Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
772.1 Кб
Скачать
  1. Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерідегі (аөаж) қорғау әдістері. Енуді шектеу.

Дербес компьютерлердің құрамында магниттік диск тасымалдаушылардың пайда болуы магниттік дискілерді қорғау жөнінде сұрақтың шығуына себеп болды. МД-ны қорғау сұлба түрінде шешілді. Сұлба жазбаның пішімін өзгерту әдісімен көшіру утилиттерінің жұмысын қалыпқа келтірді.

Мұндай қорғау түрін тек қана маман инженер ғана сараптап шеше алады.

МД-ны қорғау әдісі 2 қағидаға сүйенеді :

  • басқа дискіге көшіруге тосқауыл (көшіруден қорғау);

  • ашып көруге тосқауыл (алдын-ала ашып көруден қорғау).

Алғашқы қағида бағдарламаны рұқсатсыз көшіруден сақтайды. Екіншісі рұқсатсыз тексерістен сақтайды. 2 ереже-қағида бір-бірімен байланыссыз. Коммерциялық бағдарлама қорғаудың 2 қағидасын да пайдаланады.

Дискіні пішімдеу

МД – магниттік бетті пішімдеу барысында секторларға және сызықтарға (секторлар 0-7, жолсызықтар 0-39) бөлінген тасымалдаушыдан тұрады. Әрбір сектор адрестік белгі өрісінен тұрады (жолсызық басы, сәйкестендіру таңбасынан, деректер таңбасы мен деректер өрісі ).

Әрбір өріс сөз басынан, деректерден, бақылау сомасынан, эпилогтан тұрады. ДОS дискінің ең сыртқы жолсызығына орналасады. Бір жолсызық файлдық каталог астына резервтеледі. Тұрақты есте сақтау құрылғысында енгізу-шығарудың базалық жүйесі файлдарын санайтын бастапқы жүктеме блогы орналасады. Қазіргі кезде секторлар және жолдар саны берілген дискіні пішімдеуге арналған стандартты бағдарламалар бар. Физикалық магниттік маркер жолсызық және секторлардың (қатаң пішімдеу) жағдайын анықтайды. Иілгіш дискіні пішімдеу барысында әр жолсызық және сектор бағдарламаланады, ол адрестік өрісті санау арқылы жүреді. Секторлардың орналасуы еркімен жүреді. Пішімдеу утилиттері ДОS құрамында немесе компьютер арқылы жүреді.

Қорғаудың жақсартылған механизмі

Қорғаудың сигнатуралық әдісіне жататындар:

1. Ішкі жолсызық сигнатурасы. Пайдалану стандарты 0-39 дейінгі жолсызықтарды (0,34 Apple PC үшін ) пайдаланады.Қорғалған бағдарламада ішкі жолсызықты(пішімдеуді) пайдаланса, онда оны диск түпнұсқасын бекітетін сигнатура ретінде пайдалануға болады. Онда стандартты көшірмелеу кезінде оқылмайтын диск каталогын орналастыруға болады.

2. Аралық жолсызықтар сигнатурасы, Бастиекті аралық жағдайға қойып бекіту арқылы ақпаратты аралық (стандартты пайдаланбай) жолсызыққа жазуға болады. Көшірмелеудің стандартты бағдарламасы аралық жолсызықтағы бағдарламаны оқи алмайды.

3. Жолсызықты синхрондау. Егер стандартты пішімдеуде 0-сектор еркін орында орналасса, онда дискде синхрондалған жолсызықпен 0-секторы үнемі қатар орналасады. Синхрондауды пішімдеу бағдарламасы қуаттайды. Толтыру, жүктеу барысында дискдегі өздігінен жүктеу бағдарламасы 0-секторындағы салыстырмалы жағдайда тексереді, ол тұрып қалу уақытын тіркеу арқылы жүреді, егер тұрып қалу күтілетінмен сәйкес келмесе, онда өздігінен жүктеу өзгертіледі.

4. Жазбаны бұғаттауын тексеру. Жазбаны қорғаудың ең қарапайым әдісі-үзілген жерін (кілеймен) желімдеп сигнатура ролін атқару. Сигнатуралық әдістің негізгі мақсаты- диск ерекшелігін ескере отырып, көшірмелеуге қосымша қиындық туғызу. Стандартты құралдармен көшірмелеуде жұмысқа қабілетсіз көшірме пайда болады. Бұл әдістер стандартты тасымалдаушыны пайдалануға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]