Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_sharipova_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
246.92 Кб
Скачать

20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз

Оқушыларға берілетін материал әрбір оқу пәнінің ішінде қарапайым түсініктердің белгілі бір жүйесіне  ілестіріледі. Мәселен, «биология» курсында келесі тараулар бөлініп  көрсетіледі: өсімдіктер, жануарлар, адам.  Мектеп пәндерін бөлшектеп, шашыраңқы оқыту оқушылардың  санасында әлемнің тұтастай көрінісін қалыптастыруды қамтамасыз ете алмайды. Мұндай шашыраңқылықты жеңу үшін бағдарламалар мен  оқулықтардың мазмұнында пәнішілік және пәнаралық байланыстар  қарастырылады, ал оқу жоспарына интегративтік сипаттағы пән енгізіледі.  Мысалы, математика сабақтарында мазмұны еңбектік оқыту, география,  биология сабақтармен байланысқан есептердің шешімін табады. Орыс тілі  сабақтарында оқушылар іскерлік қағаздарды толтыруды үйренеді, еңбек, математика, география және т.б. сабақтарында үйренген сөздердің  жазылуын осы орыс тілі сабағында бекітеді. Бір сабақта алынған білімдер  мен ептіліктері пайдаланылады. Мысалы, оқушылар математика сабақтарында геометриялық фигураларды сызуды үйренгеннен кейін бұл ептілік қол еңбегі сабақтарында бекітіледі, мұнда оқушылар дайын шаблондарды  пайдаланбайды, оларды өздіктерінен дайындайды.

Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алынған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.

Экологиялық принципі. Әр сынып сайын оқушының өзін-өзі байқауы, өз әрекетін басқаның тиімді әрекетімен салыстыру, қоршаған ортаға, табиғатқа адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

Биология- Цитология. Цитологияның міндеттері. Жасушалық теория. Жасушаның химиялық құрамы. Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі. Эукариоттар жасушаларының құрылыстық - функциялық құрылымы. Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Жасушадағы зат алмасу (метаболизм).

21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудық маңызды міндеттері:   

•  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы."Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді.Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]