Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
772.1 Кб
Скачать

56 .Кристаллдарды сәйкестендіру қандай түрде жүреді?

Қорғаудың техникалық құрылғысы – бұл деректер мен ақпараттарды қорғауға тағайындалған негізгі және қосымша құрал – жабдықтар.

Ол келесі түрге бөлінеді:

• электрондық қорғау құрылғылары (ЭҚҚ);

• оптикалық. қорғау құрылғылары.

Эққ негізіндегі қайта бағдарлайтын тұрақты есте сақтау құрылғысы

Қорғау кілті бар арнайы кристалдар– әскери жүйеге қолдану үшін тағайындалған құрал – жабдық түрінде жобаланған. Оны пайдалану аппаратқа қосылуға қиындық туғызады. Кристалл тұрақты есте сақтау құрылғысында жазылған процессор және бағдарламадан тұратын 128 Кбитті қайта бағдарлайтын есте сақтау құрылғысын құрайды. Негізінен жадыда сақталған бір қорғау кілті бар бағдарланған екі кристалл пайдаланылады. Жадыдан кілтті тек кристалл процессоры көмегімен ғана таңдауға болады. Сондықтан бағдарланған кілт жүйе құрамында пайдаланушы қол жеткізу үшін тиімді болмайды. Операциялық жүйе жүктелу барысында басқару екі кристалда орналасқан бағдарламаға беріледі.

Кристаллдарды сәйкестендіру төмендегі түрде жүреді:

  • Қабылдағыш ұзындығы 64 биттік кездейсоқ сандарды елемейді;

  • сан жүйелік шина арқылы қабылдағышқа беріледі;

  • қабылдағыш сандарды құпия кілтпен кодалайды;

  • қабылдағыш шифрлеуді аяқтауды тексереді: кодаланған сандардың берілуін сұрайды; эталондық сандарды кодалайды, алынған санмен нәтижесін салыстырады және жұмысы қайталанады;

  • сәйкестендіру кезеңі орындағаннан кейін екі бағытта да оперативті жадыға енуге жол ашылады.

Екі жақты сәйкестендіру талап етілген қорғау дәрежесін қамтамасыз етеді.

57. Компьютерлік вирустар және олардан ақпараттарды қорғау құралдары.

Есептеу жүйесіне немесе желісіне бағдарламалық өніммен танысу, орындау, жою, ұрлау мақсатында рұқсатыз ену талаптары -компьютерлік қарақшылық деп аталады. Мұндай құбылыстың алдын-алу үшін операциялық жүйені, бағдарламалық жабдықты қорғауға, рұқсатсыз енуді бақылауға, бұзушылар категориясын және қолданылатын әдістерді анықтауға арналған қорғаныс түрлері бар.

Хакерлер категориясы:

  1. Хакер –дилетанттар;

  2. Хакер-мамандар(маманданған хакерлер) болып бөлінеді.

Дилетант хакерлер:

  • бағдарламаның тағайындалу мақсатын анықтау үшін қол жеткізуге тырысады;

  • ойын бағдарламаларына қол жеткізуге ұмтылады;

  • бұзақылық мақсатпен із қалдырып деректерді жойып жібереді.

Бұл категориядағы хакерлерге түрткі болған нәрсе, эмоциялық тілегін қанағаттандырудан бастап, жүйені басқаруды жүзеге асыру.

Виустар және „трояндық ат”тәріздес қолданбалар

Вриустар деп-пайдаланушының жұмыс бекеттерінде белгілі бір жағымсыз функцияларды орындау үшін басқа бағдарламаларға ендірілетін зиянды бағдарламаларды айтады.

Троян аты- жұмыс барысында ақпарат тарату қызметіне араласып кететін, іс жүзінде зиянды рөл орындайтын бағдарлама.

Сонымен, бағдарламалық вирус-басқа бағдарламалардың құрамына өзін-өзі ендіретін және одан кейін ақпараттық есептеу жүйелерде өзінен-өзі көбейетін және өзін-өзі тарататын қабілеті бар жеке жұмыс істейтін бағдарлама. Вирустардың көбі өз жұмысын компьютердің әрбір жүктемеленуі кезінде бастайтындай етіп оның жүйелік файлдарын өзгертеді. Мұндай вирустардың көбею мүмкіндігі өте жоғары. Әдетте вирустар СОМ және ЕХЕ файлдарға жақын жүреді.

Вирустарға және „трояндық аттарға” қарсы күрес тиімді вирусқа қарсы бағдарламалық қамтаманың көмегімен жүргізіледі. Вирусқа қарсы бағдарламалардың мысалы ретінде вирусқа қарсы сканерлер, мониторлар және иммунизаторлар сияқты түрлерін атап өтуге болады.

„Трояндық бағдарлама” деп мыналарды айтады:

  • функциялары пайдаланушыға мәлім бағдарламаның бір бөлігі болып келетін және оған зиян келтіру мақстында қосымша әрекет орындай алатын бағдарлама;

  • пайдаланушыға мәлім функцияларына жасырын әрекет орындай алатын бағдарлама.

Экрандық имитатор – пайдаланушылардың кодын, паролін анықтау мақсатымен қолданылатын терминалды немесе имитаторларды модельдеу бағдарламасы. Шын пайдаланушыға пароль ұсынушы экран шығады. Экрандық имитатор бұл парольді хакер файылына жазады да жұмысты тоқтатады. Қазіргі заманғы операциялық жүйелердің экрандық имитатор жұмысын тоқтататын құралы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]