
- •1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •4. Оқыту тәсілдерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
- •5. Экологиялық білім беру және экологиялық тәрбие ұғымдарына анықтама беріңіз
- •6. Инновациялық технология дегеніміз не және инновациялық технология жайлы көзқарастың дамуы туралы баяндаңыз
- •9. Сабаққа қойылатын негізгі талаптарды атаңыз және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру әдістерін көрсетіңіз
- •10. Сабақтың қандай түрлері бар, оларға анықтама беріңіз
- •12. Зертханалық сабақ дегеніміз не, зертханалық сабақты биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •13. Мектеп дәрісі дегеніміз не, мектеп дәрісі экология жене биологияны оқытудың бір формасы ретінде талқылаңыз
- •14. Экология жене биологияны оқыту әдістемесі - оқу пәні және ғылым ретінде маңызы
- •17. Семинар және топсеруен сабағын экология жене биологияны оқыту формасы ретінде көрсетіңіз
- •18. Экология жене биологияны оқытуды күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау дегеніміз не, мысал келтіріңіз
- •19. Оқыту әдістері» мен «оқыту тәсілдері» ұғымдарының арақатынасы
- •20. Экология жене биологияны оқытуда пәнішілік және пәнаралық байланысты пайдалану принциптері арасындағы айырмашылықты жазыңыз
- •21. Оқыту процесінің екіжақты сипатын, оқу процесінің жүйелілігі мен кешендігін, оның маңызын түсіндіріңіз
- •22. Экология жене биологияны оқытуда оқушылардың логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту дегеніміз не, мысал келтріңіз
- •1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:
- •23. В.В.Гузеевтің білім беруді технологияландыруға деген көзқарасын түсіндіріңіз
- •24. Экология жене биологияны оқыту процесінде оқушыларда тірі табиғатты зерттеуге бағытталған танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мысал келтіріңіз
- •25. Экология жене биологияны оқыту барысында отансүйгіштікке тәрбелеу, экологиялық, гигиеналық және эстетикалық тәрбие беруге мысал келтіріңіз
- •26. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздерін түсіндіріңіз
- •28. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптерін түсіндіріңіз
- •31. Баяндау, әңгіме тәсілдерін қолданып, сабақ берудің ерекшеліктері мысалын көрсетіңіз
- •32. Экологиялық білім беру әдістерін пайдаланып, ботаника сабағын өткізу мысалын көрсетіңіз
- •37. Экология жене биология курсында ең көп қолданысқа ие болған оқыту технологияларда таңдап, сипаттап жазыңыз
- •38. Оқушылардың білімін тексеру жолдарын қолдану арқылы формалары мен әдістерін дамыту
- •39. Биологияны оқытуда білім беру технологияларын қолдану арқылы логикалық ойлау мүмкіндігін дамыту
- •41. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін қолданып, сабақты талдаңыз
- •42. Пәннің енекшеліктеріне байланысты сабақтың жіктелулерін көрсетіңіз
- •43. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, стихиялық оқыту тәсіліне сипаттама беріңіз
- •45. Оқыту тәсілдерінің эволюциясының сызбанұсқасын пайдалана отырып, педагогтік оқыту тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •46. В.Ф. Шалаев және н.М. Верзилиннің оқыту тәсілдерін салыстырыңыз
- •47. Материалдық оқыту құралдары мен идеалдық оқыту құралдарының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •48. Неліктен озық технологиялық құралдарсыз бүгінде оқытудың нәтижелілігі артпайды
- •49. Дидактикалық принциптердің мән мағынасы мен маңызының сабақты толық меңгеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізудегі ролі
- •52. Экологиялық білім қалыптастырудың интеграциялау принципін түсіндіріңіз
- •53. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің элементі ретінде
- •55. Формальды және формальды емес экологиялық білім беру арасындағы өзара байланыс
- •56. Экологиялық дүниетанымды қалыптастыру үшін белсенді түрлер мен әдістерді ұтымды пайдалануды жүйелеңіз
- •XIX ғасырдың 20-30 жылдарында б.Е.Райков, к.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
- •58. Педагогикалық процесс атқаратын қызметер түрін құрастырыңыз
- •59. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді жасаңыз
- •60. Сабақ классификациясын и. Н. Казанцев бойынша құрастырыңыз
- •67. “Зәр шығару жүйесі” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз.
- •68. “Құрлық беті мен мұхит биомассасы” тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін көрсетіңіз
- •2.Биосферадағы заттар айналымы
- •84. Әдістеме ғылымы, оның қалыптасуы (құрылымдық құрамбөліктері) мен атқаратын қызметтерін талдап көрсетіңіз
- •86. «Оқыту әдісі» ұғымы жөнінде қорытынды
- •89. Экология жене биология пәнінің оқушының танымдық және ойлау қабілеттілігін арттырудағы ролі
1. Биологиялық сабақ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз
Биология оқу пәні ретінде пайда болуының тарихы ертеден басталады. Пәннің мазмұны мен құрылымы биология ғылымының даму деңгейіне қарай, сонымен бірге қоғамның эволюциялық дамуына байланысты алдына қойған міндеті мен мақсатына қарай өзгеріске ұшырап отырады. Ең алғашқы мектеп оқулығы «Жаратылыстану» бойынша 1786 жылы академик В.Ф.Зуев «Начертание естественной истории» деген атпен жарыққа шықты. 30 жыл бойы мектеп балаларын табиғатты тануда және білім, тәрбие беруде оқу құралы есебінде пайдаланылды.1828 жылдан кейін оқулықтың мазмұнына өзгерістер енгізілді. Басты өзгеріс К.Линейдің өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудегі идеалистік және метафизикалық идеялары.
Сабақтың түрлерін ажыратуда педагогикада да, биологияны оқыту әдістемесінде де әртүрлі критерийлер мен көзқарастар бар. Олар бір-біріне сәйкес келе бермейді.
Дидактика мен пәндік әдістемелерде сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай оның мына түрлерін ажыратады:
аралас сабақ;
жаңа материалды меңгеру сабағы;
қайталау сабағы, т.б.
Н.М. Верзилин мен В.М. Корсунская бойынша, биологиядан өтілетін материалдың сипатына қарай сабақтың келесі түрлері бар:
морфологиялық мазмұндағы сабақ;
анатомиялық мазмұндағы сабақ;
систематикалық мазмұндағы сабақ;
физиологиялық т.с.с. мазмұндағы сабақтар.
Н.М. Верзилин мен В.М. Корсунская ажыратқан сабақтар түрлерін жаңа оқу бағдарламаларына сәйкес биологиядан жоспарлау мүмкін емес, себебі, қазіргі кезде тірі организмдерді тек жекелеген бір жақтарынан емес, біртұтастықта қарастырады.
Бүгінгі күнге дейін биологияны оқытуда оның мазмұндық ерекшелігіне қарай көбіне сабақтардың мына түрлерін бөледі:
зертханалық сабақ;
сарамандық сабақ;
топсеруен сабағы;
дәріс сабағы;
семинар сабағы.
Қазіргі кезде сабақты технологиялық тұрғыда ұйымдастыру оны қарқындатуға (интенсивтендіруге), интеграциялауға (кіріктіруге) бағытталғандықтан, биологияның мазмұндық ерекшелігіне ажыратылатын сабақ түрлері таза күйінде емес, үйлестірілген, кешенді, яғни аралас түрінде өткізіледі.
Ескеретін жайт, мұғалім аралас сабақтың құрамындағы әртүрлі іс-әрекеттерге (зертханалық тапсырмалар, сарамандық жұмыс, т.б.) қойылатын талаптарды жете біліп, оларды толыққанды сақтауға міндетті.
2. Биологиялық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз
Биология(грекше βιολογία - βίος, bios, "өмір"; және λόγος, logos, "ғылым") -жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді. Биология мен экологиялық ұғымдар, олардың түрлері. «Ұғым» сөзінің түсінігі. Н.М. Верзилин мен В.М. Корсунскаяның Биология мен экология пәніндегі ұғымдарды топтастыруы: морфологиялық-анатомиялық-физиологиялық; қарапайым-күрделі-жалпы Биология мен Биология мен экологияның арнайы ұғымдары. Биология мен экология пәнінің құрылымын құратын басты Биология мен экологиялық ұғымдар. Биология мен экологиялық ұғым түрлері. Ұғымдардың біртіндеп күрделенуі. Қарапайым ұғымдардың күрделі ұғымдарға айналуы, арнайы Биология мен экологиялық ұғымдар, олардың ерекшеліктері. Жалпы Биология мен экологиялық ұғымдар, олардың қалыптауы. И.Д. Зверев, Б.Д. Комиссаров және т.б. әдіскерлердің ұғымдарды маңыздылығына қарай жіктеуі. І деңгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: «клетка», «организм», «популяция», «биогеоценоз», «биосфера». ІІ деңгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: қоректену, тыныс алу, өсу, даму, зат алмасу т.б. ІІІ дейгейдегі Биология мен экологиялық ұғымдар: эволюцияның қозғаушы күштері, бейімделушіліктер, жеке даму сатылары т.б. Әр деңгейдегі ұғымдар арасындағы байланыстың маңызы, оның тірі табиғат біртұтастығын көрсетуі.Оқушыларда Биология мен экологиялық ұғымдарды жас ерекшелігіне қарай күрделендіре отырып қалыптастыру жолдары.Биология мен экологиялық ұғымдардың оқушылардың жас ерекшелігіне қарай берілуінде реттіліктің маңызы. Күрделі Биология мен экологиялық ұғымдардың («макроэволюция», «табиғи сұрыпталу», «эволюцияның қозғаушы күштері», т.с.с.) Биология мен Биология мен экологияның соңғы курстарда берілуінің, ал «клетка», «организм», «зат алмасу» сияқты ұғымдардың пәннің алғашқы курстарында оқытулуының мәні. Тірі организмің құрылысы мен тіршілігін оқу кезінде қажетті ұғымның біртіндеп қалыптасуы. Біртұтас Биология мен экологиялық түсініктің (табиғат пайда болуы мен дамуы жөніндегі бүтін ғылыми көзқарастың) тіршіліктің құрылымдық деңгейлерін 9-сыныпта өткеннен соң (яғни, мектептің негізгі сатысын аяқтағанда) қалыптасатындығы. Биология мен экологиялық ұғымдардың жеке ұғымдардан жалпы Биология мен экологиялық ұғымдарға ауысуы. «Организмдердің даму сатылары», «тіршілік процестері», «бірлестік», «көптүрлілік», «тіршілік ортаға бейімделушіліктер» ұғымдарының сыныптан-сыныпқа күрделене отырып берілуі.
3. Оқыту әдістерінің эволюциясы ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз
Метод (әдіс-жалпы мәні)-белгілі тәртіппен немесе рет-ретімен алдына қойған мақсатқа жетудегі іс әрекет тәсілі. Оқыту немесе үйрету әдісі-оқытушы мен оқушының бірігіп іс-әрекет тәсілдері арқылы білімін, біліктілігін, дағдысын меңгере отырып дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Сондықтан да оқыту әдісі білім беру барысында оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынаста болып бір-бірімен түсінісу арқылы өте тиімді қолайлы жақтарын анықтап отырып әдістерді пайдалана білу. Енді осылардың ішіндегі ең кең тараған оқыту әдістерінің жіктелуін қарастырайық.
1.Сыртқы белгілеріне қарап мынандай әдістерге бөлеміз:
-ауызша үйрету әдісі әңгіме, кеңес, түсіндіру, ұғындыру.
-көрнекілік (сызба нұсқа, нобай, схема) кесте сурет, арнайы құралдар.
-практикалық (жаттығу, пратикалық және лабораториялық жұмыстар)
Бірақ әдістерді осындай түрде жіктеуде оқушының белсенділігін, өз бетінше іс әрекетін дұрыс есепке ала алмайды.
2.Оқушының оқу-танымдылық іс әрекетіне қарай мынандай әдістерге жіктеледі.
-безендіру арқылы түсіндіру (иллюстративный) (әңгіме, лекция түсіндіру кітаппен жұмыс)
-репродуктивті (алған білімін іс жүзінде пайдалану барысында, қайталау арқылы түсіндіру).
-материалды проблемалық мазмұндау (мұғалім бір проблеманы оқушылардың алдына қойып, оны өзі шеше отырып оқушылардың танымдық ойлау жолдарының тәсілдерін үйрету).
Эвристика немесе жартылай ізденушілік (оқушылар қойылған сұраққа немесе проблемаға өздері қатысып шешуге қатысады, бірақ оны толық шешуі қиынырақ болады, тек жартылай шешуге тырысады).
-іздемпаздыө зерттеу арқылы (шығармашылық тұрғыдан ізденіп білім игеру).
3.Дидактикалық қойылған мақсатқа байланысты жіктелуі:
-жаңа білім алу әдісі білімін, біліктілігін, дағдылықты практика жүзінде игеруді қалыптастыру әдісі.
-білімін, біліктілігін, дағдысы, іскерлігін тексеру және бағалау әдісі.
4.Оқыту әдісінің жіктелуіне сәйкес оқыту үрдісінің бір тұтастығына негізделіп мынадай топтарға топтастыруға болады:
-оқу-танымдылық қызметін іске асыру мен ұйымдастыру әдістері барысында мынандай әдістерге бөлінеді.
А)перцентивті (информацияны беру және қабылдауды сезім арқылы). Сөз, көрнекілік, практика, логикалық операцияларды ұйымдастыру және іске асыру. Гностикалық (зерттеу, іздену проблемаларды іздену, репродуктивті) өзін-өзі басқару арқылы үйрену іс-әрекетін қолдану оқулықпен өз бетінше жұмыс, құрал-жабдық, приборлар.
Б)Үйрену-танымдылық мотивтерін ынталандыру әдістері (оған жататындар оқуға, білім алуға деген қызығушылығын дамыту білім тәрбие алу барысындағы оқушының жауапкершілігінен басты парызын қалыптастыру).
В)Оқу-танымдылық іс әрекетінің тиімділігін өзі бақылау әдісі (ауызша, жазбаша, техникалық құрал-жабдықтар, компьютер, іскерлігін, дағдылығын шеберлігін).
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Дәстүрлі сабақ беру әдістері, ол сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі. Бұл әдістегі ең басты мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері бойынша қолданады. Бүл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу деп көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы кездерде тағы бір әдістер қосылды, ол – оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарауға болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.