Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kontseptsia_wpory.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
439.37 Кб
Скачать

26) Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады. Физикалық формуламен көрсетер болсақ:

Жерден қашықтаған сайын Жердің тарту күші мен еркін түсу үдеуі Жер центріне дейінгі ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал өзгереді. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы, жердің жасанды серігінің қозғалыстары , баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы, Жерге жақын денелердің қозғалысы, Денелердің жерге құлауы, Тасу және қайту, Сарқырамалар, Қол сөмкесінің ауырлығы, Жер атмосферасының болуы т.б құбылыстар динамика заңдарымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы түсіндіріледі.

Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Ол гректің astron – жұлдыз және nуmos – заң деген сөзінен шыққан.

Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жүлдыздар жүйелері шар немесе оралым (спираль) бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды.

Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда

жетеді. Жер Күнді айналып жүрген сегіз планеталардың бірі. Ай - Жерді айналып жүрген оның табиғи серігі. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді.

27) Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.

Джордано Бруноның өзі айтқандай: «Әлемнің центрі әрбір жерде, әрі перифирия да жоқ» осылай дей отырып, Бруно шексіз Әлемді айтқан болатын.

Қазіргі таңда әлемнің біртектілік принципі әлем шектерінің болмауын талап етеді, өйткені шектің өзі әртектілік болып табылады. Қазіргі заманғы космологияның негізі мынадай негізгі космологиялық принципта жатыр: әрбір бақылаушы уақыттың белгілібір мезетінде, орны мен бақылау бағытынан тәуелсіз, Әлемнің бір келбетін байқайды. Орналасу орнынан тәуелсіздік дегеніміз кеңістіктің барлық нүктелерінің теңдігі болып табылады, және бұл біртектілік деген атауға ие, бақылау бағытынан тіуелсіздік, кеңістіктіктегі беолігілі бір бағыттың болмауы- Әлемнің изотропиясы деп аталады. Изотропияның болмауы анизотропия деп аталады. Біртектіліктің болмауы артынан анизотропияны жетектейтін еді, алайда изотропияның болмауы әртектілікке әкелуі шарт емес.

Әлемнің біртектілік принципі мен инерция принципінің арасындағы байланысты талдау үшін, ең алдымен инерциялық санау жүйесіне тоқталайық. Инерциялық санау жүйесі- барлық бос денелердің түзусызықты бірқалыпты қозғалуының немесе тыныштық күйін сақтайтын санақ жүйесі. Немесе «Инерциялық санау жүйесі деп кеңістік біртекті әрі изотропты, ал уақыт біртекті болып табылатын жүйені айтады». Ньютон заңдары, сонымен қатар динамика мен классикалық механикадағы өзге де барлық аксиомалар инерциялық санау жүйелеріне негізделеді. Жалпы инерция - материялық денелердің механикадағы Ньютонның 1-және 2-заңдарында көрініс табатын қасиеті. Денеге сыртқы әсерлер (күштер) болмаған кезде немесе олар теңгерілген кезде, инерция дененің инерциялық санақ жүйесі деп аталатын жүйеге қатысты өзінің қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтайтындығынан білінеді. Егер денеге күштердің теңгерілмеген жүйесі әсер етсе, онда инерция дененің тыныштық күйі немесе қозғалыс күйі, яғни дене нүктелерінің жылдамдықтары лезде өзгермей, біртіндеп өзгеретіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда дене инерциясы неғұрлым көп болса, дене қозғалысы соғұрлым баяу өзгереді. Дене инерциясының өлшемі – масса. Сондай-ақ «инерция» терминін әр түрлі аспаптарға да қолданады. Бұл ретте инерция деп аспаптың белгілі бір тіркелетін шаманы кешіктіріп көрсететіні түсініледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]