Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BAR_1170_A__1178_ANA_1170_AT.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
841.6 Кб
Скачать

17.Импульс санағыштар.

Саналған электрлік импульстердің санын разряд б-ша ұяшықтарға жинастыратын құрылымды санағыштар деп атайды.Сан-р басқару құрылғыларында,ақпаратты түрлендіргіштерде,өлшеу техникаларында, сандарды басқару ақпараттарында және басқа да автоматтық құрылғыларда кеңінен қолданылады.Санағыштар функциялық белгілеріне қарай қосындылынатын,азайтылатын немесе реверстендіретін деп бөледі.Ұяшықтардың разрядтарының арасындағы байланыс тізбегінің түрі бойынша санағыштар:тікелей байланыстағы,тасымалдау және құрама тізбегінің санағышы деп ажыратылады.Қосындылаушы санағыштарда оларға келіп түскен импульстер қосындыланып,сонда сақталынады.Азайтқыш санағыштар әуелде санағышта сақтаулы тұрған сандардан келіп түскен импульстердің санын алып тастайды.Реверстік санағыштар сигналдардың таңбаларына қарай импульстерді қосу және алу амалдарын орындайды.Тікелей байланысты санағышта үлкен разрядтың кірісі мен кіші ақпараттық шығыстың арасында реактивтік үзбе болмайды,сондықтан үлкен сигналдардың деңгейімен басқарыла беріледі.Тасымалдау сан-да реактивтік байланыс бар.

18. Регистрлер-бұл сандық кодтарды бұйрық б-ша беріп,қабылдап және сақтайтын қасиеті бар логикалық элементтер мен триггерлердің жиыны болып табылады.Регистрлер оперативтік өңдеуге жататын ақпараттарды ұзақ емес мерзімге сақтау үшін ЭЕМ-де көптеген мөлшерде сақталады;регистрлерден,көбінесе,сигналдарды таратушыларды және автоматикалық жүйелердің блоктарында импульстердің блоктарында импульстерді санағыштарды қалыптастырады.Егер параллель регистрдің ұяшықтарын тізбектей қосса,онда жылжытушы регистрді алуға болады:үлкен разрядтың шығысын кішінің кірісіне қосады,яғни,алдағы ұяшықтың оң жақтағы триггерінің коллекторын келесінің кірісінің санағышымен байланыстырады,әрі байланыстың уақытпен импульстерді бөлу элементі болуы керек.

Регистр( лат. regіstrum— тізім, regestum — енгізілген, жазылған ) өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі;1.есептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы;2.процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әр түрлі арнайы ұяшықтар (registr). Дербес компьютерде программалау кезінде регистрлер тек Ассемблер тілінде немесе "төменгі" деңгейлі тілде жұмыс істейтін программалаушыларға ғана қолайлы болады;3.алфавиттік-цифрлық ақпараты теру және өңдеу кезінде төменгі регистр (lower — case) кіші әріптерге, ал жоғарғы регистр (upper — case) бас әріптерге сәйкес келеді.4.Музыкалық аспап немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі.5.Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы.Регистр үшке бөлінеді:жоғарғы,ортаңғы,төменгі.Әр Регистрдің дыбыс бояуы (тембрі) әр түрлі болады. Орган муз. аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да Регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей. Муз. аспаптың қай-қайсысының да болсын негізгі үш Регистрі болады. Мысалы: Регистр фортепьяно клавиатурасында былай орналасады: субконтроктава, контроктаважәне үлкен октава — төм., кіші және бірінші октава — ортаңғы, екінші, үшінші және одан жоғары қарай — жоғ. Регистр құрайды. Регистр әнші дауысында дауыс тембріне, диапазонынақарайды. Сондықтан әншілер дауысы сопрано, тенор, мецдо-сопрано, баритон, контральто, бас деп жоғ., ортаңғы және төм. дауыстарға бөлінеді.

22. Пассивті элементтер. Электр тізбектерін зерттегенде оларды активті және пассивті деп 2 ге бөліп қарастырамыз.Электрлік бөліктің активті тізбегі электромагниттік энергияның көздерінен тұрады. Активті элементтері- қорек көздері деп аталады. Пассивті элементтерде электромагниттік энергияның көздері болмайды. Пассивті элементтерге резисторлар, конденсаторлар, индуктивтілік орауыштары, жартылай өткізгішті аспаптар жатады. Пассивті бөлімі « П» әрпімен тікүшбұрыш болып белгіленеді. Параметрлер – пассивті элементтерді көлемдік бағалайтын шамалар, оларға кедергілер, сиымдылықтар жатады. Электр энергиясы түрленіп Жылу энергиясына айналатын тізбектің элементінің шамасы ауыстыру схемасында оның кедергісі R немесе өткізгіштігі g арқылы сипатталады .Мұндай элементтерді пассивтік элементтер деп атайды. Электр тізбегінің пассивтік элементтеріне кедергі, индуктивтік және сыйымдылық жатады. Соған сәйкес активті және пассивті тізбектер болады. Кедергі – тізбектің идеал элементін айтады. Оны жуықтап алғанда резистормен ауыстыруға болады ( « резистор» соңғы жылдарда техникалық әдебиетте « кедергі» терминінің орнына кеңінен қолданылып жүрген ұғым). Кедергіде, яғни резисторда электр энергиясының жылуға айналуы қайтымсыз прцесс түрінде өтеді. Кедергі r әрпімен белгіленеді, сол сияқты ол тізбектің элементіндегі кернеудің токқа қатынасына тең болып, оның сандық шамасын бағалайды., демек R = u/i Көзі бар тізбектің бөлігі үшін оның вольт – амперлік сипаттамасын құруға болады.Тізбектей қосылған тұрақты Е – э.қ.к –і көзі және r – кедергісі бар тармақ көрсетілген. Тармақ арқылы жүретін i – тогының шамасы және таңбасы жалпы жағдайда берілген э.к.қ көзінен ғана емес, электр тізбегінің басқа да бөлігінің 1 және 2 қысқыщтарына қосылған көздерінен де тәуелді болады.

Э. Қ.к – пен токтың көрсетілген бағыттарында, 2 – ші қысқыштағы потенциал 1 – ші қысқыштағы потенцалға қарағанда, э.қ.к – нен r – кедергісі арқылы i – тогі жүргенде түсетін кернеуді алып тастағандағы шығатын шамаға жоғары болады:U = u21 = E – ri Cондықтан осы теңдеу вольт – амперлік сипаттама тұрғызылады, оны сыртқы сипаттама деп атайды .Электр Сыйымдылық – өткізгіштің немесе өткізгіштер жүйесінің электр зарядтарын жинау және ұстап тұру қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Өткізгіштің (жеке оқшау өткізгіштің) электрлік сыйымдылығы – өткізгіштен шексіз қашықтықта орналасқан нүктенің электр потенциалы нөлге тең деп қабылданған және басқа барлық өткізгіштер шексіз қашықтықта орналасқан деп ұйғарған жағдайда өткізгіш зарядының (Q) оның электр потенциалы (U) қатынасына тең скаляр шама:С = Q/U.Жеке оқшау өткізгіш үшін электр сыйымдылық өткізгіштің өлшемдеріне, пішініне, сондай-ақ оқшаулаушы ортаның диэлектрик өтімділігіне (ɛr) тәуелді болады. Екі өткізгіш арасындағы электрлік сыйымдылық (екі өткізгіштің өзара электрлік сыйымдылығы) – өткізгіштер зарядтарының мәндері бірдей, ал таңбалары қарама-қарсы болған жағдайда және басқа барлық өткізгіштер шексіз қашықтықта орналасқан кезде өткізгіштің біріндегі зарядтың абсолюттік мәнінің осы екі өткізгіштің электр потенциалдары айырымының қатынасына тең скаляр шама:С = Q/(ɸ1–ɸ2).

Екі өткізгіштің өзара электр сыйымдылығы олардың өлшемдеріне, пішіндеріне, өзара орналасуына және олардың арасындағы ортаның диэлектрик өтімділігіне (ɛr) тәуелді болады. Электрлік сыйымдылық тың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі – фарад (Ф).Электрлік сыйымдылықты өлшеу үшін сыйымдылық өлшеуіштерді пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]