылысының ерекшелігі неде?
Раушангүлділердің құрылысы қандай?
Бұршақтың жемісі қалай аталады?
Бұршақтың орамжапырақ жемісінен айырмашылығы бар ма?
Раушангүлді өсімдіктердің пайда-зияны қандай?
Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы азотты түйнектердің маңызы қандай?
Үйге тапсырма.
Бағалау.
33. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, зоология сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
Экологиялық білім беру – Экологиялық білім беру дегеніміз –адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Пәні: Биология
Сыныбы: 6
Өткізілетін күні: 25.04.2011 ж.
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: бунақденелілердің сан алуандығын , олардың тіршілік ету ортасы және дауы туралы түсінік беру.
б) дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру.
в) тәрбиелік: тазалыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері: талдау, сипаттау , түсіндірмелі , сұрақ-жауап , репродуктивті
Сабақтың көрнекіліктері: графопроектор , плакаттар , кеспе қағаздар , слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Жаңа сабақты қорыту
ҮІІ.Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Көпжасушалы жануарлардың көбеюін оқып келу.
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
Көбею дегеніміз не?
Көбеюдің қандай жолдары бар?
Жыныссыз көбею дегеніміз не?
Гидраның бүршіктену тәсілімен көбеюі неліктен жыныссыз көбеюге жатады?
Шубалшаңды неліктен гермафродитті дейді?
Тілде деген не?
Өрмекшінің көбеюінде шубалшаңнан өзгешілік бар ма? Қандай?
Шубалшаңның жынысты көбеюі қалай жүреді?
Ұрықтану қайда жүреді?
Көбеюдің биологиялық мәні, маңызы неде?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру,
Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатыментаныстыру
Бунақденелілер 2 топқа бөлінеді.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Үш топқа тапсырма: Суреттеу тест.
Суреттер таратылады осы суреттерге қарап дамудың қай түріне жататынын анықтау және рет-ретімен дұрыс орналастыру.
1. Көбелек тобы
Толық түрленіп дамитын, шала түрленіп дамитын бунақденелілерді айырып орналастыр.
2. Балара тобы
Шала түрленіп дамитын бунақденелілерді сипатта.
3.Дәуіт тобы
Толық түрленіп дамитын бунақденелілерді сипатта
V. жаңа сабақты қорыту.
Үш топқа Блиц-турнир сұрағы қойылды.
І-топ
Бунақденелілердің дамуы неше сатыдан тұрады?
Көбелектің дернәсілін не деп атайды.?
Көбелектің құрсағында неше жұп жалғанаяқтары бар?
Дернәсіл қай кезеңде қозғалыссыз қалады?
ІІ-топ
Қуыршақтың денесі немен қапталған?
Көбелек жұмыртқасын қай жерлерге салады?
Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден не шығады?
ІІІ-топ
Шыбындар қандай жерлерге жұмыртқалайды?
Шегіртке қалай түрленіп дамиды?
Дернәсілдің құрсағында неше жұп жалғанаяқтылары бар?
Зауза қоңыз жұмыртқасын қай жерге салады?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Бунақденелілердің дамуы» тақырыбын оқу.
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау.
34. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, адам анатомиясы, физиология және гигиеанасы курсында сабақ өткізу мысалын көрсетіңіз
Тақырыбы: Қаңқа бөлімдері.
Мақсаты:
Білімді қалыптастыру:Қаңқаның атқаратын қызметін,тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Бас қаңқасы,дене қаңқасы,кеуде қуысы,иық белдеуі,қалдың еркін қозғалу қаңқасы құрлысы мен атқаратын қызметіне тоқталып кеңірек түсінік беру.
Тәрбиелілік: Адам үшін қаңқа бөлімдерінің маңызын,омыртқа жотасының атқаратын қызметіне тоқталып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қаңқа құрлысы,бассүйек.
Пәнаралық байланыс: Биология, экология
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: баяндау,жалпы сұхбат, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Құрал-жабдықтар: тақта, компьютер т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Үй тапсырмасын сұрау (6 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин)
Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
Сабақты қорытындылау (4 мин)
Білімді бағалау (2 мин)
Үйге тапсырма (2 мин)
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): сәлемдесіп, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Тері және бұлшық ет сезімі,иіс сезу және дәм сезу.
Жасырын сөзді тап!
.......... Тері сырқы ортамен қалай жанасады?(тікелей жанасады.)
...........Жылу және суықты рецепторлар қайда орналасады?(бетте және ерінде)
.......... Сипап сезу дегеніміз не?( тері сезімі.)
............Сипап сезу мүшесі кімдерде өте қатты дамиды. (соқыр адамдарда)
............ Дәм сезу бүршіктері неше дәм сезеді (ащыны,тәттіні,қышқылды,тұзды.)
1.Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?(тәтті)
2.Ауызға түске құрғақ тағамды ерітетеін сұйықтық?(сілекей)
3.Тілдің бүйір шеті қандай дәмді сезеді?(Қышқыл)
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспар:1.Тірек қимыл жүйесінің маңызы.
2.Бас қаңқасы.
3.Дене қаңқасы.
4.Кеуде қуысы.
5.Иық белдеуі.
6.Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы.
7.Аяқ қаңқасы,аяқтың еркін қозғалысы.
Оқушылар! Қаңқа бөлімдері деген жаңа сабағымызды бастаймыз.
Егер адамның тірегі------ қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?
ІҮ.Ұғымды байқау.
Бұл сөзсызбадан бүгінгі өткен тақырыптың сөздерін оқи аласыздар.
С ө з с ы з б а
Б |
Т |
а |
б |
а |
н |
а |
С |
с |
ү |
й |
е |
қ |
А |
б |
м |
и |
к |
Жасырын сөзді табыңдар.
1.....Омыртқа жотасы неше омыртқадан құралған.(33-34)
2..... Тірек қимыл бөліктерін жазыңдар.(қаңқа,бұлшық ет)
3........Адам қаңқасында неше сүйек бар.(200)
4.........Адамда доға тәрізді неше жұп қабырға болады(12)
5........ Жұлын қайда орналасқан.(омыртқа өзегінде)
Ү.Үй тапсырмасын беру.
Қаңқа бөлімдері
ҮІ.Бағалау.
35. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, жалпы биология курсында сабағақ өткізу мысалын көрсетіңіз
Дәстүрлі формада өткізілген сабақ үлгісі.
Күні: 02.10.2013ж.
Пәні: Биология
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету
Тәрбиелік. Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып дүниетанымдық көзқарастарын дамыту, өзінің ойын, пікірін еркін жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, оны дамыту.
Дамытушылық. Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып дүниетанымдық көзқарастарын дамыту, өзінің ойын, пікірін еркін жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, оны дамыту.
Пәнаралық байланыс: Биология, экология
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекіліктері: оқулықтағы суреттер, кестелер, презентация.
Әдісі: баяндау,жалпы сұхбат, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Құрал-жабдықтар: тақта, компьютер т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Үй тапсырмасын сұрау (6 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин)
Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
Сабақты қорытындылау (4 мин)
Білімді бағалау (2 мин)
Үйге тапсырма (2 мин)
Сабақ жоспары
«Макроэволюция туралы ілім» тақырыбын қайталау.
Органикалық эволюцияның басты бағыттары: биологиялық прогресс, биологиялық регресс.
Биологиялық прогрестің негізгі жолдары: ароморфоз, идиоадаптация, жалпы дегенерация.
Органикалық эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм.
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): сәлемдесіп, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру(6 мин). Мен бүгінгі сабақта оқушыларды екі топқа бөліп өткіземін. Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, сұрақтар және тест арқылы бағалаймын.
1.Сұрақтар:
Экожүйедегі қоректік тізбектер неше бөлімнен тұрады? Атап бер. (Продуценттер, консументтер, редуценттер)
Автотрофтар деген не?
Гетеретрофтар
Құрлық және су
2. Тест
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин).
Макроэволюция (макро және эволюция) — түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер….
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин).
«Бәйге» ойыны ойнатылады. Екі топ суреттегі ұяшықты таңдайды. Ұяшық ішінде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы балл жинайды.
Сұрақтар:
30 балл
Эволюцияның басты бағыттары (Биологиялық прогресс және регресс)
Биологиялық прогресс неше түрлі жолмен жүреді, қандай? (Ароморфоз, Идиоадаптация, Дегенерация)
Идиоадаптацияға мысал (Жануарлардағы қорғаныш реңі)
40 балл
Кейде тіршілік ортасының біршама тұрақталуына байланысты бірқатар мүшелер қажетсіз, артық болып, бірте-бірте жойылады. Соның нәтижесінде организмнің құрылыс қарапайымдалады. Бұл құбылыс не деп аталады? (жалпы дегенерация)
Регресс дегеніміз не? (Регресс — дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы.)
Ароморфозды кейде не деп атайды? (арогенез)
балл
Эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтаған ғалымдарды ата. (Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Щмальгаузен)
Регресстің латынша атауы. (лат. regresus — кері қозғалу)
Суретке анықтама бер (Скат (су түбінде тіршілік ету салдарынан(су тығыздығы басу әсерінен) жалпақ пішінді балыққа айналған) Идиоадаптация
Берілген кестені толтыр.
Эволюцияның негізгі бағыттар |
Сипаттамасы |
Мысалдар |
Ароморфоз |
|
|
Идиоадаптация |
|
|
Дегенерация |
|
|
Ү.Сабақты қорытындылау (4 мин). Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, түсіндіріп қорытындылаймын.
Сұрақтар:
Биологиялық прогресс және регресс дегеніміз не?
Ароморфозлың эволюциялық маңызы неде?
Биологиялық регресстің себептері қандай?
Жалпы дегенерация дегеніміз не?
VІ. Білімді бағалау (2 мин). Жалпы сыныпты және жеке оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма беру: Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары тақырыпты оқып, түсінік айту.
36. Экология жене биология мен басқа пәндер арасындағы пән аралық байланыстарды орнатыңыз
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі.Пәнаралық байланысты жүзеге асыру, жоғары оқу орындарында, орта білім беру мекемелеріндегі негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады.Пәнаралық байланыс педогогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.Пәнаралық байланыс педогогика ғылымының басты мәселесі болуы мен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектеп жүйесінің білім беру мазмұнын айқындаудың басты ерекшеліктері болып саналады. Пәнаралық байланыстарды оқыту процесінде қазіргі заманғы ғылыми танымның маңызды белгілерін құрайтын ғылым аралық байланыстарбың көрініс табуы ретінде қарастыру керек.Оқу тәрбие міндеттерінің ортақтығы оқытушыларды мақсаты бойынша ұқсастық, мазмұны бойынша пәнаралық сабақтарды ұйымдастыруға бағыттайды.Бұл міндеттер оқу бағдарламасының мазмұнын ашуда әр түрлі оқу танымдық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы мүмкін. Мысалы экология және биология мен басқа пәнаралық байланысқа физика мен математиканы алсақ болады.Физика математикамен үзіліссіз байланысқан. Математика физикаға эксперимент және теориялық зерттеулер нәтижесінде алынған физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті дәл бейнелеуді және жалпы тәсілдері мен мазмұны оқушылардың математикалық дайындығы деңгейімен тікелей байланысты.Физиканың бағдарламасы оқушылардың білімдерін ескеретіндей құрылған. Физиканың оқытушысына сабақтың жалпы математикалық тілін көрсету үшін, мектептік математика курсының мазмұнамен, ондағы терминологиялар мен оның түсіндірмелерімен танысуына тура келеді.