
- •Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4) Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •5) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •6) Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •7) Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •8) Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9) Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •10) Физикалық өзара-әрекет пен қозғалыстың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз
- •11) Физика заңдарының классификациясын беріңіз.
- •12) Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •13) Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •14) Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15) Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •20) Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21) Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22) Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23) Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24) Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25) Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26) Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27) Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28) Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29) Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30) Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •31) Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •34) Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35) Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •37) Синергетиканың негізгі концепциялары.
- •38) Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •41) Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42) Хаостан реттілікке.
- •43) Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44) Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •46) Хх ғ. Вакуум концепциясы
- •47) Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •49) Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланыс.
- •50) Физикалық өзара әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51) Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
31) Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
Детерминизм (determino - латын сөзі, анықтаймын) Дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір зандылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады.
Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:
ресми
материалдық
қозғалысты
мақсатты
Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.
Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:
Қатаң детерминизм;
Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, ал қатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады.
Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.
Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.
Қажеттілік пен кездейсоқтық – диалектикалық материализмнің негізгі категорияларының бірі жұбы.
Ол – заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен біртектес. Қажеттілікке тұрақтылық тән, қажетті құбылыс белгілі бір жағдайда болмай қоймайды. Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен тумайтын сыртқы байланысын белгілейтін ұғым. Кездейсоқ нәрсенің болуы да, болмауы да мүмкін. Оған белгісіздік, құбылмалық тұрақсыздық тән. Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық мәселесін алғаш қойғандар – Ежелгі грек атомистері Левкипп пен Демокрит. Олар қажеттілік пен кездейсоқтықты өзара қатынаста қарасытрады. Демокрит ілімі бойынша бос кеңістікке қозғалатын атомдар болмыстың ішкі мәнін құрайды.
Қажеттілік пен кездейсоқтық ұғымдарының диалектикасын алғаш жүйелі түрде кеңінен көрсеткен – Гегель. Ол қажеттілік пен кездейсоқтықты мән мен құбылыс, мүмкіндік пен шындық, себептілік сияқты категориялармен байланыста қарастырады.
Диалектика материализмнің негізіг қалаушылар К.Маркс «Капиталында», Ф.Энгельс «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» және т.б. еңбектерінде қажеттілік пен кездейсоқтықтың объективтік мазмұнын, олардың қоғам тану мен табиғат танудағы методологиялық рөлін айқындап берді.
32) Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
Біздің Әлемді қандай болашақ күтіп түр? Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап ғалымдар Әлем эволюциясының модельдерін ұсына бастады. Сондай бір модель бойынша Әлемнің ұлғаюы оның қайтадан сығылуымен алмасады да, Әлемнің дамуы тоқтайды. Ал басқа бір болжам бойынша Метағаламның ұлғаюы бірнеше миллиард жылдардан кейін сығылуға алмасады, содан кейін қайта ұлғая бастайды. Үшінші бір гипотеза бойынша Әлемнің ұлғаюы мәңгі жалғаса береді.
Осы үш гипотезаны талдай отырып, ғалымдар "біздің Әлемнің және басқа әлемдердің болашағы осы әлемдегі заттардың тығыздығына байланысты" деген үйғарымға келді. Егер біздің Әлем заттарының тығыздығы белгілі бір тығыздықтан, айталық, сындық тығыздықтан (1028 кг/м3) артық болса, онда біз жабық немесе циклді Әлемде өмір сүрудеміз. Ерте ме, кеш пе гравитация кеңеюді тоқтатып, Әлем сығыла бастайды. Галактикалар өздерінің жеке күйлерін сақтай алмайды, демек, жұлдыздар жарылады, сөйтіп, аспан жап-жарық болып жарыққа толады. Ақыр аяғында, барлық материя шарға жиналады, кезінде бәрі де осыдан басталған еді. Егер заттардың тығыздығы сындық тығыздықтан төмен болса, онда Әлем шексіз кеңейе береді. Барлық жұлдыздардың жарығы уақыт өткен сайын шашырайды. Сөйтіп, галактикалар қараңғыға сіңіп жоғалады. Әлемнің жарылыстан кейін пайда болғанын (реликтивтік сәуле шығару, галактикалардың алшақтауы, т.б.) дәлелдеумен қатар Әлемнің тығыздығын және оның массасын анықтау ғылымның казіргі даму сатысында өте қиын және әзірге шешілмеген мәселе. Сондықтан да біз қазір анық қандай Әлемде (жабық па, ашық па немесе циклді ме) өмір сүріп отырғанымызды анық айта алмаймыз.
33) Химияның негізгі концепцияларының мәнін талдаңыз.
Адамзат баласы ежелгі уақыттан бастап табиғатты басқарудың, ұзақ өмір сүрудің, байлық пен молшылыққа жетудің негізгі жолдарын химия ғылымымен байланыстырды. Мыңдаған жыл бойы философия тасын іздеудің өзі – осыны дәлелдейді.Адамзат химиямен екі түрлі формада байланыс жасайды. Біріншісі – химиялық процестер мен адамзаттың тіршілік етуі, адам баласы сусыз, оттегісіз, қоректік зат есебінде қолданылатын химиялық қоспаларсыз тіршілік етуі мүмкін емес.Бұдан басқа адамзат химиямен материалдық өндірісте байланысқа түседі. Ал бұның өзі табиғат пен қоғамдағы байланысты тудырады. Химиялық технология заттың ішкі белсенділігін пайдалана отырып, механикалық және органикалық дүниенің арасында аралық орын алады.Ежелгі уақыттан басталған химизациялау процесі ХХ ғасырда өз шыңына жетті.«Адамзат – табиғат» жүйесінде жасанды жолмен алынған, өңделген, өзгертілген заттар толыққанды, негізгі элементтерге айналды.Полимерлердің синтездеу заттардан қасиеттері жаңартылған материалдар алу мүмкіндігін ашты.Химияның зерттеу пәні мен мазмұнына сипаттама беруге тырысқан көптеген анықтамалар бар. Кейбір ғылыми әдебиеттерде химияны – элементтер мен олардың қосылыстары туралы ғылым деп атайды. Ал, екінші біреулерінде – заттар мен олардың айналым туралы, үшіншісінде – заттың сапалық өзгерісі туралы ғылым деп қарастырылады.Арситотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтың, құрғақтық пен ылғалдың, жарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бұл кезеңде табиғат туралы білім жүйесін құраған – натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. ХХ ғасырдың өзінде биологиялық процестер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екедігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану тәжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты