- •Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4) Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •5) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •6) Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •7) Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •8) Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9) Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •10) Физикалық өзара-әрекет пен қозғалыстың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз
- •11) Физика заңдарының классификациясын беріңіз.
- •12) Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •13) Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •14) Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15) Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •20) Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21) Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22) Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23) Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24) Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25) Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26) Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27) Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28) Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29) Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30) Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •31) Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •34) Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35) Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •37) Синергетиканың негізгі концепциялары.
- •38) Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •41) Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42) Хаостан реттілікке.
- •43) Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44) Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •46) Хх ғ. Вакуум концепциясы
- •47) Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •49) Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланыс.
- •50) Физикалық өзара әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51) Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау; 2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;
Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;
Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды.
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар.
Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.
Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.. Ол классикалық жаратылыстанудың негізін қалады.
XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.
Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуының XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.
Ғылым дамуының бұл сатысынын өз ерекшеліктері болды:
1. Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дүниені өз заңдылықтары арқылы түсіндірумен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.
2. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттар болды.
Элементаризм – күрделі құрылымдардың қарапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.
Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару
Антиэволюционизм – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.
Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адамзат ақыл-ойы және табиғаттың тәәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.
Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола отырып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:
1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;
3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:
- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;
- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;
- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;
- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.
Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.
Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.
Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды. Г.Герц – электромагниттік толқындардың ашылуы;
- К. Рентген – қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;
- Дж. Томсон – электрондарды ашу;
- П.Н.Лебедев – жарық қысымы;
- М.Планк – кванттық идея;
- А.Энштейн – салыстырмалылық теориясы;
- Э.Резерфорд – радиоактивті бөліну.
1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бұл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезеңі болды. Ол материя мен оның құрлысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бұрынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен ұштасуымен байланысты болды.
Революцияның үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жалдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибернетикалық пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар бұл кезде физикамен қатар химия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тұтасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.
