- •39. Әлемнің Бейстационарлық моделіне сипаттама
- •27. Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар.
- •35. Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •26. Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •41. Генетикалық информациясының биохимиялық мәнін талдау.
- •6 Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •2 Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •1 Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •Қазіргі жаратылыстану принциптері
- •Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)
- •31. Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз
- •5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер
- •4 Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау
- •3 . Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •30. Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •36. Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау
- •8 Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9 Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •47. Космологиядағы антроптық принтциптің мәні
- •48. Космологиядағы құрдым мәселесін талдау
- •43. Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •34. Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •12 Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •37. Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәні
- •13. Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •Энтропия туралы ұғым
- •28. Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •51. Толқындық функцияның физикалық мағынасы
- •Шредингер теңдеуі
- •40. Тіршіліктін генезисі мен эволюциясы мәселесін мәселесін талдау
- •11. Физика заңдарының классификациясын беріңіЗ
- •24. Философия мен ғылымарасындағы байланыс
- •7 Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •50. Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғаты
- •Гравитациялық өзара әрекеттесу Бүл барлық әрекеттесулердің ішіндегі ең әлсізі. Өзара әсерлеуші денелердің массалары неғурлым үлкен болса, соғұрлым гравитациялық әсер жоғары болады.
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланыс
- •14. Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15. Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •29. Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •32. Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •46. Хх ғасырдағы вакуум концепцияларын талдаңыз
5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:ғылыми революциялардың аумағы;ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;ғылым дамуының тарихи кезеңі,ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.
Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.
Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.
Ғылымның басталу мәселелері
Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бұл сұраққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылстану пайда болған кезде (XV-XVII ғғ.) деп айтады.
Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша – ғылым – білім жиынтығы: қоғамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі тағы басқа.
Осы аспектілер бойынша ғылым:- ХІХ ғасырдың ортасынан бастап – мамандар дайындаудың жүйесі;- ХХ ғасырдың екінші жартысынан – қоғамның негізгі қозғаушы күші;- Жаңа уақытта - әлеуметтік институт- Ежелгі Грецияда – қоғамдық сананың формасы;- Адам мәдениетінің бастауында – білім және білімді өндіру қызметі.
Әр уақыт бойында әр қилы салалары пайда болды. Антикалық қазір әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта – қазіргі жаңа техникалар пайда болды, ал ХІХ ғасырда қоғамтану келді.Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.
Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір адамдардың бөлініп шығуы;3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық түрде кес-кіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы тағы басқа болуы керек. Осындай жағдайлар б.ғ. VII-V ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.
Ғылымның критерийлері:1) теориялық;2) ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;3) рационалдық (тиімділік);4) жүйелілік.
Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі (Египет, Шумер) цивилизациясы, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бұл кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.Индия мен Қытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті және діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жұлдызнама құрастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жұлдыздар құдайлардың бет-бейнесі есебінде қарастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.
Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдарАраб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басқа елдеродің Мысырдың, шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді. Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары әл-Мансур, парун ар-рашид әл-мамундар (VIII-IX ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. Парун ар Рашид даналық үйі (“Байт әл-хикма”) деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.
Антикалық ғылымСонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді.Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді
Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.
Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады
Ғылымның даму тарихы (жалғасы)
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары – астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар өазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық тұрғыдан түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрологияның дамуы да бұған себеп болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар – Коперник, Кеплер, Галилей тұрды.
Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғұрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасыр мектеп мен университет, тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, магикалық ойлауды да жоғары бағалады.
Дегенмен орта ғасыр дүниетаным ғылымдары шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан жаңа уақытқа дейін көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар
Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.
Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.
Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.
Сонымен, XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды, сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты ғылымдар дами бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:
1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;
3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясын алғашқы белгілері шықты, ол ХХ ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралық зерттеулер жүргізіле бастады (биохимия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар).
Жаратылстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенеді.
Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.
Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы болды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.
Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамның өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды.
Соған қарамастан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды.Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Қазіргі ғылым ХХ ғасырдың 10-80 жылдары аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:1. Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық релятивистік теориямен алмастыру. Мұның өзі әлемді алып механизм тұрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.- Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырады;- Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, бұған жаңа құрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:- Дүниенің ең алғашқы негізін табу сияқты мүмкін еместігі, материя шексіз екендігі түсіндірілді.
- Ғылыми білім бұрынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.- Классикалық ғылымға тән табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;- Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.- Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігін дәлелдейтін концепциялардың шығуы.- Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым ХХ ғасырда басымдылыққа ие болды.Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.
Әлемнің ғылыми бейнесі
Қоршаған ортаны танып білу үрдісінің арқасында адам санасында төңіректі танып білу нәтижелері білім, дағды, жүрiстұрыстар, қарым-қатынастар және тәртіптің түрлері ретінде орын алады. Адамның әлемді тану үрдісінің нәтижесінің жиынтығы дүниенің нақты үлгісін немесе суретін құрайды
Кеңестік ғылым философиясында (В.С. Степин), үш ғаламдық революция-ны атап көрсетеді: XVII-XVIII ғғ. "жаратылыстанудағы классикалық револю-ция"; XIX-XX ғғ. шебіндегі "жаратылыстанудағы классикалық емес револю-ция" және XX ғ. екінші жартысындағы "жаратылыстанудағы постклассикалық емес революция". Бұл кезеңденуге "классикалық жаратылыстану", "классика-лық емес жаратылыстану" және "постклассикалық емес" (қазіргі замандағы) жаратылыстану сәйкес келеді.
Әлем картинасы – нақты ғылымдар және олардың жиынтығы шеңберінде туындайтын, объективтілік нақтылық туралы жалпы түсінік.
"Классикалық жаратылыстануға дейінгі" кезең ( XVII ғ. дейін)
Әлемнің ғылыми картинасы "макрокосма" (табиғат) және "микрокосма" (адам) өзара байланысына негізделген интеграциялық сипатта болады. Оған сәйкес Жер Күн жүйесінде орталық орынды иеленетін, геоцентризм басым болады. Объективті әлемнің даму процестерін талдау кезінде циклділік (грек. kyklos - орта), яғни табиғат жүйесінің сол немесе өзге күйлері ауысуының қайталанғыштығы принциптерін пайдалану басым болады. Даму (диалектика) табиғи динамизмнің имманентті принципі ретінде қарастырылады.
"Классикалық жаратылыстану" кезеңі (XVII - XX ғ. басы)
Әлемнің ғылыми бейнесі анық белгіленген механикалық сипатта болады. Гелиоцентризм басымдық құрады, соған сәйкес Күн жер планеталық жүйесінің орталығы ретінде қарастырылады. Қоршаған әлем және оның объектілерінің тауарлығы туралы көзқарасты меңгереді, яғни олардың шығу тектерінің құдайшылдығы, ал әлем жөнге салынған істеп тұрған сағат механизмі ретінде беріледі.
"Классикалық емес жаратылыстану" кезеңі ( XX ғ. басы-ортасы)
Әлемнің ғылыми бейнесі аса механикалық түсінігін жояды және жаратылыстану-ғылыми циклдің ("әлемнің физикалық бейнесі", "әлемнің биологиялық бейнесі" және т.б.) нақты пәндерінің дамуымен байланысты, әлемнің жеке ғылыми бейнесі қалыптасады. Салыстырмалылық теориясының ашылуы арнайы да, жалпы да табиғи процестер және құбылыстардың табиғи орталықты көзқарасын меңгеруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар табиғатты объективті сипаттаудың (ньютондық мағынада) стереотиптері жеңіп алады. Енді сөз табиғаттың картинасы жайында емес, біздің оған деген қатынастарымыздың картинасы жайында болып отыр (В. Гейзенберг).
"Постклассикалық емес (қазіргі замандағы) жаратылыстану" кезеңі (XX ғ. соңы -XXI ғ. басы).
Әлем картинасы жеке ғылымидан жалпы ғылымиға өтеді. Ғаламдық эволюционизм түсінігі басым болады, соған сәйкес даму объективті нақтылық-тың барлық нысандарының имманентті атрибуты ретінде қарастырады. "Адам – биосфера - ғарыш" қатынасының, олардың өзара байланысында және бірлігінде элементтерді баяндайтын биосфероцентризм дамиды.
Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми бейнесі
Механикалық сияқты, әлемнің электромагниттік бейнесі де динамикалық (бірмәнді) заңдылықтардан құрылды. Ықтималдық тек біздің біліміміздің жеткіліксіздігіне байланысты рұқсат етілді, білімнің жетілуіне және оның кейбір бөліктерінің нақтылануына қарай ықтималдық заңдары динамикалық заңдарға орын береді деп ұйғарылды. Әлемнің қазіргі құрылымында біз, негізінен, басқа жағдайды көріп отырмыз — мұнда ыктималдық заңдылықтар динамикалық заңдылыққа келмейтін іргелі болып қалуда. Мысалы, фотон протонмен соқтығысқанда төмендегі көрсетілген түрленулердің қайсысы болатынын дәл айтуға болмайды:
γ + p → p + Π°,
γ + p → p + Π+,
γ + p → p + p + ṕ,
мұндағы Π°, Π+ сәйкесінше пи-нөл мезон және пи-плюс мезон, ṕ — антипротон. Тек осы ауысулардың біреуінің ықтималдығы туралы ғана айта аламыз. Қай бөлшектің ыдырайтынын да айту қиын, тек ыдыраудың ықтималдығы туралы ғана айтылады. Бөлшектердің өмір сүру уақыты ықтималдық табиғатқа ие, ол бөлшектердің өте көп мөлшердегі ыдырауының орта мәніне тең. Егер бөлшектің ыдырауының бірнеше сұлбасы болса, сол бөлшектің ыдырауы кай сұлба бойынша өтетінін алдын ала болжау мүмкін емес — тек сұлбаның біреуінің ыдырау ықтималдығының ғана мәні бар. Әлемнің қазіргі заманғы құрылымында кездейсоктық мәселе маңызды. Бұл жерде ол қажеттілікпен диалектикалық өзара байланыста, сондықтан ықтималдық заңдылықтардың іргелілігін анықтайды. Әлемнің қазіргі заманғы бейнесінде ықтималдықтың басымдылығы оның диалектикалығын атап көрсетеді. Әлемнің бұрынғы құрылымында вакуум бостық деп қарастырылды, оны тек салмақсыз құпия эфир ғана толтыратын. Ал әлемнің қазіргі көрінісінде вакуум әдеттегі түсініктегі бостық емес, ол виртуальдық бөлшектермен "толтырылған". Виртуаль бөлшек деген не? Бұл ұғым энергия мен уакыт үшін анықталмағандық қатынасымен ΔE = ħ/Δt — тығыз байланысты; қарапайым электронды сол электронның өзі шығаратын виртуаль фотондардың "бұлтымен" қоршалған деп көрсетуге болады. Электрон шығарған фотон анықталмағандық принципінен анықталатын Δt уақытта электронның өзіне кайта оралады, демек, сақталу заңына ешбір қайшылық болмайды. Сонымен, қазіргі әлемнің табиғи-ғылыми көрінісінің бұрынғыдан айырмасы барынша терең, барынша іргелі деңгейде қарастырылады.[1]
