
- •39. Әлемнің Бейстационарлық моделіне сипаттама
- •27. Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар.
- •35. Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •26. Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •41. Генетикалық информациясының биохимиялық мәнін талдау.
- •6 Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •2 Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •1 Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •Қазіргі жаратылыстану принциптері
- •Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)
- •31. Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз
- •5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер
- •4 Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау
- •3 . Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •30. Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •36. Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау
- •8 Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9 Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •47. Космологиядағы антроптық принтциптің мәні
- •48. Космологиядағы құрдым мәселесін талдау
- •43. Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •34. Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •12 Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •37. Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәні
- •13. Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •Энтропия туралы ұғым
- •28. Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •51. Толқындық функцияның физикалық мағынасы
- •Шредингер теңдеуі
- •40. Тіршіліктін генезисі мен эволюциясы мәселесін мәселесін талдау
- •11. Физика заңдарының классификациясын беріңіЗ
- •24. Философия мен ғылымарасындағы байланыс
- •7 Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •50. Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғаты
- •Гравитациялық өзара әрекеттесу Бүл барлық әрекеттесулердің ішіндегі ең әлсізі. Өзара әсерлеуші денелердің массалары неғурлым үлкен болса, соғұрлым гравитациялық әсер жоғары болады.
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланыс
- •14. Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15. Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •29. Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •32. Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •46. Хх ғасырдағы вакуум концепцияларын талдаңыз
1 Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым-қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі қоғамдағы сан-салалы мәселелер ғылымның көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі – латынша «Scientia» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім – адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым – тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Тәсіл дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал бұның өзі барлық зерттеушілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.Ғылыми тәсіл зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді.Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме – бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.
Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау – объективті жағдайдың құбылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау – объектілер тәралы мәліметтерді тіл құралдары арқылы жеткізу; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) – құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларды зерттеулер жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:
1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір тұтас жүйеге біріктіру;3) астракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.Қазіргі кездегі жаратылстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.Обьективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамды қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады. Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану-қоғамдық өмірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адамзатты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның құрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан. Мұнда заттармен олардың құрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы обьектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады.Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу обьектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салаларын қамтиды.Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы- физикалық химия, химиялық физика тағы басқа пайда болды.Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу обьектілері клетка мен клеткадан пайда болған барлық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мұнда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия тағы басқа дамиды.Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың құрылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пәні – Ғаламшар. Космология – космостық обьектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты – қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық құбылыстар мен жүйелер, құрылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім береді.
Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері. Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.