Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз

 «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру  мәселесі  қамтылады.

Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.

Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес, керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы үздіксіздік.

Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды. Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы. Демек, «үздіксіз білім беру» термині  әлемдік практикада осыдан алпыс жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жариялым  алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы  «өмірлік білім беру» идеясының орнына  «өмір бойы білім алу» идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.

Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда «үздіксіз білім беру» біріншіден, жеке тұлғаның даму кезеңдеріне  үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен мүмкіндіктері  сәйкес келеді.

Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды  негізге алу керек, атап айтқанда: үздіксіздік,  демократиялық,  жалпылық және т.б. ұстанымдар.

Үшіншіден,  үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша, бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі);   мамандарды даярлаудың көп  сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының  вариативтігі.

Осы қағидалардың негізінде  үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларын  қамтитын кешен қолданылады.     Бұл кешенде сабақтастықтың екі  принципі сақталады: төменнен жоғарыға  дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал, бұл білім беру сатыларының сабақтастығы  жүйесін қамтамасыз етеді:  отбасы → балабақша →бастауыш мектеп →арнайы орта білім → жоғары білім → жоғарыдан кейінгі білім (Білім жетілдіру.

Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып, экологиялық білім мен  тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі қажеттігі басты назарда болды.

Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып,  оны сабақтастықта жүргізуді  талап етеді.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының«Экологиялық білім беру жылы» деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы да дәлелдеп берді.

Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:

- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;

-  басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;

- қоршаған  ортаны  қорғау  саласынан ғылыми зерттеулердің, конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.

Философтардың , педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз.

Егер, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға  зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей  мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:

     Экологиялық сана — экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын  бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті  экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.

     Экологиялық таным — ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі,  табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.

Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.

Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы — табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада — экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.

Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына  сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.

Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.

Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.

27. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен сабақты талдау әдістерін түсіндіріңіз

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі

1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:

- Сынып деңгейі;

- Оқушылардың пәнге қызығушылығы;

- Сыныптың жұмыс қарқыны

- Білім, білік, дағдының қалыптасуы

- Әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас;

- Оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы

- Оқушылардың жалпы тәртібі.

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

- жүйке жүйесінің типі

- тіл табысушылығы

- көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

- оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;

- көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;

- өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

- импровизация жасай білуі

- техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

Жалпы ережелер:

1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбынақатысты үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6) Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

8) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.

Сабақты талдау әдістері мен түрлері

Педагогикалық сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің құрлымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.

Оқушылардың білім, білік іскерлігі мен сабақты талдаудың мақсаты:

-оқушыларды кәсіби мамандықты игеру деңгейі, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру;

-оқу-тәрбие процесінің құрлымымен мазмұның анықтау;

-оқушылардың білім, білік, дағды,іскерлік сапасын, деңгейін бақылау;

-мұғалімнің не шебердің кәсіби біліктілігін анықтау;

-мұғалімге нұсқау, педагогикалық шеберлікке жетуге көмек беру;

-мұғалімнің жетістігін анықтау, және оны жариялау

-мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтау,оны жоюға көмектесу

-мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды.

Оқытушы немесе оқу шебері:

-ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;

-теориялық білімділігі;

-педагогикалық мәдениеті;

-уақытты тиімді пайдалануы;

-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;

-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;

-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;

-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;

-сабағын өзіндік талдауы.

Оқушылардың сабаққа қатысуы:

-оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі;

-білімі дайындығы;

-жан-жақтылығы, логикалы ой-дәрежесі;

-практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;

-тәртібі мәдениеті, киіну мәдениеті;

-оқу-құралдарының сапасы.

Сабақтың өтілу барысы:

-сабақтың тартымдылығы;

-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;

-интенсивтілігі,тиімділігі;

-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;

-сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;

-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;

-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,

-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.

Оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақты талдауы төмендегі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:

-оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеттері;

-сабақтың негізгі құрлысы;

-оқу-материалды тиімді іріктеу;

-оқыту әдісін үйлесімді таңдап алу;

-оқушының жалпы білім, дағды деңгейі;

-оқыту әдісін даралауды жүзеге асыру;

-көрнекілік ожәне техникалық оқу құралдарын пайдалану;

-пәнаралық дайланыс және өмірмен байланыс;

-үй тапсырмасының берілуі;

-оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі,ұйымшылдығы,белсенділігі;

-уақытты тиімді пайдалануы;

-эстетика, санитарлық-гигеналық шарт;

-моралды-психологиялы ахуал

-Сабаққа деген талаптардың орындалуы.

Сабақты талдау парағында пән аты, тобы, қатысқан күні, оқытушының аты-жөні, сабақтың тақырыбы жаылады. Талдау соңында өткізген сабаққа жалпы пікір, ұсыныстар мен қорытындылар жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]