Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру процесін жүргізу керек. Бұл процесті оқыту үрдісінде  тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың жүйелі шешімін белгілеуде, шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, ізденіс іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс-тәсілдерінің бастапқы алгоритмдік жүйесі – логикалық ойлау операциялары. Сондықтан оқыту үрдісінде  білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі жасалды. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылды.

Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінің барысында жүйелі қолдану – шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттаудың негізі. Осы мақсатқа  жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:

1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:

- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалық операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;

- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір  кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды, сұрақтарды құруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде  қолдануды ендіру;

- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау;

Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.

Әлемдік психолого – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады. Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]