Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kontseptsia_shpooooooooooor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
375.1 Кб
Скачать

2 Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.

Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

ғылыми революциялардың аумағы;

ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;

жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;

әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

ғылым дамуының тарихи кезеңі,

ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.

Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

Ғылымның басталу мәселелері

Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бұл сұраққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылстану пайда болған кезде (XV-XVII ғғ.) деп айтады.

Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша – ғылым – білім жиынтығы: қоғамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі тағы басқа.

Осы аспектілер бойынша ғылым:

- ХІХ ғасырдың ортасынан бастап – мамандар дайындаудың жүйесі;

- ХХ ғасырдың екінші жартысынан – қоғамның негізгі қозғаушы күші;

- Жаңа уақытта - әлеуметтік институт

- Ежелгі Грецияда – қоғамдық сананың формасы;

- Адам мәдениетінің бастауында – білім және білімді өндіру қызметі.

Әр уақыт бойында әр қилы салалары пайда болды. Антикалық қазір әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта – қазіргі жаңа техникалар пайда болды, ал ХІХ ғасырда қоғамтану келді.

Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.

Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:

1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір адамдардың бөлініп шығуы;

3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық түрде кес-кіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы тағы басқа болуы керек. Осындай жағдайлар б.ғ. VII-V ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

Ғылымның критерийлері:

1) теориялық;

2) ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;

3) рационалдық (тиімділік);

4) жүйелілік.

Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі (Египет, Шумер) цивилизациясы, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бұл кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.

Индия мен Қытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті және діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.

Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жұлдызнама құрастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жұлдыздар құдайлардың бет-бейнесі есебінде қарастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді

.Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдарАраб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басқа елдеродің Мысырдың, шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары әл-Мансур, парун ар-рашид әл-мамундар (VIII-IX ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. Парун ар Рашид даналық үйі (“Байт әл-хикма”) деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының эәне Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.

.

Антикалық ғылым

Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді.Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептеліндіҒылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастадыАлғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы. Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқаларАналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады. Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]