
- •39. Әлемнің Бейстационарлық моделіне сипаттама
- •27. Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар.
- •35. Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •26. Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •41. Генетикалық информациясының биохимиялық мәнін талдау.
- •6 Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •2 Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •1 Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •Қазіргі жаратылыстану принциптері
- •Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)
- •31. Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз
- •5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер
- •4 Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау
- •3 . Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •30. Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •36. Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау
- •8 Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9 Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •47. Космологиядағы антроптық принтциптің мәні
- •48. Космологиядағы құрдым мәселесін талдау
- •43. Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •34. Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •12 Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •37. Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәні
- •13. Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •Энтропия туралы ұғым
- •28. Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •51. Толқындық функцияның физикалық мағынасы
- •Шредингер теңдеуі
- •40. Тіршіліктін генезисі мен эволюциясы мәселесін мәселесін талдау
- •11. Физика заңдарының классификациясын беріңіЗ
- •24. Философия мен ғылымарасындағы байланыс
- •7 Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •50. Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғаты
- •Гравитациялық өзара әрекеттесу Бүл барлық әрекеттесулердің ішіндегі ең әлсізі. Өзара әсерлеуші денелердің массалары неғурлым үлкен болса, соғұрлым гравитациялық әсер жоғары болады.
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланыс
- •14. Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15. Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •29. Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •32. Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •46. Хх ғасырдағы вакуум концепцияларын талдаңыз
24. Философия мен ғылымарасындағы байланыс
Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні қазір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септігін тигізеді, өзінің дамуындағы қиындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатқа, мысалы, ғылыми білімді тиімді құрылымдаудың, эстетикалык шығармашылықтың, әлеуметтік практиканың алдына қойылған максаттарға жету үшін колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән тұйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сөз болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір құндылықтық қатынастарды әкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын эмпириялық және теориялық әдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.
7 Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
Физика – табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын.
Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр.Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.Физикалық заңдылықтарды екіге бөліп қарастыруға болады: үдемелі және статисти-калық. Үдемелі заңдылықтар өзінің классикалық үлгісін Ньютонның механикасынан және Максвеллдің классикалық элоктромагниттік қағидасынан бастауын тапты.Осы заңдылықтар белгілі бір құбылыстар арасындағы бірмәнді байланысты беріп, сол заңдылықтардың келешектегі дәлме-дәл күйін бастапқы шарттарға сүйене отырып анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық заңдылықтар динамикалық заңдылықтарға қарағанда бірмәнді қасиетке ие емес құбылыстарды сипаттайды. Статистикалық заңдылық жаппай бірыңғай көріністердің көпшілігінің қайталанғыштығының нәтижесі болып табылады, әрбір құбылыс кездейсоқ мәнге ие. Статистикалық заңдылықтар ауыр радиоактивті элемент ядросының ыдырауы кезінде жүзеге асады, яғни бұл заңдылықтың орындалуы сыртқы факторлардан тәуелсіз