Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз

«Педагогикалық технология» ұғымының қолданысқа енуіне байланысты педагогикада екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі оқу процесінің барлық саласына техникалық құралдарды пайдалануға бағытталған. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. ЮНЕСКО құжаттарында «оқыту технологиясы» жалпы оқыту және білім қабылдау процесін жасаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Екінші мәселе оқыту процестерінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның біріңғай тиімді жүйесін құруды, оқу және оқыту функцияларын толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр. Мұнда

  • оқытудың мазмұнына;

  • мұғалімнің іс - әрекетіне;

  • оқушының даму деңгейіне;

  • оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған.

Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің 50-ге жуық түрі мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Білім саласын технологияландыру жөніндегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының бағыттарына тоқталсақ. Мысалы, п.ғ.д. В.В. Гузеевтің пікірінше, 1) дидактикалық бірліктерді ірілендіру; 2) білімді дифференциялдау мен оқытуды жоспарлау; 3) білім беру технологияларын психологияландыру; 4) білім беру салаларын компьютерлендіру мәселелерін бірлестіре қарастырған тиімді. Гузеев бойынша: Технология-бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды талдау ережесі деп түсіндіреді. В.В.Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып,былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып,оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын.Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді».

24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз

Тірі табиғат дегеніміз — биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар дүниесі, бытыранықтар дүниесі, саңырауқылықтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.

Оқущылардың табиғатқа қызығушылығын:

  • Қоршаған ортамен таныстыру, табиғат пен адам арасындағы байланысты;

  • Эмоциональді түйсік пен қоршаған ортаға жағымды қатынасты қалыптастыру арқылы;

  • Табиғат және адам қолымен жасалған табиғи элменттер туралы ұғым қалыптастыру;

  • Салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін қалыптастыру;

  • Өсімдік, жануар;

  • Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жолдарын түсіндіру арқылы қалыптастыруға болады.

Мысалы, ботаника сабақтарында өсімдіктердің алуантүрлігімен таныстырып, олардың морфологиялық ерекшеліктерін сипаттап беру; автотрофты, гетеротрофты; клеткалы, клеткалы емес; өсімдіктердің құрғақшылыққа, ылғалдыққа төзімділігі, аймақтарда таралуы, маңызы, қызметі, құрылысы, сирек кездесетін және реликті түрлері. Осылардың ішінде адам денсаулығына жиі қолданылатын емдік шөптердің қаншалықты маңызды екенін, олардың қай уақытта гүлдеп шығатынын, өсімдіктерге қалай күтім жасау керек екені маңызды және қызығушылықты тудырады.

Жануарлар әлемі де тіршілік орталарына байланысты жер беті, топырақ, су, организмдік орта арқылы тіршілік етеді. Су организмдеріне бентос, планктон, нектон, нейстон,т.б. Топырақ оргаиизмдеріне геобионттар, геофильдер, геоксиндер.

Жануарлардың ішінде қайсысы қауіпті екені және Қызыл кітапқа енген түрлер және аулауға тыйым салынған жануар түрлері, қазіргі кезде жойылып бара жатқан түрлердің маңыздылығы. Сонымен қатар арқар сияқты мүйізінің емдік қаситеі бар жануарлар оларды атуға тыйым салынғаны бәрі маңызды б.т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]